Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
декларация о доходах и имуществе госслужащего.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
118.27 Кб
Скачать

2. «Қмг-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайының сипаты, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігінің 2010-2006 жылдар аралығына талдау

2.1 «Қмг-Астана» жшс-ң қалыптасуы мен қаржылық сипаты

Құрылу уақыты: 10 қыркүйек 2010 ж.

Жарғылық қор: 15 246 291 тг.

Қызметкерлер саны: 598 адам.

Құрылтайшылыр: «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ.

Заңды мекені: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 61А.

Нақты мекені: Астана қаласы, Ақ-Бұлақ-2 шағын ауданы 3.

Құрылу тарихы

«ҚМГ-Астана» ЖШС, бұрын «Алматы-Астана-Бурабай» ЖШС «ҚазМұнайГаз»СҮ» ЖАҚ жалғыз қатысушының филиалдық желісін қайта құру жайлы шешімі бойынша №123 бұйрығымен 11.08.2010 ж. бастап атын өзгертті.

«ҚМГ-Астана» ЖШС Астана қаласының Заң Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп 10.09.2010 ж. бастап №10107-1901-ЖШС куәлігін алды.

«ҚМГ-Астана» ЖШС негізгі іс-әрекет түрлері

  • Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы;

  • Өзіне ЖҚС-н, көлік жуу және кемпингтерді қосатын жанармай құю кешендері мен мұнай базаларын қолданысқа енгізу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстары;

  • ЖҚС-рын және мұнай базаларын қолданысқа енгізу мен жөндеу;

  • Мұнай өнімдерін экспортқа өткізу.

Мақсаттары

  • «ҚазМұнайГаз»СҮ» АҚ құрылымы шегінде тиімді сауда компаниясын құру;

  • Бұрын делдалдармен алынатын табысты қайта бөлу және өнімді жылжыту кезеңдерінен делдалдарды шығару жолымен соңғы тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамсыздандыру.

  • Делдалдарды шығару арқасында қосымша табысты алу және серіктестіктің өзін-өзі өтеушілікке шығуы.

  • Қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру әдісімен жоғары білікті өндірістік және басқару персоналын қалыптастыру.

  • Тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде бәсекелестікпен қамтылмаған аудандарда «бірінші қадам» артықшылығын пайдалану.

Даму бағыттары

  • ЖҚС сатып алу және салу жолымен мұнай өнімдерін өткізудің бөлшек сауда желісін кеңейту.

  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру және оны серіктестікті басқару процесіне енгізу.

Бөлшек сауда желісін кеңейту бағдарламасы

  • Жұмыс істеп тұрған ЖҚС-рын сатып алу мен жаңаларын салу жолымен ЖҚС желісін құру.

  • Мұнай өнімдері нарығының үлесін арттыру

  • Өзінің сапалы мұнай өнімдерімен және қызмет көрсетудің жоғары мәдениетімен әйгілі компания ретінде бәсекелестер мен клиенттердің алдында танылуына қол жеткізу.

Кәсіпорынның құрамына келетін болсақ, серіктестік бас директор, оның екі орынбасары, екі атқарушы директоры, тоғыз бөлімнен және өндірістік персоналдан құралады (ҚОСЫМША Б).

2-кесте «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң несиелері

Мың тг.

Қазақстан Халық Банкі көрсеткіштері

Қарыз сомасы

Негізгі қарыздың өтелуі

Сыйақылардың өтелуі

Негізгі қарыз қалдығы

Сыйақы қалдығы

440 000,0

90 000,0

26 400,0

350 000,0

23 476,7

АТФ Банк көрсеткіштері

Қарыз сомасы

Негізгі қарыздың өтелуі

Сыйақылардың өтелуі

Негізгі қарыз қалдығы

Сыйақы қалдығы

500 000,0

0

27 000,0

500 000,0

33 166,7

*Ақпарат көзі: «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің 2006 жылдың басындағы қаржылық есептемесі.

№7//54-2012, 27.01.2012 ж. Бастап Қазақстан Халық Банкімен кредиттік келісім және оған №1 қосымша келісім бойынша 1 жылға 440 000 000 тг сомасына кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік желісі шегінде 2006 жылдың қаңтарынан маусымына дейін мұнай өнімдерін сатып алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 440 000 000 тг алынды. 90 000 000 тг мерзімінен бұрын өтелді.

Қазіргі уақытта банктік сыйақылар 49 876 666,67 тенге 68 тиын құрайды. Негізгі қарыз сомасы 350 000 000 тг құрайды.

№К026-2006 13.01.2006 ж. Бастап банктік қарыздың келісімі бойынша «АТФ Банк» АҚ-мен жаңартылатын кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік желісі шегінде 2006 жылдың қаңтарынан маусымына дейін мұнай өнімдерін сатып алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 500 000 000 тг алынды,

Банктік сыйақы 60 166 666,68 тг құрайды, оның ішінде 27 000 000 тг өтелді.

2006 ж. Басында «ҚазМұнайГаз»СҮ» АҚ сомасы 800 000 000 тг 1 жыл мерзімге пайызсыз қаржылық көрсетілді.