Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Си лекция каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.05 Mб
Скачать

2.2.2 Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне сан, идентификатор, константа, айны­малы және функция, өрнек ұғымдары кіреді.

Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәлі­мет­тердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мән­­­дері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін алгебра кур­сын­дағы белгілеу­лерге ұқсас шартты атаулар пайда­ланы­лады. Бұл атау­лар әр түрлі мәндер­ді (сандық мән, символдық мән, т.с.с.) қабыл­дауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.с.с. Қазіргі дербес компьютерлер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дәрежесі дегенді білдіреді, ал р- дәреженің өз мәні. Мысалы:

Кәдімгі жазылуы

Си тілінде жазылуы

145

145

147,125

147.125

-6,045

-6.045

12*1014

12Е+14

-0,52*104

-0.52Е4

5,2*10-12

5.2Е-12

-45*106

- 45Е6

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тіл ережесі бойынша бірнеше констант типтері болады, мысалы, символдық, бүтін, нақты константтар, т.б.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен констант программа алдында сипат­талуы тиіс. Олардың компьютер жадында алатын орны типтеріне байланысты болады. Константтар мен айнымалылар идентификатормен белгіленеді.

Атау – идентификатор (іdentіfіcatіon – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және прог­рам­мадағы тұрақтыларды, типтер­ді, айнымалыларды, функциялар­ды, файл­дар­ды және тағы басқа­ларды белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:

char f;

long z, t;

int a, beta, baga;

float b5, k, n;

int y = 10;

Қолданылатын негізгі типтерге мыналар жатады:

char short int long float double

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды, соңғы екеуі – нақты сандарды өрнек­тейді, char типі компьютерде бір символды (байт) бейнелейді.

Константалардан, айнымалылардан, функциялардан және операциялар таңбаларынан өрнектер құралады.

Арифметикалық өрнектерде мынадай операциялар: + - * / % болады. Жалпы өрнектер бір жол бойына жазылады және олардағы операция реттілігі жақшалармен анықталады. Өрнектерді жазу мысалдары:

і = і+1; k = 5.35; x1= (-b+sqrt(b*b-4*a*c))/(2*a) ;

y = sqrt(sin(x)+1); c = 2*pі*r; R = 19.36;

Түйінді сөздер – мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі.

Стандартты функциялар. Стандартты функцияны жазу үшін мін­детті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.

Стандартты функциялар: fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x), sqrt(x), atan(x), т.с.с.

Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. Си тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану үшін <math.h> тақырыптық файлы (прототипі) қолданылады.

Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /* ...*/ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. Си++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // сиволдарынан кейін орналасады.

/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақ­ты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор болып табылады.