Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Си лекция каз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.2. Си тілінің қарапайым элементтері

2.2.1 Пайдаланылатын символдар си тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.

1. Тілдегі түйінді сөздер (ключевое слово – keyword) мен идентифика­торларды құрастыру үшін қолданылатын символдар (кесте). Бұл топқа ағылшын алфавитінің бас және кіші әріптері мен астын сызу символы кіреді. А және а айнымалылары екеуі екі түрлі болып есептеледі.

кесте

Латын алфавитінің

бас әріптері

A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Латын алфавитінің

кіші әріптері

a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z

Астын сызу символы

_

2. Қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері мен араб цифрла­ры (кесте) сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда пайдаланылады.

кесте

Қазақ алфавитінің бас әріптері

А Ә Б В Г Ғ Д Е Ж З И К Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ц Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я

Қазақ алфавитінің кіші әріптері

а ә б в г ғ д е ж з и к қ л м н ң о ө п р с т у ұ ү ф х ц ч ш щ ъ ы і ь э ю я

Араб цифрлары

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

3. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдар (кесте).

кесте

Символ

Атауы

Символ

Атауы

,

үтір

}

оң жақтағы жүйелі жақша

.

нүкте

{

сол жақтағы жүйелі жақша

;

нүктелі үтір

<

кіші

:

қос нүкте

>

үлкен

?

сұрақ белгісі

<=

кіші немесе тең

'

апостроф

>=

үлкен немесе тең

!

леп белгісі

[

сол жақтағы тік жақша

|

тік сызықша

]

оң жақтағы тік жақша

/

қиғаш сызық

#

нөмір белгісі

\

кері қиғаш сызық

%

қалдық табу (пайыз) белгісі

~

тильда

&

амперсанд

*

жұлдызша

“

қостырнақша

+

плюс

=

теңдік белгісі

-

минус

= =

тең (қатынас таңбасы)

^

логикалық “емес” таңбасы

!=

тең емес (қатынас таңбасы)

)

оң жақтағы жай жақша

&&

конъюнкция (ЖӘНЕ)

(

сол жақтағы жай жақша

||

дизъюнкция (НЕМЕСЕ)

4. Басқару және айыру символдары. Бұл топқа: босорын, табуляция символы, жаңа жолға көшу, жаңа бетке көшу таңбалары жатады. Бұлар тұтынушы анықтаған объекті­лерді – константтар мен идентификаторларды бір-бірінен айыру үшін қолданылады.

5. Көрсетілгендерден басқа Си тілінде басқару тізбектері деп аталатын мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы символдар тіркесі бар. Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен (\) басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады ( кесте).

кесте

Басқару тізбектері

Атаулары

Он алтылық кодтары

\a

Қоңырау

007

\b

Бір орынға кері қайтару

008

\t

Горизонталь табуляция

009

\n

Жаңа жолға көшу

00A

\v

Вертикаль табуляция

00B

\r

Сырғыманы (каретканы) қайтару

00C

\f

Форматты жылжыту

00D

\"

Қостырнақша

022

\'

Апостроф

027

\0

Нөл-символ

000

\\

Кері қиғаш сызық

05C

\ddd

Сегіздік жүйедегі кодтар жиыны

 

\xddd

Он алтылық жүйедегі кодтар жиыны

 

\ddd и \xddd (мұндағы d цифр тұрғанын көрсетеді) түріндегі тізбектер компьютер­дегі кодтар жиыны арқылы өрнектелетін символды сәйкесінше сегіздік және он алтылық цифрлар тізбегімен бейнелей алады. Мысалы, каретканы қайтару символы бірнеше тәсілмен өрнектеле алады:

\r – жалпы басқару тізбегі,

\015 – сегіздік сандардан тұратын басқару тізбегі,

\x00D – он алтылық сандардан тұратын басқару тізбегі.

Мысалы, жеке мынадай \n (жаңа жолға көшу) басқару тізбегін \010 немесе \xA түрінде де жазуға болады.