
- •1. Жалпы бөлім. Html тілі.
- •1.2 Html тілінің негізгі тәгтері
- •Құжатты форматтау
- •1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
- •2 Негізгі бөлім. Web – сайтты модельдеу.
- •2.1 Сайтты жобалау моделі
- •3 Құрылымдық бөлім
- •3.1 Бір web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру
- •3.2 Фреймдер құру тәсілдері
- •3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері
- •3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
- •Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
- •4 Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау.
- •4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі
- •4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу
- •Кесте 4.2 – Шығындар статьялары
- •4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу
- •4.4 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
- •Өндірістік және зиянды факторларды талдау
- •Программистің еңбек ету ортасына сипаттама
- •4.5 Қорғау шаралары Өндірістік санитария
- •Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы
- •Шу мен дірілден қорғану
- •Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану
- •4.6 Электрлік қауіпсіздігі
- •4.7 Дыбыс изоляциялау
- •5.3 Сурет – Шудың (х) графигі
- •Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу
- •Қортынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дополнить
- •1.Жүйенің мақсаты
- •Қосымша б
3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық әрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.
STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:
- Жеке тeг стилі
- Жеке HTML-файлы стилі
- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль
- Аралас стильдерді пайдалану
Стильдік анықтауларды тeгтерді көрсетпей-ақ жазуға болады. Мұндай жағдайда, берілген стилді нақты тeгке сәйкестендіру үшін, әрбір анықтауға арнайы атау меншіктелуі тиіс. Мұндай стильдік анықтаулар кластар деп аталады. Басқаша айтқанда, анықтаулар әдеттегідей жазылады, бірақ тeгтердің аттары орнына .аты конструкциясы қолданылады.[3]
Мысалы:
<style type=text/css>
<!-- h5 {text-align:left;color:blue;}
.a {text-align:justify;color:brown;}-->
</style>
Стильдік класты тeгпен сәйкестендіру үшін class атрибуты қолданылады.
Сурет 10. Класты пайдалану
HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады. Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.Әрбір форма осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.
Кесте 1.13
Атрибуты |
Атқаратын қызметі |
ACTION |
Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі |
METHOD |
Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі |
Мысал:
<FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script">
…
</FORM>
Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орналасқан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрипті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген. Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.
HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> және <INPUT> сыяқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады. төмендегі кестеде солардың қысқаша сипаттамалары көрсетілген, кейінірек олар толық қарастырылады.
Кесте 1.14
Тәгтың атқаратын қызметі
Тәг |
Атқаратын қызметі |
<TEXTAREA> |
Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды |
<INPUT> |
Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форманы тазартуға арналған батырманы басу сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді |
<SELECT> |
Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді |
Бұл тәг бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тәгтері арасына, алдын ала келісім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолдарын орналастыруға болады. Бұл тәгтің атрибуттары:
NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;
ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;
COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.
Бұл тәг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тәгі сияқты <SELECT> тәгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. Төменгі кестеде <SELECT> тәгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы айтылған.
Опциялар тізімі <OPTION> тәгі арқылы <SELECT> контейнеріне кіргізіледі. Бұл тәгтің екі атрибуты болады, олар төмендегі кестеде сипатталған.
Кесте 1.15
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
VALUE |
Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдарламасына (скриптіге) қайтарылатын мәнді көрсетеді |
SELECTED |
Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді |
<INPUT> тәгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тәгтеріндей контейнер емес, жалқы тәг болып есептеледі. Ол әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тәсілдерге мәтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мәліметтерді жөнелту (Submit) және формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.
Кесте 1.16
INPUT тәгінің атрибуттары
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
NAMESIZE |
Енгізу өрісінің символдар санымен берілген енін көрсетеді |
MAXLENGTH |
Өріске енгізуге болатын ең үлкен символдар санын (максимальды) анықтайды |
VALUE |
Мәтіндік өріс үшін алдын ала келісім бойынша шығарылатын мәтінді анықтайды. Жалаушалар мен ажыратып-қосқыштар үшін өңдеу программасына қайтарылатын мәнді көрсетеді. Формаларды жөнелту мен тазарту батырмалары үшін батырма үстіндегі жазуды анықтайды. |
CHECKED |
Жалауша немесе ажыратып-қосқыштың, алдын ала келісім бойынша, іске қосылған жағдайын орнатады.Басқа тәг түрлерінде <INPUT> қолданылмайды. |
TYPE |
Енгізу өрісі типін (түрін) орнатады. |
Бұл тeгтер CSS үшін маңызды болып табылады. Олар құжаттағы жеке бір бөліктерді ерекшелеп алып, оларға арнайы қасиеттер беру ісін атқарады. Ол үшін керекті элементтерді <DIV>. . .</DIV> немесе <SPAN>. . .</SPAN> тeгтері ішіне орналастыру керек.
Бұлардың айырмашылығы мынада: <DIV> блогынан соң браузер жаңа жолға көшіреді, ал <SPAN> блогы-нан кейін — бұрынғы жолда қала береміз. Сонымен, <SPAN> тe гін пайдалану - бір жолдағы сөздерге не символдарға жеке стильдік қасиеттер тағайындай алады. [2]
Мысалы:
<div style="position:absolute; top:126; left:0;"><img alt="" src="images/river.gif" width=1005 height=200></div>
Сурет 11. <DIV> тәгін пайдалану
Абсолютті орналастыру position:absolute стильдік нұсқауы арқылы беріледі. Бұл кезде элементтің бастапқы координатасы тікелей сыртқы элемент аймағының (анасының) жоғарғы сол жақ бұрышы болады (егер оның да орны абсолют немесе салыстырмалы түрде анықталған болса). Егер сыртқы элемент белгілі бір орынға қойылмаса, онда оның да сыртқы элементі (анасы) алынады. Егер барлық сыртқы элем-енттерде position нұсқауы жоқ болса, онда алғашқы басты нүкте ретінде <body> тәгінің экрандық бейне-сінің сол жақ жоғарғы бұрышы, яғни құжаттың сол жақ жоғарғы бұрышы қабылданады. Көлденең және вертикаль координаталар left және top параметрлері арқылы беріледі.
Мысалы:
<div style="position:absolute; top:126; left:0;"><img alt="" src="images/river.gif" width=1005 height=200></div