- •1. Жалпы бөлім. Html тілі.
- •1.2 Html тілінің негізгі тәгтері
- •Құжатты форматтау
- •1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
- •2 Негізгі бөлім. Web – сайтты модельдеу.
- •2.1 Сайтты жобалау моделі
- •3 Құрылымдық бөлім
- •3.1 Бір web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру
- •3.2 Фреймдер құру тәсілдері
- •3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері
- •3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
- •Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
- •4 Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау.
- •4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі
- •4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу
- •Кесте 4.2 – Шығындар статьялары
- •4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу
- •4.4 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
- •Өндірістік және зиянды факторларды талдау
- •Программистің еңбек ету ортасына сипаттама
- •4.5 Қорғау шаралары Өндірістік санитария
- •Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы
- •Шу мен дірілден қорғану
- •Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану
- •4.6 Электрлік қауіпсіздігі
- •4.7 Дыбыс изоляциялау
- •5.3 Сурет – Шудың (х) графигі
- •Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу
- •Қортынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дополнить
- •1.Жүйенің мақсаты
- •Қосымша б
Дополнить
А Қосымша
(міндетті)
Техникалық тапсырма
1.Жүйенің мақсаты
жұмыстың мақсаты «Қазақстан елі жөнінде қандас баурларға арналған ақпараттық анықтама» желісінің сервисі үшін сайтты жобалау және өңдеу болып табылады. Жобаның негізгі есебі интернет қолданушыларының анықтама беру процесін ұйымдастыру және Қазақстан елі жөнінде мәліметтер іздеу туралы, онымен қоса Қазакстанның тарихы, мәдениеті, салыт-дәстүрі, табиғаты жөнінде толық мағлұмат беріледі. Бүгінгі күнде ,web әлемдік хабарласу жүйесіне айналып , Интернет сынды осыбір хабарласу негізі компьютерлерге өзара көп медиялы ақпараттарды жеткізетін мүмкіндік берді.Көркем суреттер ,құлақ құрышын қандырытын музыкалар ,бейне қойылымдар ,HyperLink,т.б. web-тің бір құрамдас бөлігіне айналды . Web болса web сервердегі орасан зор ақпараттарың баламасына айналды
2.Функционалдық талаптар
Интерактивті бетте орнатылатын, Қазақстан туралы мәліметтерді сақтайтын, деректер қоры қажет;
1.Келісім-шарт жасау категориялары бойынша анықталатын объектілердің, интерактивті каталогы болу қажет;
2.Қолданушылардың тіркелуі мен аутентификациясы;
3.Парольдерді басқару;
4.Қолданушылардың сұраныстарын өңдеу;
5.Қолданушыларға байланысты арнайы бетті ашу;
6.Малімет іздеушілерге арнайы бетті ашу, яғни қажетті объектіні көру үшін, таңдау және сұранысты жіберу мүмкіндігін беру;
7.Администратор интерфейсі.
Негізгі компоненттердің құрылымдық сұлбасы
Құрылымдық сұлбада құрылатын ортаның негізгі компоненттері болу керек. Мұнда серверлік деректер қоры, мәліметтер және клиенттер.
8. Техникалық құралдар комплексіне қойылатын талаптар
Клиенттік жақ:
Жүйені функциялау үшін, келесідегідей көрсетілген талаптардан төмен болмайтын, компоненттер орнатылу қажет: жылдамдығы 500кбит/с-тан төмен болмайтын модем қажет. Windows операциялық жүйесі бар компьютер, яғни процессор 500Mhz, видео карта 16mb, ОЗУ 32mb. Серверлік деректер қоры (http сервері):
Мынандай техникалық сипаттамалары бар компьютер қажет: процессор 700 Mhz төмен емес, видео карта 32mb, ОЗУ 128mb, 100 Mb сетевая карта.
5. Бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар
Жүйенің жұмыс жасауы үшін келесідегідей бағдарламалық компоненттер қажет:
Қосымшаның жалғасы
Деректер қоры администраторына: (Unix, Linux) Windows 9x операциялық жүйелері, HTML4.0 түсінетін браузер және графикалық интерфейс қажет.
Жүйенің қолданушыларына: Windows 9х операциялық жүйесі, HTML4.0 түсінетін браузері қажет.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру:
MySQL деректер қорын басқару сервері;
PHP сценариялық тілі;
Жобадауды модельдеу үшін, RationalRose құралы;
Http сервер Apache.
6. Коммуникация жүйелеріне қойылатын талаптар
Жүйенің жұмыс жасауы үшін, келесідегідей құрал-жабдықтар қажет:
Жүйенің қолданушы жағында, модем және Интернетке шығатын желілік карта орнатылуы қажет. Оның мәліметтерді беру жылдамдығы 1 кбит/сек-тан төмен болмауы қажет. Ал серверлік жағындағы стандарттық желілік карта 100 мбит/сек болуы керек.
7. Электрондық жүйенің қолданушылары
Клиент – оның негізгі жасайтын функциялары кілттік параметрлері бойынша, қажетті Ақпаратты іздеу және сұраныстар жіберу.
Администратор - оның міндеті деректер қорын басқару, яғни мәліметтерді енгізу, өзгерту және жою сұраныстарын қабылдау болып табылады.
8. Деректер қорын баяндау
Деректер қоры мынандай, яғни Қазақстан туралы ақпараттар, wep cаиттың қасиет категорияларын анықтайтын кестеден, сұраныстарды жіберетін клиенттер туралы ақпараттар, сұраныстарды сақтайтын кестелерден тұрады.
9. Жүйенің кіру және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар
Серверге кіретін мәліметтер ретінде, wep cаиттың қажетті объектісіне қолданушылардың сұранысы, категориясы, объектінің түрі, қосымша мәліметтерді жіберу. Сонымен қатар клиенттермен байланыс орнатын, контакты ақпараттар, яғни қолданушының аты-жөні, телефон номері, мекен-жайы, датасы және қажетті мүлік объектісінің идентификаторы болуы қажет.
10. Қолданушының интерфейсіне қойылатын талаптар
Жүйенің функциялары қолданушылар мен администратор болып бөлінеді де, администратор қолданушыларға мүмкін болатын, барлық функцияларды орындай алады. Сонымен қатар басқару интерфейсін құру қажет. Администратордың Қазақстан туралы ақпараттарды қосу,
өзгерту және жою мүмкіндіктері болуы қажет.
Қолданушының интерфейсі жұмыс жасағанда түсінікті, ыңғайлы және жалпы қабылданған стандарттардан ауытқымауы қажет. Жүйенің негізгі беті келісім-шарт жасау категориялар тізімінен, навигациялау элементтері және ақпараттық менюден тұрады. . Осы функциялар арқылы жүргізілген ізденістен кейін, әрбір қажетті объектінің мәліметтерін көруге болады. Табылған
Қосымшаның жалғасы
объектіге сұранысты қалдыруға болады. Қосымша функциясы ретінде, қолданушылардың регистрация мен аутентификациядан өтуі, парольдерді басқару және программаның іздеу тәсілін өзгерту болып табылады.
11. Бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар
Бұл бағдарлама келесідегідей құжаттардан тұрады:
техникалық тапсырма;
техникалық жоба;
бағдарламаның мәтіні;
бағдарламаны баяндау.
12. Сынау
Сынаудың мақсаты – жүйенің жұмысын, техникалық тапсырманың талаптарымен салыстыру. Барлық сынау жұмыстары, анықталған құрал- жабдықтарда өткізілуі қажет. Ол келесідегідей құралдармен, яғни жергілікті.желі арқылы байланысқан екі компьютер арқылы жүзеге асады. Оның біріншісі сервер болады да, оған Windows (32) операциялық жүйесі, Apache сервері және PHP тілінің интерпретаторы орнатылады. Ал клиенттік машинаға Windows (32) операциялық жүйесі орнатылады.
