Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplom.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.64 Mб
Скачать

3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері

Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады

. Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар. <EMBED> тәгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:

Кесте 1.12

<EMBED> тәгінің параметрлері

Атрибут

Атқаратын қызметі

1

2

SRC

Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс.

PALETTE

Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мәндері: foreground, background

TYPE

Объект файлының типі

HIDDEN = false  true

Объектінің экранда көрсетілу типі, мәндері: false – объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true – объект көрсетіледі

CONTROLS= console  smallconsole

console – терезеге дыбысты басқару тақтасы шығарылады, оның ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

smallconsole – терезеге шағын басқару тақтасы шығарылады, оның да ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

Кесте жалғасы

1

2

HEIGHT=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген биіктігі;

WIDTH=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген ені;

LOOP= true  false  n

true – аудио не бейнефайл тұрақты ойналады;

false – аудио не бейнефайл бір рет ойналады;

n – аудио не бейнефайл n рет ойналады.

Бұл тәгтің басқа атрибуттары <IMG> тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз.

Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу және жабылу тәгтері арасында түсініктеме мәтін жазылады.

Мысалдар:

<EMBED SRC=nature.wav>

тәгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:

<EMBED SRC=js.pdf width=500 border=0 align=left>

Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің <BGSOUND > тәгін сайтта қолдандым. Оны жабу мін­дет­ті емес. Web-құжатты көру барысында өзіңіз ұнататын әнді тыңдап отырғыңыз келсе осы тәгті қолданған ыңғайлы. Бұл тeгтің басқа атрибуттары <IMG> тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз. [1]

Мысалдар:

<bgsound src="music/Асылбек Енсепов - Арнау.mp3"

Бұл программалық код негізгі бетте Асылбек Енсеповтің «Арнау» деген күйін тыңдап отыруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]