- •1. Жалпы бөлім. Html тілі.
- •1.2 Html тілінің негізгі тәгтері
- •Құжатты форматтау
- •1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
- •2 Негізгі бөлім. Web – сайтты модельдеу.
- •2.1 Сайтты жобалау моделі
- •3 Құрылымдық бөлім
- •3.1 Бір web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру
- •3.2 Фреймдер құру тәсілдері
- •3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері
- •3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
- •Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
- •4 Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау.
- •4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі
- •4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу
- •Кесте 4.2 – Шығындар статьялары
- •4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу
- •4.4 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
- •Өндірістік және зиянды факторларды талдау
- •Программистің еңбек ету ортасына сипаттама
- •4.5 Қорғау шаралары Өндірістік санитария
- •Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы
- •Шу мен дірілден қорғану
- •Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану
- •4.6 Электрлік қауіпсіздігі
- •4.7 Дыбыс изоляциялау
- •5.3 Сурет – Шудың (х) графигі
- •Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу
- •Қортынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дополнить
- •1.Жүйенің мақсаты
- •Қосымша б
1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкіндік береді. Абзац элементтерін тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізімдер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тeгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.
және
(unordered list – реттелмеген тізім) тeгтері арасында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін
(list – тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы:
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ертедегі мемлекеттер
Ерте және дамыған орта ғасыр мемлекеттері (6-13 ғғ. Бас кезі)
Ұлы жібек жолы
Қазқстан монғол дәуіріңде
14-15 ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер
15-17 ғғ. Қазақ хандығы
Қазақстан Ресей құрамында
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет
Сурет 5. Тізімдерді орналастыру
Сондай-ақ, нөмірленген тізімдер – алдыңғы белгіленген тізім тәрізді шығарылады, олар тек <ОL> және </ОL> (ordered list – реттелген тізім) тәгтерімен қоршалады және анықтау тізімдері
(definition list) тәгі арқылы жазылады нәтижесінде тізім нөмірі ретінде бүтін сандар жазылады. Жоғарыда келтірілген мысалды аздап түрлендіріп,
Кесте 1.10
Type атрибуты мәніне қарай тізімдерді нөмірлеу түрлері
type мәні |
стилі |
тізім нөмірленуі |
1 |
Араб цифрлары (келісім бойынша) |
1, 2, 3, 4, ... |
A |
Латын алфавитінің бас әріптері |
A, B, C, D, … |
a |
Латын алфавитінің кіші әріптері |
a, b, c, d, … |
I |
Рим цифрлары (жоғарғы регистр) |
I, II, III, IV, … |
i |
Рим цифрлары (төменгі регистр) |
i, ii, iii, iv,… |
Анықтау тізімдері
(definition list) тәгі арқылы жазылады да, алдыңғылардан аздап өзгешелеу болып келеді. Мұнда
тәгі орнына
(definition term – анықталатын термин) және
(definition definition – анықтаманың анықтамасы) белгілері жазылады.
HTML
HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.
HTML құжаты
Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда *.html)
болып келген мәтіндік файл.
тәгі сияқты
және
тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазылатынына назар салыңыздар. Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.
HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> және  сияқты үш түрлі тeг қолданылады. Олардың кез келген саны
тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.[2]
-<TEXTAREA> - Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды;
- - Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форманы тазартуға арналған батырманы басу сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді;
-<SELECT> - Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді.
тәгінің type атрибуты төмендегідей мәндер қабылдайды:
Reset - шерткен кезде форманы автоматты түрде бастапқы қалпына келтіреді. value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
submit - шерткен кезде форманы желіге жөнелтеді.
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
button – қарапайым батырма .
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
radio – радиобатырма.
value атрибуты – батырма бетіндегі жазуды береді.
- тәгінің type атрибутының text және password мәндері енгізу өрісін береді:
-text – қарапайым енгізу өрісі. Атрибуттары:
-value атрибуты енгізу өрісінің келісім бойынша қабылданған мәнін береді;
-size атрибуты енгізу символдарының ұзандығын береді;
-maxlength атрибуты енгізілетін жолдардың максималды мүмкін мәнін береді.
-readonly атрибуты тек оқуға болатын мәндерді анықтайды. Мұндай жолды қолданушы өзгерте алмайды;
-password – «құпия сөз» енгізуге арналған өріс. Text – тен айрмашылығы, оның символдары экран бетіне жұлдызша түрінде шығады.
Мысалы:
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!!!
1. Қазақстан Егемендік туралы Декларациясын қашан қабылдады?
1990- 28 қазанда
1990- 25 қазанда
Сурет 6. Форманы пайдалану
Кесте тұрғызу
және
тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау –
және
тәгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар –
және
немесе <ТН> және </ТН> тәгтері арқылы анықталады.
және <ТН> тәгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тәгтерімен қоршалған мәтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да,
тәгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады. Кесте тақырыбы <CAPTION> және </CAPTION> тәгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:
Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тәгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:
ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (көрсетілмесе, келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мәні – қостырнақша ішіндегі сөз – мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс: LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке).
BGCOLOR кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).
BORDER — бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді.
BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы), BORDER атрибутымен бірге қолданылады.
WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мәні пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.
Кесте тақырыбы <CAPTION> тәгімен төмендегі ережеге сәйкес беріледі:
<CAPTION ALIGN="top"> ...... </CAPTION>
Мұндағы атрибуттардың атқаратын қызметі мынадай болады.
ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралау кезінде оның мәні LEFT, CENTER (көрсетілмесе, келісім бойынша осы мән қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сәйкес келуі тиіс. Ал егер ол тақырыпты вертикаль бағытта кестенің жоғарғы және төменгі жақтарына орналастыруы қажет болса, онда BOTTOM – жоғарыда (келісім бойынша осы мән қабылданады), ТОР – төменде сөздерінің бірін мән ретінде қабылдай алады.Кесте жолы
және
тәгтерімен қоршалып тұрады, бұлардың алғашқысының мынадай бірсыпыра атрибуттары болуы мүмкін:
Кесте жолы…
Енді
тәгінің осы атрибуттарына тоқталайық.
ALIGN — жол шеттерін туралау. Оның мүмкін мәндері LEFT (келісім бойынша), CENTER, RIGHT.
BGCOLOR жолдың ішкі фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).
BORDERCOLOR — жол жақтауларының түсі (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы). Бұл атрибут
тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.
ROWSPAN — бірнеше жолдарды біріктіріп, бір-ақ жол етіп жазу кезінде берілетін біріктірілетін жолдар саны.
Кесте жолындағы бағаналар (ұялар)
және <ТН>... </ТН> тәгтерімен төмендегі ережеге сәйкес анықталады:
және <ТН> тәгтерінің атрибуттары қызметтері:
ALIGN — мәтінді горизонталь бағытта туралау атрибуты. Оның мүмкін мәндері: LEFT, CENTER (келісім бойынша), RIGHT.
BGCOLOR – фон түсін анықтау атрибуты (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).
BORDERCOLOR – ұя жақтауларының түсі атрибуты (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы). Бұл атрибут
тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.
COLSPAN — бағаналар тақырыбына арналған біріктірілген жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны.
1-бөлім бойынша қорытынды.
Дипломдық жобаның 1-бөлімінде жалпы бөлім қарастырылған. World Wіde Web және HTML тілі
Хотя бы на пол страницы. Расписать.