Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplom.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.64 Mб
Скачать

4.7 Дыбыс изоляциялау

Берілген дипломдық жобада өлшемдері ұзындығы – 25 м, ені – 25 м, биіктігі – 4,3 м бөлмеде дыбыс сіңіретін облицовканы орнатқандағы шудың азаюын анықтау керек.

Бөлме көлемі V = a * b * h = 25 * 25 * 4,3 = 2687,5 м3;

Бөлмені шектейтін ішкі беттердің қосынды ауданы S = 2 * a * b + 2 * a * h + 2 * b * h = 2*25*25+2*25*4,3+2*25*4,3  1680 м2;

Шудың спектры 5.3 суретте көрсетілген.

Бөлме үшін рұқсат етілген деңгейі ПС-85 сай болуы керек. Шуды азайту үшін төбе мен бөлме бөліктерінің 3 м биіктіктен бастап дыбыс сіңіретін облицовкасын қолданамыз.

Онда облицовка ауданы Sобл = a * b + 2 * a * (h - 3) + 2 * b * (h - 3) = 25*25+2*25*(4,3-3)+2*25*(4,3-3) 625+65+65=765 м2.

Облицовка конструкциясы ретінде Э-0,1 әйнекмата қабатымен және қалыңдығы 2 мм перфорирленген металл бетімен қорғалған 100 мм қалыңдықты өте жіңішке әйнекталшық қабатын таңдаймыз.

63 Гц октавты жолағындағы шудың азаюын табайық.

1000 Гц жиілігінде бөлме тұрақтысы келесі формула бойынша анықталады:

Вш1000 = V / 10 = 2687,5 / 10 = 268,75 м2;

Жиілікті көбейткіш 63=0,5 (көлемі 1000 м3-тан асатын бөлмелер үшін). Облицовкаға дейінгі 63 Гц жиіліктегі бөлме тұрақтысы:

В63 = 63 * Вш1000 = 0,5 * 268,75 = 134,375 м2;

Облицовканы орнатқанға дейінгі бөлмедегі дыбыс сіңірудің орташа коэициенті мына формуламен анықталады:

63 = В63 / (В63 + S) = 134.375 / (134,375+1680) =0,07;

Берілген конструкцияның дыбыс сіңіру коэффициенті:

обл63 = 0,14;

Облицовкамен қосылатын қосымша дыбыс сініру келесі формуламен анықталады:

А63 = обл63 * Sобл = 0,14 * 1680= 235,2 м2;

Дыбыс сіңіретін облицовкасы жоқ беттердің дыбыс сіңіруінің эквивалентті ауданы:

А 163 = 63 * (S – Sобл) = 0,07 * (1680-765) = 64,05 м2;

Облицовкасы бар бөлменің дыбыс сіңіретін орташа коэффициенті мына формуламен анықталады:

163 = (А163 + А63) / S = (64,05 +235,2)/1680 = 0,18;

Облицовкадан кейінгі бөлме тұрақтысы келесі формуламен анықталады:

В 163 = (А163 + А63) / (1 - 163) = (64,05 +235,2) / (1 – 0,18) = 364,94 м2;

Дыбыс қысымының төмендеу деңгейі мына формуламен анықталады:

L63 = 10 * lg(B163/B63) = 10 * lg (364,94 / 134,375)= 4,33 дБ;

Акустикалық өңдеуден кейінгі бөлмедегі шу деңгейі:

L63 - L63 = 86 – 4,33 = 81,67 дБ;

63 Гц октав жиілігінде L – L мәні бойынша 5.3 суретте дыбыс сіңіретін облицовканы орнатқаннан кейін мүмкін болатын шудың (Х) графигі келтірілген.

f , Гц X Y ПС-85

63 + + +

70 80 90 100 L, дБ

5.3 Сурет – Шудың (х) графигі

63 Гц октава жиілігіндегі бөлмедегі шуды бағалау. ПС-85 – шекті спектр; Y – бөлмедегі акустикалық өңдеуге дейінгі шу деңгейі; X – дыбыс сіңіретін облицовканы орнатқаннан кейінгі шу деңгейі.

Есептің нәтижесі бойынша Э-0,1 әйнекмата қабатымен және қалыңдығы 2 мм перфорирленген металл бетімен қорғалған 100 мм қалыңдықты өте жіңішке әйнекталшық қабаты облицовка ретінде бөлмедегі шуды рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]