
- •1. Жалпы бөлім. Html тілі.
- •1.2 Html тілінің негізгі тәгтері
- •Құжатты форматтау
- •1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
- •2 Негізгі бөлім. Web – сайтты модельдеу.
- •2.1 Сайтты жобалау моделі
- •3 Құрылымдық бөлім
- •3.1 Бір web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру
- •3.2 Фреймдер құру тәсілдері
- •3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері
- •3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
- •Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
- •4 Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау.
- •4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі
- •4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу
- •Кесте 4.2 – Шығындар статьялары
- •4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу
- •4.4 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
- •Өндірістік және зиянды факторларды талдау
- •Программистің еңбек ету ортасына сипаттама
- •4.5 Қорғау шаралары Өндірістік санитария
- •Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы
- •Шу мен дірілден қорғану
- •Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану
- •4.6 Электрлік қауіпсіздігі
- •4.7 Дыбыс изоляциялау
- •5.3 Сурет – Шудың (х) графигі
- •Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу
- •Қортынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дополнить
- •1.Жүйенің мақсаты
- •Қосымша б
Өндірістік және зиянды факторларды талдау
Бұл дипломдық жобада құрамында еселегіш сұлбасы бар ондық сандарды көбейту құрылғысын синтездеу және эмуляциялау қарастырылады [25, 35, 37]. Дипломдық жоба есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып белгілі бір мәселені шешуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс 2004 жылы 28 ақпаныңда №528-11 бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңына, 1999 жылы 10 желтоқсанда бекітілген «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңына, 2002 жылының 3 сәуірде бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерінде өндірістік қауіпсіздік туралы» заңына және 1993 жылы 15 қараша айында бекітілген «Төтенше жағдайының құқықтық режимы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болуы қажет. Сондықтан да жұмыс барысы толығымен автоматтандырылған жүйеге көшіріледі.
Бұл дипломдық жоба PC-ге сәйкес келетін дербес электронды машинада орындалады. 25х25х4,3м өлшемді машиналық залда 104 Celeron 1100 Гц машинасы, 104 жұмысшы бар.
ЭЕМ операторларына, программисттерге және басқа да жұмысшыларына мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер етеді:
метеорологиялық жағдайлардың қолайсыздығы;
жарықтандырудың жеткіліксіздігі;
рентгендік және электр магниттік сәулелену;
шу деңгейінің жоғары болуы;
психофизиологиялық факторлар;
электр тоғымен зақымдану;
өрт қауіптілігі.
Өндірістік ортаның метерологиялық жағдайына – температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы жатады. Осы айтылған параметрлер адамның көңіл-күйіне және денсаулығына, сонымен қатар, есептеу техникасының жұмыс істеу сенімділігіне әсер етеді.
Ақпараттың 90% - тейі біздің миымызға көз арқылы түседі. Сондықтан да жарықтың жобалануының маңызы зор. Дұрыс жобаланбаған және дұрыс орындалмаған өндірістік жарық көру жұмыстарының жағдайын нашарлатады, шаршауды тездетеді, еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.
Машиналық залда жұмыс істейтін персонал, яғни сәулелену көздерімен тікелей тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдар сәулеленудің А категориясына жатады. Сонымен А категориясының 5.2-ші топтары үшін шекті рұқсат етілген доза 5.2-ші – кестеде – көрсетілген.
5.2 кесте – Сәулеленудің шекті рұқсат етілген дозасы
Категория |
Топ |
ЖРД |
А |
2 |
0,15 Дж/кг |
Шу адамның негізгі өмірлік маңызды жүйелеріне әсер етеді және оның жұмыс қабілеттілігіне ықпалын тигізеді. Бөлмедегі жұмыс орындарында шу ішкі көздерден құрылады: техникалық құралдардан; баспа құрылғыларынан.
Қызметкерлердің ойлау, көру және есту мүшелеріне жүктеме еңбек бірсарындылығы, эмоционалдық жүктемелер секілді психофизиологиялық факторлар әсер етеді. Компьютер алдында ұзақ отыру себебінен шаршау және бас ауруы пайда болуы мүмкін.
Электр тоғымен зақымдану машиналық залдағы қауіпті факторлардың негізгісі. Есептеу орталығында негізінен аппаратура жиілігі 50 Гц, толық қуаты 6,95 кВт, кернеулігі 220 В болатын үш фазалы тарам пайдаланылады. 220В, 50Гц кернеуге қосылған қоректенудің блоктарының алғашқы тізбегі қауіпті болып саналады, себебі жүйелік блок, монитор және принтердің ішінде адам өміріне қауіпті кернеулер бар. Аппаратураның немесе кернеу желілерінің қысқа тұйықталуы кезінде өрт пайда болуы мүмкін.