
- •1. Жалпы бөлім. Html тілі.
- •1.2 Html тілінің негізгі тәгтері
- •Құжатты форматтау
- •1.4 Құжат ішіне тізімдер орналастыру
- •2 Негізгі бөлім. Web – сайтты модельдеу.
- •2.1 Сайтты жобалау моделі
- •3 Құрылымдық бөлім
- •3.1 Бір web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру
- •3.2 Фреймдер құру тәсілдері
- •3.4 Html тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері
- •3.5. Html тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері
- •Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану
- •4 Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау.
- •4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі
- •4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу
- •Кесте 4.2 – Шығындар статьялары
- •4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу
- •4.4 Өнеркәсіптік санитарлық жағдай Жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар
- •Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
- •Өндірістік және зиянды факторларды талдау
- •Программистің еңбек ету ортасына сипаттама
- •4.5 Қорғау шаралары Өндірістік санитария
- •Еcептеу орталығының өндірістік жарықтамасы
- •Шу мен дірілден қорғану
- •Электромагнитті сәулелену әсерінен қорғану
- •4.6 Электрлік қауіпсіздігі
- •4.7 Дыбыс изоляциялау
- •5.3 Сурет – Шудың (х) графигі
- •Компьютерлік бөлмеде жасанды жарықтануды есептеу
- •Қортынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Дополнить
- •1.Жүйенің мақсаты
- •Қосымша б
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
6 |
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ. HTML ТІЛІ. |
9 |
1.1 World Wide Web және HTML тілі |
9 |
|
15 |
1.3 Құжатты форматтау |
22 |
|
29 |
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. WEB – САЙТТЫ МОДЕЛЬДЕУ. |
31 |
2.1 Сайтты жобалау моделі |
36 |
2.2 Web – сайтты жобалаудығы диаграммалар |
45 |
3. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМ |
48 |
3.1 Бір Web парақта фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру |
50 |
3.2 Фреймдер құру тәсілдері |
53 |
3.3 <FRAMESET>…</FRAMESET> тәгтері |
59 |
3.4 HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ |
63 |
3.5 HTML тіліне қосымша стильдердің сатылы кестелері |
69 |
3.6 Java Script тілі |
76 |
4. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі. Еңбекті қорғау. |
80 |
4.1 Жобаның техникалық – экономикалық негізделінуі |
82 |
4.2 Экономикалық көрсеткіштерді есептеу |
83 |
4.3 Автоматтандыру құралдарын сатып алу және тасуға кететін шығынды есептеу |
85 |
4.4 Ендірілген ақпараттану жүйесінің өзіне жұмсалған қаражатты қайтару мерзімін есептеу |
89 |
4.5 Қорғау шаралары |
90 |
4.6 Электрлік қауіпсіздігі |
91 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
93 |
Техникалық тапсырма
|
|
Қосымшалар (Прогамма листингісі) |
94 |
КІРІСПЕ
1.Жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың мақсаты «Қазақстан елі жөнінде қандас бауырларға арналған ақпараттық анықтама» желісінің сервисі үшін сайтты жобалау және өңдеу болып табылады. Жобаның негізгі есебі интернет қолданушыларының анықтама беру процесін ұйымдастыру және Қазақстан елі жөнінде мәліметтер іздеу туралы, онымен қоса Қазакстанның тарихы, мәдениеті, салыт-дәстүрі, табиғаты жөнінде толық мағлұмат беріледі. Бүгінгі күнде, web әлемдік хабарласу жүйесіне айналып, Интернет сынды осыбір хабарласу негізі компьютерлерге өзара көп медиялы ақпараттарды жеткізетін мүмкіндік берді. Көркем суреттер, құлақ құрышын қандырытын музыкалар, бейне қойылымдар, HyperLink, т.б. web-тің бір құрамдас бөлігіне айналды. Web болса web сервердегі орасан зор ақпараттарың баламасына айналды
2.Функционалдық талаптар
Интерактивті бетте орнатылатын, Қазақстан туралы мәліметтерді сақтайтын, деректер қоры қажет;
1.Келісім-шарт жасау категориялары бойынша анықталатын объектілердің, интерактивті каталогы болу қажет;
2.Қолданушылардың тіркелуі мен аутентификациясы;
3.Парольдерді басқару;
4.Қолданушылардың сұраныстарын өңдеу;
5.Қолданушыларға байланысты арнайы бетті ашу;
6.Малімет іздеушілерге арнайы бетті ашу, яғни қажетті объектіні көру үшін, таңдау және сұранысты жіберу мүмкіндігін беру;
7.Администратор интерфейсі.
Негізгі компоненттердің құрылымдық сұлбасы
Құрылымдық сұлбада құрылатын ортаның негізгі компоненттері болу керек. Мұнда серверлік деректер қоры, мәліметтер және клиенттер.
8. Техникалық құралдар комплексіне қойылатын талаптар
Клиенттік жақ:
Жүйені функциялау үшін, келесідегідей көрсетілген талаптардан төмен болмайтын, компоненттер орнатылу қажет: жылдамдығы 500кбит/с-тан төмен болмайтын модем қажет. Windows операциялық жүйесі бар компьютер, яғни процессор 500Mhz, видео карта 16mb, ОЗУ 32mb. Серверлік деректер қоры (http сервері):
Мынандай техникалық сипаттамалары бар компьютер қажет: процессор 700 Mhz төмен емес, видео карта 32mb, ОЗУ 128mb, 100 Mb сетевая карта.
5. Бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар
Жүйенің жұмыс жасауы үшін келесідегідей бағдарламалық компоненттер қажет:
Деректер қоры администраторына: (Unix, Linux) Windows 9x операциялық жүйелері, HTML4.0 түсінетін браузер және графикалық интерфейс қажет.
Жүйенің қолданушыларына: Windows 9х операциялық жүйесі, HTML4.0 түсінетін браузері қажет.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру:
MySQL деректер қорын басқару сервері;
PHP сценариялық тілі;
Жобадауды модельдеу үшін, RationalRose құралы;
Http сервер Apache.
6. Коммуникация жүйелеріне қойылатын талаптар
Жүйенің жұмыс жасауы үшін, келесідегідей құрал-жабдықтар қажет:
Жүйенің қолданушы жағында, модем және Интернетке шығатын желілік карта орнатылуы қажет. Оның мәліметтерді беру жылдамдығы 1 кбит/сек-тан төмен болмауы қажет. Ал серверлік жағындағы стандарттық желілік карта 100 мбит/сек болуы керек.
7. Электрондық жүйенің қолданушылары
Клиент – оның негізгі жасайтын функциялары кілттік параметрлері бойынша, қажетті Ақпаратты іздеу және сұраныстар жіберу.
Администратор - оның міндеті деректер қорын басқару, яғни мәліметтерді енгізу, өзгерту және жою сұраныстарын қабылдау болып табылады.
8. Деректер қорын баяндау
Деректер қоры мынандай, яғни Қазақстан туралы ақпараттар, wep cаиттың қасиет категорияларын анықтайтын кестеден, сұраныстарды жіберетін клиенттер туралы ақпараттар, сұраныстарды сақтайтын кестелерден тұрады.
9. Жүйенің кіру және шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар
Серверге кіретін мәліметтер ретінде, wep cаиттың қажетті объектісіне қолданушылардың сұранысы, категориясы, объектінің түрі, қосымша мәліметтерді жіберу. Сонымен қатар клиенттермен байланыс орнатын, контакты ақпараттар, яғни қолданушының аты-жөні, телефон номері, мекен-жайы, датасы және қажетті мүлік объектісінің идентификаторы болуы қажет.
10. Қолданушының интерфейсіне қойылатын талаптар
Жүйенің функциялары қолданушылар мен администратор болып бөлінеді де, администратор қолданушыларға мүмкін болатын, барлық функцияларды орындай алады. Сонымен қатар басқару интерфейсін құру қажет. Администратордың Қазақстан туралы ақпараттарды қосу,
өзгерту және жою мүмкіндіктері болуы қажет.
Қолданушының интерфейсі жұмыс жасағанда түсінікті, ыңғайлы және жалпы қабылданған стандарттардан ауытқымауы қажет. Жүйенің негізгі беті келісім-шарт жасау категориялар тізімінен, навигациялау элементтері және ақпараттық менюден тұрады. . Осы функциялар арқылы жүргізілген ізденістен кейін, әрбір қажетті объектінің мәліметтерін көруге болады. Табылған объектіге сұранысты қалдыруға болады. Қосымша функциясы ретінде, қолданушылардың регистрация мен аутентификациядан өтуі, парольдерді басқару және программаның іздеу тәсілін өзгерту болып табылады.
11. Бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар
Бұл бағдарлама келесідегідей құжаттардан тұрады:
техникалық тапсырма;
техникалық жоба;
бағдарламаның мәтіні;
бағдарламаны баяндау.
12. Сынау
Сынаудың мақсаты – жүйенің жұмысын, техникалық тапсырманың талаптарымен салыстыру. Барлық сынау жұмыстары, анықталған құрал- жабдықтарда өткізілуі қажет. Ол келесідегідей құралдармен, яғни жергілікті.желі арқылы байланысқан екі компьютер арқылы жүзеге асады. Оның біріншісі сервер болады да, оған Windows (32) операциялық жүйесі, Apache сервері және PHP тілінің интерпретаторы орнатылады. Ал клиенттік машинаға Windows (32) операциялық жүйесі орнатылады.
Актуальность темы
Практическая значимость
Цель дипломного проекта. Автоматизировать часть банковской системы, связанная с дистанционным обслуживаением и контролем движения средств по банковским счетам физических лиц.
Задачи дипломного проекта:
изучить принцип работы сервера Oracle;
изучить структуру централизованной БД банка;
проектирование и разработка той части БД, которая хранит необходимую информацию для дистанционного обслуживания клиентов посредством SMS сообщений;
разработка программного блока для ведения БД и формирования отчетов;
тестирование и анализ результатов.
Структура и объём работы. Дипломный проект состоит из введения (3 стр.), четырех глав (71), заключения (2 стр.), списка используемой литературы (3 стр.) и 2 приложений (17 стр.). Общий объем дипломного проекта 96 страницы, из них основного текста – 71 страницы и содержит 19 рисунков, 4 таблицы.
Во введении отражена актуальность задачи и описаны основные требования к проекту.
В первом разделе проведен обзор средств автоматизации банковских продуктов по ДБО.
Во втором разделе краткое описание предметной области, обоснование выбора технических и программных средств.
Третий раздел посвящен описанию процесса проектирования автоматизированной системы.
В четвертом разделе проведен расчет экономической эффективности от внедрения программного продукта и посвящен вопросам охраны труда работников, занятых решением задач по составлению программ.
Заключение включает основные выводы по работе.
1. Жалпы бөлім. Html тілі.
1.1 World Wіde Web және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс [45].
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Интернеттің тез қарқынмен дамуы адамзаттың тұрмысына жан-жақтылы ықпалын тигізді әрі адамдарға тіпті де көп еркіндік және таңдау кеңістігін бағыштады . Интернет арқылы адамдар қысқа уақытта көптеген ақпараттарды қабылдайды сонымен бірге кең аумақты пікір алмасу орайына ие болады .Осылайша дәстүрлі ұғымдағы географиялық орын барған сайын маңызды болмай қалды.
HTTP хаттамасы бойынша World Wide Web, Internet - тің ресурстары мен басқа гипертекстгі құжаттарды қарау үшін қолданылатын клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету браузер (browser) деп аталады. Microsoft корпорациясының жаңа браузері Internet Explorer 5.0 шолушысы табылады. Ол жерлікті ақпараттарға және Web серверлеріндегі мәліметтерге шығуға мүмкіндік береді. Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарау үшін және Internet-тің соңғы техналогияларын қолдау үшін арнайы шығарылған
Web –World Wide Web-тің қысқартылмасы , ол төрткіл дұниеге түгел таралған ақпарат қайнарынан құралған жүйе .Бұл ақпараттар мазмұнының қамтитын мазмұны тек текстті қана емес,тағы да сурет(қозғалмалы, тыныштықты),кесте,дыбыс,бейне сияқтыларды да өз ішіне қамтиды, қолданушы (User) керекті сөзі арқылы ідеуіне және деректерді шығаруына болады.Осы деректерде басқада деректермен жалғасу желісі де қамтылған.Адамдар қандай да бір ақпаратты оқыған кезде , кейбір сөздер мен сөйлемдердің ерекше бір әдіспен өзешеленіп тұрғанын байқайды , оларды шерткенде , web жалғастырлған адресске сай бір орыннан екінші орынға ауысады . World Wide Web - қиылысушы сілтемелер арқылы гипермәтінді ақпаратқа шығуға мүмкіндік беретін интернет жүйесі. WWW- те мәтінді оқып, көріністі тамашалап, музыка тыңдап, тіпті бейне фильмдер көруге болады. Гипермәтінді көре отырып, тышқанның баспасын жай ғана бассақ болғаны кез-келген ақпаратқа қол жеткізе аламыз. Бұл WWW -тен Telnet, E-mail, FTP, Gopher, WAIS, Archie немесе Usenet-ке қол жеткізе аласыз. Бірақ мұның барлығы сапалы модеммен, жетілген компьтер арқылы төлеу керек. Сонымен қатар, Web бойынша баяу желісінің жұмысы Windows -тың PC/AT 286 процессордегі машина жұмысына тепе-тең.
Қазіргі таңда WWW-ті 30 миллион қолданушылар мен 30000 өзара TCP/IP арқылы әрекеттесуші желілерді біріктіреді. WWW-ті көбіне шырмауық тор деп атайды. Яғни WWW арқылы сіз шатасуыңыз мүмкін. Ѕрине бұл осылай, егер сіз жаңадан қолданушы болсаңыз. Web жүйесіндегі тәжірибелі қолданушы қажетті ақпаратты тез тауып алуға қабілетті. Электронды поштаны қолдана отырып, сіз WWW құжаттары бойынша іздеу жасауыңыз мүмкін. Ол үшін сіз электронды хабарлама жіберуіңіз керек, мысалы, мына мекен-жайға agora@mx.nsu.su., хат мәтінінде send <URL> немесе <қайту мекен-жайы> URL деп көрсетіп, сұратылған құжатты ала-аласыз.
Web-тің шығу қайнары Еуропа ұсақ бөлшектер тәжірибеханасынан басталған(CERN).Жоғағы энергия физикасын зерттеумен айналысатын ғалымдар дүниенің әр жеріне орналасқаны себепті,дер кезінде идея алмастыру ,зерттеу нәтижелерінен ортақ пайдалану төтенше қажетті еді.1989 ж. CERN-дағы Tim Bemers Lee ең алдымен Hypertext жорамалын ортаға қойды.1992 ж.web-тің алғашқы нұсқасы жасалумен-ақ,өзінің ақпарат тарату және қабылдаудағы ерекше стилі арқалы ғалымдардың қызу қолдауына ие болды.Алғашқы web тек текст формасындағы ақпараттарды қана жеткізе алатын әрі тек ғалымдар және шекті аймақтармен ғана шектелген болатын.Ал әдеттегі адамдар web-тің осы заман тұрмысына болған зор ықпалын әлі де тани алмаған еді.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс. HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен – тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator программасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есептегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлердің 90 %-ын құрайды.
Web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. Web-құжаттың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны түзету керек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шығарып түрлендіру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безендіретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атайды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.
Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSIWYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жүзеге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қалыптастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақтың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орындалады.
Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкіндіктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4.0] нұсқасында мәтінді форматтау командаларын пайдалану ұсынылмаған.
HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз – тәг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркестерін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу). Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрініп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын немесе түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солардың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
Кесте 1.1
HTML тәгтеріне мысалдар:
<HTML> <HEAD> Жалпы тақырып <TІTLE> Терезе тақырыбы </TІTLE> </HEAD> <BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1> <BR> <H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR> <P> <H3> Бірінші абзац </H3> HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды. <HR> <H3> Екінші абзац </H3> <P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR> </BODY> </HTML> |
Кесте 1.2
HTML тәгтерінің қосарланып жазылуы:
<HTML> ... </HTML> <B> ... </B> <HEAD> ... </HEAD> <H3> ... </H3> <LІ> ... </LІ> |
Кесте 1.3
HTML тәгтерінің жалқы жазылуы:
<BR> ... <HR> ... <FRAME> ... |
Кесте 1.4
HTML тәгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:
<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > ... <HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> ... <HR> <A HREF="FІSH.JPG"> балық </A> ... <HR> <ІMG SRC="DOG.JPG"> <P> <ІMG SRC="FІSH.JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> ... |
Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.
Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:
<тәг_аты [атрибуттары]>
Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:
</тәг_аты>
Ал атрибуттың жазылу ережесі:
атрибут_аты [= “мәні”]
Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тәг_аты, атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олардың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.
Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлардан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құрастырыла береді. Бірақ тәгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “, жай мәтін таңбалары ретінде теру керек болса, онда ерекше символдық тізбектер-ескейп-тізбектер (&-тізбектер) қолданылады. Созылмайтын босорын таңбасы да осы тізбек арқылы өрнектеледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше босорын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды. Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен басталып, нүктелі үтір таңбасымен (;) аяқталады.
Кесте 1.5
символдар тізбегі
&-символдар тізбегі |
Бейнелейтін символы |
< |
< символы |
> |
> символы |
& |
& символы |
" |
“ (қостырнақша) символы |
|
созылмайтын босорын символы |
Ескейп-тізбектерді тек төменгі регистрде (кіші әріптер) теру керек, оларды " немесе & түрінде жазуға болмайды.
HTML
тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар
жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот
(Notepad)
және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс
істей білу жеткілікті.TML-құжат
– бұл аты аты.htm түріндегі қарапайым
мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты
Блокнотта теріп шығыңыздар.енді
осы терілген құжатты, мысалы, asem.htm
деген атпен дискіде сақтау керек.
Сонда оның белгішесі
болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet
Explorer программасымен көруге болатын
түрге айналады.бұл asem.htm файлын бір
мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта
ашып, оларды түрлендіре отырып,
қатарластыра көруге болады. Ол үшін
файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр
– HTML түрінде (Вид – В виде HTML)
командаларын орындау қажет. Сонда
файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта
ашылып, оны түрлендіріп өзгерту
мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті
өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге
жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің
HTML-құжатта
іске асқанын көру үшін,
қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау
(Вид – Обновить) командасын орындау
керек немесе Саймандар тақтасындағы
осы командаға сәйкес батырманы басу
қажет.сонымен ішіне тәгтер жазылған
кез келген программа мәтінін Блокнотта
тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша
ат беріп, *.htm
(* – кез келген ат) түрінде
сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін
экранда көру үшін, оның атын тышқанмен
екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны
ашу қажет.