
- •Дәрістік кешен құрылымы
- •1. Ақша қаражаттарының есебі
- •2. Ақша қаражаттары
- •2 Тақырып Ақшаның уақыттық құн есебі Мақсаты:Ақшаның дисконттық және болашақ құндарын анықтауды меңгеру
- •2. Күрделі пайыз немесе болашақ құн
- •Күрделі пайыз немесе ағымдағы құн
- •Ануитеттер
- •3. Дебиторлық берешектер есебі
- •4 Тақырып Қорлардың және басқа активтердің есебі (тмқ)
- •4 Тақырып Негізгі құралдардың есебі
- •6 Тақырып Материалдық емес активтер есебі
- •7 Тақырып Активтердің құнсыздануының есебі
- •8 Тақырып Ұйымның міндеттемелерінің есебі
- •2 Қаржылық міндеттемелер
- •3 Салық міндеттемелері
- •4. Міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
- •5. Кредиторлық қарыздардың есебі
- •6. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
- •8 Тақырып Түсімдер, табыстар мен шығыстардың есебі
- •9 Тақырып Меншікті капиталдың есебі.
- •10 Тақырып Қаржыесептілігін ұсыну
3. Дебиторлық берешектер есебі
Лекция мақсаты: Дебиторлық берешектердің мәнін, жіктелуін, есебін, танылуы мен бағалануын қарастыру.
Дебиторлық борыштардың өлшенуі және танылуы.
Күмәнді дебиторлық борыштар.
Күмәнді борыштарды бағалау.
Алынған вексельдерді өлшеу және бейнелеу.
1.Дебиторлық борыштар дегеніміз – басқа тұлғаның шаруашылық субъектінің қолындағы бізге тиесілі ақша қаражаттары.
Дебиторлық борыштар көрсетілген қызметтерге сатылған тауарлардың нәтижесінде пайда болады.
Төлеу мерзімі бойынша дебиторлық борыштар екі түрге жіктеледі:
Қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі дебиторлық борыштар)
Ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Операциялардың сипаты бойынша дебиторлық борыштар
Саудалық
Саудалық емес болып жіктеледі .
2.Несиеге сатылған тауарлардың сомасы көп жағдайда өз уақытылы немесе мүлдем төленбеуі мүмкін. Мұндай уақытында төленбеген борыштарды күмәнді дебиторлық борыштар. Есептеу принципіне сәйкес күмәнді дебиторлық борыштардан алынатын зияндар сатып өткізу жүргізілген есепті кезеңге танылуы керек, яғни күмәнді дебиторлық борыштың болуы күтілетін болса, онда алдын ала резерв құрылады.
Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді есепке алу үшін 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» контрактивті.
3.Күмәнді дебиторлық борыштарды бағалаудың 2 әдісі бар:
Несиеге таза сатудан пайыз әдісі
Дебиторлық борыштарды төлем мерзіміне қарай есепке алу әдісі.
Бірінші әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштардың нәтижесінде пайда болатын шығыстарды дәл өлшеу болатын болса.
Екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза құнын дәл анықтау.
3.Алынған вексель белгілі бір уақыт өткеннен кейін вексельде көрсетілген соманы өтейтіндігін білдіретін жазбаша міндеттеме.
Вексельдің ерекшеліктері:
Вексельдің мерзімі. Вексель рәсімделген күннен бастап күні саны м ен есептелнеді.
Вексельде көрсетілген пайыз оның номиналдық ставкасын құрайды. Ал іс жүзінде номиналдық ставка нарықтық ставкамен сәйкес келе бермейді.
проценттік табысты есептеу үшін нарықтық ставка қолданылады.
Вексельдің номиналдық құны.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
Дебиторлық борыштарға анықтама, олардың жіктелуі;
Дебиторлық борыштар қай кезде танылады;
Дебиторлық борыштардың есебі;
Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтер құру әдістері, мақсаты;
Олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.
Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;
В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» Алматы, Экономиа 2005;Оқулық
В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003