Арифметикалық кодтау
Ақпаратты екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеуіш техникасында кең таралуына себеп болды. Ақпаратты екілік кодпен жазу үшін құрылғы екі күйді айыра білуі керек. Мысалы, 1-құрылғыда ток барын, ал 0-жоғын немесе 1жоғары кернеуді 0 төменгі кернеуді білдіреді. Екілік алфавитті пайдаланып кодтау процесі қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттерге ие. Егер екілік алфавит өте маңызды болса, онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкіндік береді. Олар: 00,01,10,11 бұл өт аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін тьыныс белгілері мен цифрларды санамағанда 33 символ қажет. Кез-келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символдарды кодтау үшін 8 биттен яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8 нөлдер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірдің, яғни 1 байттың көмегімен 256 символда кодтауға болады:
Сонымен хабардың ақпараттық көлемі-оның бит немесе байтта өлшенетін ұзындығы. Ыңғайлы болу үшін бит және байтпен бірге ақпарат көлемін өлшеудің ірірек бірліктері енгізілген:
1Кбайт (килобайт)=1024 байт ≈ 1000 байт;
1Мбайт (мегабайт)=1024 Кбайт ≈ 1 (миллион байт);
1Гбайт (гигабайт)=1024 Мбайт ≈ 1 (миллиард байт).
Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жеткізілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді. Мысалы, телефон кабельі арқылы ақпараттың жылдамдығы 4Кбайт/секундқа, адамның мәтін оқу жылдамдығы 38 байт/секундқа, ал сөйлеу жылдамдығы 16 байт/секундқа жуық.
Хабардың ақпараттық көлемі сол хабардағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядты екілік сандармен, яғни байттармен ұсыну қабылданған. Көлемі 100 Мбайт жадқа орналастыруға болады.
-50 000 беттік мәтінді;
-150 түсті слайдты;
-1,5 сағаттық сөздік аудио жазбасын;
-10 минуттық стерео музыкалық үзіндіні:
-15 секундтық фильмді;
-Windows’98, Word’97 программаларын.
00000000, 00000001, 00000010,...,11111111.
А
Екілік көбейту
0*0=0
0*1=0
1*0=0
1*1=1
рифметикалық амалдар екілік жүйеде төменде көрсетілген ережелер арқылы орындалады.
Е
Екілік азайту
0-0=0
1-0=1
1-1=0
10-1=1
кілік қосу
0+0=0
0+1=1
1+0=1
1+1=10
