
- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
Ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді қамтамасыз етеді. Баланстық қорытынды немесе бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық жағдайының бейнесі тұрғысында қаралуы да мүмкін.
Қорытынды есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мәні өте жоғары. Осы құжат арқылы ұйымның қаржылык жағдайы жөнінде анық және бұрмаланбаған көрсеткіштер жинақталып, мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын канағаттандырады. Баланс активтер, пассивтер және капитал козғалысының есебін жүргізуші синтетикалық шоттардың қалдығынан туындайды. Бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарынан жинақталған ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін әрқашанда қажет бола бермейді. Сондықтан бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін оқып түсінудің жолдарын жеңілдету үшін жекелеген шоттарды топтастыру әдісі қолданылған.
Топтастырудың нәтижесінде қаржы салымшы инвесторлар, несиелендірушілер, қаржылық қортындыны басқа да пайдаланушылар топтастырылған шоттардағы мәліметтерді өзара байлаңыстыра отырып, зерттеу және бағалау шараларын белгілейді. Мұның үшін жалпы бағыттагы қаржылық қортынды есеп бухгалтерлік есеп шоттары бойынша топтастырылған мәліметтер негізінде жасалынып, мұның өзін - жүйеленген қаржылық кортынды есеп деп те атауға болады. Баланс бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістері мен арнайы сабақтастық ережелерді (процедураларды) анық және дұрыс қолданған жағдайда ғана сақталады.
Баланстың атқаратын міндеттерінің негізгісі - есепті жыл ішіндегі ұйымның каржылық жағдайы жөніндегі өзгерістерді сипаттау болғандықтан, баланс екі бағаналы кестеден - жылдың басындағы және аяғындағы көрсеткіштерді ажыратып тұрады. Есепті екі жылдың көрсеткіштері жазылған баланста осы жылдың аяғындағы баланстың арнайы тараулары мен баптарына жазылған көрсеткіштер келесі жылдың балансын жасау үшін жылдың басындағы көрсеткіштер болып, баланс бағанасына жазылып отырады. Алайда баланстың құрылымы және жекелеген баптардың құрамы өзгермейді.
Бухгалтерлік баланстың қазақстандық типтік құрылымы және оның тараулары мен баптары төмендегідей түрде қалыптасқан:
Активтер |
Пассивтер |
Қыска мерзімді активтер |
Қысқа мерзімді міндеттемелер |
Ұзақ мерзімді активтер |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
Капитал |
Ұйымдар өз қызметін алғашкы кезеңнен бастап жүргізуі үшін бұлардың бастапқы капиталы болуы керек. Бастапқы капитал ұйым құрушы құрылтайшылардың қосқан үлестік жарнасынан түрады. Құрылтайшылардың қосқан жарнасы - жарғылық капитал деп аталынады. Жарғылық капитал қалыптастыруға салынған жарналар: материалды және материалды емес қаражаттардан тұрады.
Материалды және материалды емес қаражаттар ақшалай бірлікке айналдырылып бағаланады және бағаланған сомалар капитал түрінде көрсетіліп, ұйым жарғысында жарияланады. Жарғылық капитал активтер қалыптастырудың белгілі бір қаржылық көзін кұрайды. Мұның мөлшері меншікті капитал түрінде кұрылтайшылық құжатқа жазылып жарияланады. Баскаша айтқанда меншікті капитал жаңадан құрылған ұйымның өз құрылтайшыларының алдындағы берешегі болып есептелінеді.
Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан активтер сомасымен шектеліп кана қоймай, бұлар сыртқы көздерден: банктерден несие, басқалардан қарыз сомалар мен ссуда алуға толык кұқылы. Сыртай көздерден алынған қаражаттарды - қатыстырылған (келтірілген) қаржы көздері деп атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі екі үлкен топқа: ұзақ және ағымдағы міндеттемелерге бөлінеді. Бірінші топта ұйымдар меншігінде бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланылатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатылып алынып, жұмсалатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер сомасы көрсетіледі.
Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі үлкен топтан түратын: ұзақ мерзімді және ағымдагы активтерге салынады. Өндірістік процесте бір жылдан, артық уақыт пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді, ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және ақшаға айналатын активтерді қысқа мерзімді активтер деп атайды.
Баланстың жекелеген тараулары мен баптары әр түрлі үлгіде орналасуы мүмкін. Кейбір шетелдердің есеп тәжірбиесінде баланстың тараулары активтердің өтеушілік қабілетіне қарай төмендетілген дәрежеде, ал пассивтер бұларды жабу (міндеттемелер) уақытының жоғарылатылған дәрежесіне қарай орналысқан. Есеп жүргізудің әлемдік тәжірбиесінде бухгалтерлік баланстың екі үлгісі: көлденең және тігінен жасалынған үлгі қолданылады. Көлденең жасалған үлгіде активтер баланстың сол жағында, пассивтер оң жағында орналысқан. Тігінен жасалған үлгіде баланстың тауарлары мен баптары белгіленген сабақтастықпен әуелі активтерді сипаттаушы баптарға, бұдан соң пассивтерді сипаттаушы баптар бойынша орналасқан. АҚШ елінде баланстық үлгінің көлденеңдігі мет тігінендігі, мұны қолданушы тұлғалардың тыңдауында немесе есеп саясатында көрсетіледі.