Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Фин анализ каз+.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %

Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқуы (+,-)

A

Б

1

2

3

1

Таза табыс, мың теңге

5040

6538

+ 1498

2.

Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасы)

30512

37254

+6742

3.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған ка-питал), %

16,52

17,55

+ 1,03

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынының таза табысы жатқызылады.

Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (5040:37254*100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсеpi 2,99 пунктті (13,53-16,52) құрайды. Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті -4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99+4,02=4-1,03).

10 - тақырып. Ұйымның іскерлік белсенділікті талдау

1. Іскерлік белменділікті талдаудың рөлі

2. Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері

3. Іскерлік белсенділікті есептеу әдістері

1 - сұрақ. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықгы тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықгалады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдық, жабдықтау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықгай жоғары келеді -бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылыкгы жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

2- сұрақ. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады: