
- •Оқу әдістемелік
- •050506 « Экономика » мамандығы студенттеріне арналған Алматы 2008ж
- •1. Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус)
- •1.1. Оқу пәнінің мінездемесі
- •1.2. Пәннің мазмұны «Қаржылық талдау»
- •1.3. Күнтүзбелік тақырыптық жоспары
- •1.4. Бағалаудың іш- шарасы бойынша тапсырмасы
- •1.5.Форум тақырыптары
- •2.Дәрістің мазмұны
- •1. Қаржылық есебінің құрамы және мазмұны
- •2. Бухгалтерлік баланс, оның мазмұны және маңызы
- •Бухгалтерлік баланс
- •4. Ақша қозғалысы есебі Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп
- •2Өо___жылдың____________-________айына жасалған
- •Жанама әдісті қолданып жасалатын акша қозғалысының қорындысы
- •Жанама әдісті қолданудағы таза табысты (шеккен зиян) реттеу
- •Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп
- •6. Ұйымның есеп саясаты
- •4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
- •1. Баланс активінің құрмы мен құрылымының динамикасын талдау
- •2. Ұймның мүліктерін мобильді және мобильсіз түрлеріне бөлу
- •4.Мобильді құралдардың құрамы мен құрылымы
- •"A3 Эталон" ақ-ның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
- •Қажет қарыздың бойынша 200_ жыл заемның атауы
- •Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері
- •Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі %
- •1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
- •3. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффицииенті.
- •Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы
- •1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасаудыя объективті себептері:
- •2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- •А. Несие беру қабілетгілігі индексінің есебі.
- •Бұдан z есебінің формуласы мынандай болады:
- •Ә. Формаланған жэне формаланбаған белгілер жүйесін қолдану.
- •В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
- •3.Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін материалдар
- •Бақылау құралдары.
- •Терминдерге түсініктеме(глосарий)
- •Рефераттардың тақырыптары
6. Ұйымның есеп саясаты
Есеп саясаты деп- ҚР бухгалтерлік және қаржылық корытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылданған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады.
Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрдбір ұйым өзінің алға қойған мақсат- мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы.
Сонымен есеп саясаты деп- ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, тандалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.
Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады:
шаруашылық операциялары мазмұнын экономикалық тұрғыда топтастыру;
-бухгалтерлер арасында ақаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп шоттарын қолданудың тәртібін белгілеу;
-құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;
Түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері есеп саясатының әдіснамалық жекелен аспектілерінен тұрады.
Төменде іс-тәжірибеде қолданылатын, бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұнын жекелеген объектілер бойынша ашып көрсетүді мақсат тұттық.
1. Негізгі құралдарды бағалау мен бұларға амортизация есептеу.
2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өткізу әдісі.
3. Негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу.
4. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының резервін жасау есебінің тәсілі.
5. Материалды емес активтер және бұлардың амортизациясы.
6. Инвестицияларды бағалау.
7.Тауарлы-материалды босалқыларды бағалау.
8. Өндірістік шығындар есебі және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау
9. Берешек және алашақ қарыздар есебі.
10. Енбек ақы төлеу есебінің саясаты.
11.Ақшаларға тән есеп саясаты
12. Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясаты
4–тақырып. Капиталдың қалыптасу көздерін талдау
1. Нарық жағдайында капиталдың рөлі және маңызы
2. Капиталды құрамы және оны орналастыру
3. Меншікті капиталдың құрамы және оны орналастыру
4. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымы
5. Түрлері және пайда болу мерзімі бойынша кредиторлық берешектерді талдау
Меншікті капитал -Осы ұйымға акциялар мен дивидентік пайда алу мақсатында қатысушылардың салған инвестицияларын - меншікті капитал деп атаймыз. Ұйымдардың меншікті капиталы, жарғылық капиталдан, қосымша және резервтік капиталдан және бөлінбеген таза пайда көздерінен қалыптасып отырады. Сонымен қатар меншікті капитал көзіне меншік иелерінің өздері салған қаражаттары, бөлінбеген таза пайда және ұйымдарда жылдар бойы жинакталған меншікті қаражат көздері жатады. Меншік иелерінен (меншікті көздерден) жинакталған (құралған) қор көздері қатысушы акционерлердің шешіміне қарай әр түрлі мақсаттарды қаржыландыру үшін меншікті капиталға косылып отыруы мүмкін.
Меншікті капитал- ұйымдардың т.б. заңды тұлғалардың жарғылық құжатында көрсетілген көз. Ұйымдарды бастапқы кезеңде кұру және бұлардың қызметін бастау жөнінде меншік иелерінің, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы ұйымға салған көздерін - жарғылық капитал немесе меншікті капитал деп атаймыз. Жарғылық капиталды меншік иелерінің және үлес қосушы құрылтайшылардың салған каражаты, негізгі құралдар, материалды емес активтер, т.б. құндылықтар түрінде қалыптастыруға болады. Меншікті капитал калыптастырудың түпкі мақсаты - бизнестік (кәсіпкерлік) қатынастарға түсу, мұның қызмет бағытын кеңейту мен жүргізу және базарлы сауда мең бәсекеге түсетін тауарлар өндіріп, сұраныс пен түтынысты қанағаттандыру болып табылады. Жарғылық капиталдың шектеулі мөлшері қазақстандық зан актілерімен белгіленеді.
Серіктестіктердің және бұлардың иелерінің, үлес қосушы кұрылтайшылардың осы ұйымның экономикалык үрдісіне пайдалануы үшін үлес қосу (акция) мақсатында салған қаражат көздерін - акционерлік капитал деп атаймыз. Серіктестіктер қызметінің ерекшеліктеріне сай және тиісті заң талаптарына қарай акционерлік капитал өзгеріске түсуі мүмкін. Акционерлік капитал негізгі екі категорияға:
1) төленген капитал;
2) төленбеген капиталға бөлінеді.
Төленген капитал деп - осы ұйымның басқа да ірі корпорациялардың шығарған акцияларын сатып алып, бұлардың номиналдық құнынан жоғары бағамен сатуын, сонымен қатар ұйымдардың өздері шығарған акцияларын номиналдық курсынан төмен бағамен сатуын айтамыз.
Қосымша төленбеген капитал деп - негізгі кұралдарды және салынған инвестицияларды қайта бағалаудағы қосымша сомаларды айтады. Сонымен қатар активтерді қайта бағалаудағы, мысалы, материалды емес активтерді, шетелдік еншілес және тәуелді ұйымдардағы, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нетто-инвестициялар бойынша курстық айырымдарды, сондай-ақ осы ұйымдағы мәні жағынан нетто-инвестицялардың белгілі бір бөлігі болып табылатын айырым сомалар - қосымша төленбеген капитал категориясына жатады.
Ақша төлемей алынған мүліктер кұнынан және эмиссиялық табыстың пайда болуынан, сондай-ақ материалды емес активтер мен негізгі кұралдарды қайта бағалау нәтижесінде ағымдағы капитал сомасының көбеюуін - қосылған капитал деп атаймыз. Қосылған капиталды ағымдағы шаруашылық операцияларын (кызметке) шығын ретінде жұмсауға болмайды. Капиталдың бүл түрі ұйымдар капиталының көлемін белгілі бір дәрежеде үстап түру үшін күрылған.