Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франчайзинг готовыйы_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.83 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда ең бірінші мынадан бастап айтуға болады: франчайзингтік негізде өз бизнесін жүргізу кезінде өзіне тән басты артықшылықтары мен кемшіліктері бар соны ескеру ең маңызды екендігі маған түсінікті болды.

Бірінші артықшылықтырын айтатын болсам оған : кезкелген бизнес түрін ашар алдында ол бірінші бизнестің бизнестің құрылымын , моделін жасап алуы керек , ал франшиза арқылы жасайтын болса осылар дайын болады .

Екіншіден өзіне керек салаларға байланысты өз қаржысын жұмсамай тұрып франшиза беруші компанияның бизнесімен танысып алады .

Үшіншіден франчайзер компания өз бизнесін жүргізудің тек қана механизмін беріп қана қоймай сонымен қатар ол персоналдың тиімді жұмыс істеуіне керекті оқыту процестерінде жүргізеді .

Міне осылар екі жаққада тиімді , артықшылықтыр болып саналады .

Ал енді кемшіліктерін айтатын болсақ оған мынаны жатқызуға болады :

Біріншіден франчайзи ол франчайзер компания қойған талаптар мен міндеттерге, ережелерге сәйкес болуы керек және одан ауытқымауы керек .

Екіншіден франчайзи бизнестен шыққан жағдайға байланысты қатал талаптар қойылған оларды қысқаша айтқанда мынандай нысанда болады : ол белгілен бизнес саласында нақты бір уақыт және де территория аралығында жұмыс істей алмайды, сонымен қатар бәсекелес ұйым болып құрыла алмайды .

Үшінші кемшілігіне франчайзи ол франчайзер компанияның орталықтандырылған маркетингтік және жарнамалық кампанияларына міндетті төлемдер төлеуі тиіс болады.

Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе Қытай, АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері бар. Ұсынылған жіктеме бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік моделінің жалпы даму шеңберіндегі қолданыста бар жіктемелік критерилерді толықтыруға және олардың жаңа көрсеткіштерін енгізуге мүмкіндік берді.

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында оның дамуының негізгі үш кезеңін қарастырдым, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіленді.

Алматы қаласы мейрамхана қызметін тұтынушылардың талғамы мен қалауын зерттеу нәтижесінде мейрамхананы таңдаудағы басты факторлар тағамдардың дәмдік қасиеттері мен бағасы және қызмет көрсету сапасының деңгейі екені барлығымызғы анық ,өйткені ең бастысы осы . Сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындардың мамандарына жүргізілген зертеулер нәтижелері қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын қаржы қаражаттардың жетіспеушілігі, мекемені жалға алу шарттары, заңның тұрақсыздығы, салықтардың жоғары болуы, несие беру шарттары сияқты факторлар айқындалы. Жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде қандай жас аралығындағы тұтынушылардың келуі анықталды.

Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болды.

Франчайзингтік кәсіпорындардың қызметін талдау және бағалау нәтижесінде оның дамуына қажетті маркетингтік стратегия әзірленді. “РосИнтер Алматы” компаниясының негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы SWOT- талдауы жасалды. SWOT- талдауының көмегімен мен мынаны айтқым келеді, басқа кәсіпорындар мен тиімді байланыс орнату,жаңа әлі игерілмеген нарықтарда мейрамханалар ашу керек және де жаңа технологияларды пайдалану, құрал – жабдықтарды жетілдіру қызмет көрсетудің сапасы мен өндірістік қуаттылығын сақтап тұру керек , және сонымен қатар оны жүйелі түрде көтеру қажет, яғни жаңа тұтынушылар тарту үшін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 И.Б.Түркістани Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің

инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері

Түркістан 2009

2 Сабден Оразалин 2007 Бәсекелестік экономика

3 Қалдыбаев О, Темірбаев А. “Экономика предприятия” – Алматы: 1997г.

4 Франчайзингтің әлемдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері /

“Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс

cалдары” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

материалдары жинағы. Алматы: Экономика, 2004., 184-189 б., 0,37 б.п.

5 Қазақстандағы франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері / “Жедел

жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар” атты халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Экономика, 2005

ж., 368-373 б., 0,37 б.п.

6 Панфилов В.С., Шураков А.Г., Стуков А.С. Инновационный тип

экономического развития и ограничения финансирования //Проблемы

прогнозирования. – 2005. – №2. – С. 3-18.

7 Кочетков Г.Б. Франчайзинг: Организация малого бизнеса . 2002 . №4.

102 - 118

8 Котлер Ф. Основы маркетинга. - М.: Прогресс, 1991

  1. Құлпыбаев С. Қаржы. Учебное пособие. – Алматы: Балауса, 2007.

10 Бутаков А. Инновационные процессы в интегрированных структурах

//Экономист. – 2005. – №7. – С. 39-51.

11 Аналитический отдел Моисеев Евгений, Чернышева Людмила

moiseev@unisoncapital.ru, lyuda@unisoncapital.ru www.unisoncapital.ru

12 http://www.yandex.kz

13 "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 28 маусым N 148-149

14 http://www.zakon.kz/

15 Довгань В. Франчайзинг путь к расширению бизнеса.- М.: Дело, 1991.

16 Источник: Отчеты компании, оценки Альфа-Банка

http://www.alfabank.ru/f/1/investment/corporate_financing/bond_issuing/Ros

inter_memo.pdf

17 www.Google.kz

31