Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франчайзинг готовыйы_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.83 Кб
Скачать

3 Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары

Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады. “РосИнтер Алматы” компаниясының маркетинг, логистика бөлімшелері өз қызметтерін нарықта бәсекелік бағамен ұсынады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері топтастырылып, толық жіктемесі жасалды. Ұсынылған жіктеме бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік моделінің жалпы даму шеңберіндегі қолданыста бар жіктемелік критерилерді толықтыруға және олардың жаңа көрсеткіштерін енгізуге мүмкіндік берді. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс - әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді. Франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

Қажетті нормативтік - құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР “Инновациялық қызмет туралы заңы”, “ҚР патент туралы заңы”, “ҚР Инвестиция туралы заңы”, “ҚР Лицензиялау туралы заңы”. Бірақ бұл заң актілері әлі де болса франчайзингтің мазмұнын толық ашпайды және бірқатар түзетулерді талап етеді. Сонымен қатар “Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” Заң нақты “Франчайзинг туралы” Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің шектен тыс реттеуге бағытталған заңдары мен нормативтік актілерін өңдеп, толықтыру керек.

Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шаралары жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді.

Франчайзинг субъектілерінің несиелік және қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі франчайзинг негізінде бизнесін жүргізуге талпынған кәсіпкерлер үшін ең негізгі кедергі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған кәсіпкерлерге банктен несие ресурстарын алу қиындығы, тіпті қаржы институттарының бұл салаға деген қызығушылық танытпауы басты мәселе болып тұр. Бұл мәселені шешудің басты жолы франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру.

Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.

Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші және әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.

Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып франчайзингтік жүйені пайдаланушы отандық кәсіпкерлік қызметті дамыту мен олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оңтайлы критерийлерін келесідей қарастырамыз: а) отандық кәсіпкер қызмет ету саласын дұрыс таңдауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны әзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет.

Қарастырған ой-пікірлерімізді қорытындылай келе, еліміздегі франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалар, бизнестің басқа үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен салыстырғанда белгілі бір ерекшеліктер мен артықшылықтары бар екені белгілі. Осыған орай, бүгінгі таңдағы бизнестің осы жүйесіне қатысты мәселелер шешімдерінің жылдам табылуы оның шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын арттырып, еліміздің келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз:

1) франчайзингтік келісім-шартты заң жүзінде тіркеу негізінде – жұмыс орындарын арттырады;

2) кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;

3) бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;

4) нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделгіш франчайзингтік компаниялар тұтынушылардың сұранысын инновациялық тауарларды ұсыну арқылы қанағаттандырады;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 Жолдауына сәйкес отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы шегінде жергілікті және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық франчайзерлер санының артуына ықпал етеді.