- •1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы
- •1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы және даму кезеңдері
- •1.3 Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ
- •2.1 Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама
- •2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы” кәсіпорынының, “il Патио” және “English First” компаниясы
- •2.3 ”Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары
- •3 Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары
- •Қорытынды
2.3 ”Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары
Мен осы “РосИнтер Алматы” компаниясының “Ростик`с” жылдам тамaқтандыру мейрамханалары желісін ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргіздім және кесте түрінде жасап және сол арқылы оның нарықта қандай іс- әрекет қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігін анықтау керекпін.
7-кесте SWOT – талдауы
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
1) Нарықтың дәл мониторингі |
1)Тауар ассортиментірің аздау болуы |
2)Қаржылық тұрақтылық |
2)Персоналға деген мотивацияның әлсіз болуы |
3)Рентабельділіктің жоғары болуы |
3)Жаңа технологияларды нашар пайдалануы |
4)Бағаның орташа деңгейде болуы |
|
5)Тауар атының нарықтағы әйгілі болуы |
|
Мүмкіндіктері |
Қауіп - қатерлері |
1)Технологияларын жетілдір |
1)Бәсекелестердің көбею |
2)Салықтардың өсуі |
|
2)Басқа нарықтарға шығуы |
3)Бағалардың өзгеру |
3)Отандық нарықтағы басқа кәсіпорындар мен бірігу жолдары |
4)Субситутты тауарлардың пайда болуы |
4)Халық санының өсуі |
|
Ескертпе: интернет мәліметтері негізінде автор құрастырған |
|
SWOT – талдауының көмегімен мен мынандай қорынындыға келдім, нарықта оз орнын, яғни лидерлік позициясын ұстап, бәсекелестік күрес жүргізу үшін:
1) Қызмет көрсетудің сапасы мен өндірістік қуаттылығын сақтап тұру керек, және сонымен қатар оны жүйелі түрде көтеру қажет, яғни жаңа тұтынушылар тарту үшін.
2) Жаңа әлі игерілмеген нарықтарда мейрамханалар ашу керек.
3) Жаңа технологияларды пайдаланады, құрал – жабдықтарды жетілдіру.
4) Басқа кәсіпорындар мен тиімді байланыс орнату.
“РосИнтер Алматы” компаниясының мейрамханалары желісін ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді.
Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.
Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды. Кәсіпорындардың мақсаттарын жүзеге асыруға кедергі болатын негізгі фактор ретінде “қаржы-қаражаттардың жетіспеушілігі” көрсеткішін қоғамдық тамақтандыруда респонденттердің 73%-ы, ғылым және ғылыми қызмет көрсету саласында - 70%-ы, ақпараттық-есептік қызмет көрсетуде - 57%-ы және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықта - 55%-ы атап өтті. Қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын факторлар ретінде: 42% - мекемені жалға алу шарттарын, 36% - заңның тұрақсыздығын, 27% - салықтардың жоғары болуын, 26% - несие беру шарттарын, 12% - қоғамдық тамақтандыру қызметіне сұраныстың төмендеуін атап өтті. Сонымен қатар, бәсекенің жоғары болуы, құрал-жабдықтардың тозуы және технологияның артта қалуы, жабдықтау мәселелері, басқарудағы қиыншылықтар, жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі сияқты факторлар аса маңызды деп қарастырылмаса да, компанияның қызметіне әсер ететін факторлар қатарында. Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады. “РосИнтер Алматы” компаниясының маркетинг, логистика бөлімшелері өз қызметтерін нарықта бәсекелік бағамен ұсынады. Франчайзингтік жүйенің сәтті дамуында маркетингтің рөлі зор. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру нарығындағы тұтынушылардың талғам талаптарын анықтау үшін пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Мақсаты – 18-65 жас аралығындағы Алматы қаласы тұрғындарының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметтерін тұтынудағы талғамдарын айқындау. Оның әдістемелік негізі ретінде зерттеу жүргізудің әдістері, кезеңдері, тәсілдері алынды. Зерттеудің репрезентативтілігі іріктеме мөлшерімен анықталып, 385 адамды қамтыды. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына тұтынушылардың келу жиілігін; респонденттердің мейрамханаларды таңдауына теріс ықпал ететін факторлар белгілеу; қызмет көрсетудің тартымды әдістері мен түрлерін айқындау зерттеудің негізгі міндеттері ретінде қарастырылды. Мәліметтерді жинау пікір сұрау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Респонденттерді жынысына байланысты рангтерге бөлу негізінде олардың 83,2%-ы әйелдер, ал 16,2% еркектер екені айқындалды, олардың ішінде мейрамханаларға келушілердің негізгі бөлігінің жас шамасы 20-49 жастағылар 69,6% болды.Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды. Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды. Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады. “РосИнтер Алматы” компаниясының маркетинг, логистика бөлімшелері өз қызметтерін нарықта бәсекелік бағамен ұсынады. Сонымен қатар, бәсекенің жоғары болуы, құрал-жабдықтардың тозуы және технологияның артта қалуы, жабдықтау мәселелері, басқарудағы қиыншылықтар, жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі сияқты факторлар аса маңызды деп қарастырылмаса да, компанияның қызметіне әсер ететін факторлар қатарында.
