
- •1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы
- •1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы және даму кезеңдері
- •1.3 Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ
- •2.1 Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама
- •2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы” кәсіпорынының, “il Патио” және “English First” компаниясы
- •2.3 ”Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары
- •3 Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары
- •Қорытынды
2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы” кәсіпорынының, “il Патио” және “English First” компаниясы
“Rostik International” халқаралық компаниясы 1981жылы Венесуеллада құрылған. 1989 жылы алғаш Ресей нарығына келді. Ал 1991 жылы ЖШС ретінде тіркеліп мейрамханалық және сурет – бизнесін біріктірген. Ал 1995 жылы стратегиялық бағытын мейрамханалық бизнеске өзгертіп қайта құрылды. Қазіргі таңда оның негізгі бағыты осы Ресей мен ТМД елдеріндегі мейрамханалық бизнес. Қазақстан Республикасында Ресейден бірталай франчайзерлері жұмыс істейді. “РосИнтер” – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі. Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. “РосИнтер” компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады. Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы “РосИнтер Алматы” кәсіпорынының “Ростик`с”,“IL Патио” және “English First” мейрамханаларының франшизаларының сипаттамалары.
5 – кесте – Мейрамханалардың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
“Ростик`с фудкорт”, |
“IL Патио” |
“English First” |
Мейрамхананы/компанияны ашуға қажетті алғашқы жарна (АҚШ доллары) |
25000 |
40000 |
30000 |
Инвестиция мөлшері (АҚШ доллары) |
170000-250000 |
500000
|
160000 |
Роялти мөлшері (жалпы табыстан %) |
7 |
6 |
10 |
Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер (%) |
2 |
2-4 |
10 |
Мейрамхана/компанияны ашуға қажетті алаң мөлшері (шаршы метр) |
90
|
300
|
200-300
|
Ескертпе – ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған |
Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы “Рамстор” сауда кешенінде орналасқан “Ростик’с” мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. “IL Патио” мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.
Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3 - 6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған “English First” компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары – 10%, оның себебі – білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер екі компанияның бизнесін жүргізу үшін франчайзингті таңдауы, оның кәсіпкерліктің бірден-бір тиімді бағыты екенін дәлелдейді. Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мамандарымен бірге жүргізілген зерттеулер бойынша Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны айқындалды. Алайда, еліміздің көптеген кәсіпкерлерінің осындай сомаларды төлеуге қаржылық мүмкіндіктері жоқ, бұл франчайзингтің дамуын тежеуші факторларының бірі болып табылады.
Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. “РосИнтер” компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады. “РосИнтер” – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді. Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Осы мақсатпен “РосИнтер Алматы” компаниясы келесідей
іс-шараларды жүзеге асырады:франчайзингтік кәсіпорын тұжырымдамасы тиімділігін дәлелдеу, оның беделінің параметрлерін анықтау, әзірлейтін тағамдар мен ұсынатын қызметтер сапасын талдау, жұмыс әдістерін, қолда бар жүйесін басқа кәсіпорындарға ұсыну мүмкіндігін айқындау, роялтиді өтеуі, еңбек ақыны, франчайзердің құрылған жүйеден алатын пайдасын есептеу.
6-кесте – “РосИнтер Алматы” компаниясы келесідей іс-шараларды жүзеге асырады:
Франчайзингтік қатынастар бойынша франчайзер қолданыстағы
“ноу-хаудың” күрделі пакетін сататындықтан оған франчайзингтік жүйе құрылғанға дейін осы пакеттің өткізу қабілеттілігін дәлелдеу қажет, себебі франчайзи роялти төлеу және нарықтағы өзіндік қызмет стилін сақтау қажеттілігінен франчайзерге тәуелді болады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. “РосИнтер” компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік жүйені құруға қажетті ең басты фактор – технологиялық деңгейді қалыптастыру.