Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франчайзинг готовыйы_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
312.83 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1

Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

1.1

Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны

1.2

Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы

және даму кезеңдері

1.3

Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану

артықшылықтары мен кемшіліктері

2

Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ

2.1

Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама

2.2

Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы”

кәсіпорынының, “IL Патио” және “English First” компаниясы

2.3

Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары

3

Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары

4

Қорытынды

5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе

1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны

1.2 Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы

және даму кезеңдері

1.3 Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану

артықшылықтары мен кемшіліктері

2. Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ

2.1 Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама

2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы”

кәсіпорынының, “IL Патио” және “English First” компаниясы

2.3 ”Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары

3 Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның нарықтық экономика  жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа  — франчайзинг термині енді. Қазір бұл еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім – шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігінен туындады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты  франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.

Бүгінгі франчайзинг — өздерінің мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар  үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні  — бір компанияның немесе франчайзердің  өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.

Франчайзинг — жеңілдік, кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге, тауарлар сауда – саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған  бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызметтерін ұсынады. Франчайзинг ол бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің  орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің  қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді  тауармен‚  технологиялармен  жабдықтауға‚ ақыл кеңес беруге‚тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Бұл орайда франчайзер франчайзиді  тауармен‚  технологиялармен  жабдықтауға‚ ақыл — кеңес беруге‚ тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады. Франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.

1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны

Бүгінгі күндегі күнделікті айтып жүрген франчайзингтің тарихы, тамыры ортағасырлыққа алып келеді. АҚШ пен Аустралияда “франшиза“, ол белгілі біреуге мемлекеттік билікті беру деген ұғымды береді. Ал ортағасырлық Ұлыбританияда ол король құзырлығымен берілетін әр түрлі құқықты айтатын, мысалы біреуге салық жинауға берілетін құқық.

1840 - жылдары немістік сыра өндірушілер осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің символикаларын қолдануға рұқсат берген.

Қазіргі заманның франчайзингтік жүйесінің негізін қалаушы ретінде “Singer Sewing machine company“ компаниясын құрған Исаак Зингер деп есептелінеді. Оның тігін машиналарды сатудағы және қызмет көрсетудегі қолданған жүйесі франчайзингтік қызметтің түп нұсқасы болып табылады.

1851 жылдан бастап Исаак Зингер сатушылармен Америка Құрама Штатынның нақты бір аумағында тігін машиналарын сату мен оларды жөндеу жұмыстарына байланысты құқық беруге келісім шартқа отырды, міне осы кезден франчайзинг тарихы басталды.

Бүгінгі таңдағы франчайзингтің ең бір шарықтау, күшті даму кезеңі 1898 жылы болды, ол “Дженерал Моторс” компаниясының франчайзингтік жүйені қолданылуымен басталды.

Ал 1920 жылы Америка Құрама Штаттарында тауарлы франчайзинг стандарты даму үстінде болды. Сәйкесінше сол франчайзинг принципі негізінде әр түрлі кәсіпорындар құрылды.

1930 жылы Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық дағдарыстан кейін, елдегі мұнай өндіруші компаниялардыңда франчайзингті игеру процесі басталды. Франчайзинг идеясы бүкіл әлемдегі талапты, іскерлі, болашаққа сенімділікпен қараушы адамдардың көңілін аударуда. Тек АҚШ пен Канадада бүгінгі таңда әлемнің барлық құрлықтарының ондаған елдерінде 600000 өкілдік франчайзиін иемденуші 3200 франчайзер-компания (2400-ге жуығы АҚШ-та) қызмет атқарады. Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Франшизинг ( ағылшын тілінің  franchіse — жеңілдік және   franchіsіng — артықшылық ) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді  тауармен‚  технологиялармен  жабдықтауға‚ ақыл — кеңес беруге‚ тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы — лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тағы басқа шын мәнінде франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек. Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті білдіреді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік береді.

Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.

Филип Котлер франчайзингтің келесі белгілерін атап көрсеткен:

Франчайз – құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құжатты алатын (франчайзи ) фирма арсындағы фирма арнайы келісімдегі ескерілетін құқықтар.

Франчайзи – арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.

Франчайзер – өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын, франшиза беруші, лицензия, бас кәсіпорын, құқық йесі.

Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім - шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субьектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.

Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.

Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;

Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);

Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.

Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:

1) франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы

тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;

2) франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;

3) франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;

4) франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын жасау;

5) бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.

Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:

1) бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;

2) ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;

3) кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;

4) жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Франчайзингті оның белгілеріне байланысты оларды , шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып былай жіктелеуге болады:

Франчайзинг түрлері бойынша:

1) тауарлық сауда маркасын иелену

2) өндірістік өндіріс технологиясын иелену

3) сервистік қызметті жүзеге асыру тәжірибесін иелену

4) іскерлік корпорациялық атауы мен қызмет ету бейінін иелену

Франчайзинг әдістері бойынша:

1) классикалық тікелей келісім шарт бекітіледі;

2) аймақтық бас франчайзер белгілі бір географиялық ауданды қадағалайды;

3) субфранчайзинг аралық буын субфранчайзер франчайзилерді оқытады, қадағалау жасайды;

4) дамушы франчайзинг франчайзердің аймақты дамытуға айрықша құқығы бар ресми өкілінің қаржылық көмегімен франчайзилер өз бизнесін дамытады.