- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •19. 1917Жылғы Ақпан ревалюциясы
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •20. Совет үкіметінің орнауы және Азамат соғыс жылдары
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •21. Қазақстан хх ғ.20-30жж. Қоғамдық- саяси өмір
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •22. Индустрияландыру
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •23. Коллективтендіру
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •24. Мәдени құрылыс және өнердің дамуы
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •25. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
- •27. Қазіргі кездегі Қазақстан
- •2008 Жылы қосылған сұрақтар
2008 Жылы қосылған сұрақтар
Ұлы Отан соғысы басталды: 1941ж.
Жамбыл Жабаев«Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды: 1941жылы.
Германияның қауырт соғыс жоспары аталды: Барбаросса.
Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: 316-атқыштар дивизиясы.
Берлин операциясының басталған уақыты: 1945 жыл 16 сәуір.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны:500-ге жуық.
Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген,екі мәрте Кеңес Одағының батыры:С.Луганский
Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы: Р.Қошқарбаев
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам.
Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды: Ж.Елеусізов
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т.Тоқтаров.
Ұлы Отан соғысы аяқталды: 1945ж.
Н.Назарбаевтың үкімімен, Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: 1998ж.
Мәскеу үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316 –шы атқыштар дивизиясы марапатталды: Қызыл ту орденімен.
1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді: Б.Бейсекбаевқа.
Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді: 1942ж.
Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры: С.Баймағамбетов
Генерал-майор И.В Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты: Мәскеу үшін шайқаста.
Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыр атағын алды: Мәскеу үшін шайқаста.
Төлеген Тоқтаров Кеңес Одағының батыр атағын, қаза тапқаннан кейін алды: Мәскеу үшін шайқаста.
Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты: Ленинград үшін шайқаста.
Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді: Берлин үшін шайқаста.
26. 40-80 жылдардағы Қазақстан
1945-1948 ж аралығында Кеңес әскерлері қатарынан қанша адам босады (демобилизацияланды) 8,5 млн адам
Соғыс өнімдерін щығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өндірісіне айналдыру бұл- Конверсия
Фашистік басқыншылардын азат етілген аудандарға Қазақстан калхоздары нені тегін берді Мал
1945 жылы Украинадағы фашистік окупациядан зиян шеккен аудандарға Қазақстаннан қанша трактор жөнелтілді? 500 трактор
Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстан шаруашылығанда жұмысшы қолдарының жетіспеушілігінің себебі неде? Мамандардың туған өлкелеріне қайтуы Қазақстандықтардың соғыс алаңында қаза табуы, Шаруалардың ұжымдастыру жылдарындағы жаппай қырылуы, Жұмысшылардың кәсіби даярлығының төмендігі
Қазақстан үкіметі Ұлы Отан соғысынан кейін мамандардың жетіспеушілігін жою үшін қандай әрекеттер жасады? Еңбек резервтерінің мектептері мен Училищелері құрыла бастады
Кеңес дәуіріндегі ауыл шаруашылығының төмендеу себебі Шаруалардың өз еңбектеріне ие болмауы
4- ші бесжылдықта өнеркәсіп және азық- түлік тауарларына баға неше рет төмендеді 3 рет
Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде негізсіз жасалған арзандату саясаты ненің есебінен жүргізілді? Ауылдар мен деревнияларда өмір сүру деңгейін төмендету есебінен
Қазақстан зауыттары соғыстан кейін қандай өнімдар шығаруға көшті?Бейбіт тұрмыс өнімдері
Қазақстанда шаруашылық реформасын енгізу қай кезеңде басталды? 60 жылдар ортасы
Ұлы Отан соғысынан кейін 1946-1950 жылдары бесжылдықтың негізгі міндеті қандай болды? Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту
Ұлы Отан соғысы кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығының дамуын не тежеді? Ауыл шаруашылы машиналарының жетіспеушілігі, Басқарудың күштеу әдістері Экономикалық заңдар мен есептеу, Жер өңдеу мәдениетінің төмендігі
1946-1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамытуға арналған бесжылдық жоспардың басты мақсаты Ауыр өнеркәсіпті дамыту
1947 ж БК(б)П орталық комитетінің арнайы қаулысымен қай ірі ғалым тарихшының көзқарастары жат деп жарияланды? Е.Бекмаханов
Қазақтың қай ғалымы соғыстан кейінгі жылдардағы Сталиндік репрессияның жазалауына ұшырап 25 жылға сотталды? Е.Бекмаханов
ҚазақКСР Ғылым Академиясы қашан құрылды? 1946 жылы
«БК(б)П ОК- нің ҚазақССР-інде жоғары және орта білімде жетілдіру шаралары туралы қаулысы қабылданған жыл 1947 ж қараша
Қазақстан Комунистік Орталық Комитетінің «ҚазақКСР Ғылым Академиясының Тіл әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» 1947 жыл қаулысында кімге ұлтшыл деп айып тағылды С.Мұқанов пен М.Әуезовке
Ұлы Отан соғысынан кейін М.Әуезов қашан өзінің «Абай» атты роман эпопеясының 2- ші кітабын аяқтады 1947 жыл
1949 жылы КСРО- ның мемлекеттік сыйлығының лауриаты болған қазақ жазушысы М. Әуезов
1949 жылы қазақтың қай Ұлы жазушысына роман эпопеясы үшін бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлық берілді?М.Әуезовке,оның «Абай романы» үшін
«Қараш- Қараш» повесінің авторы М.Әуезов
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ақша реформасы қашан жүзеге асырылды? 1947 жылы
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін азық- түлік және өнеркәсіп тауарларына карточка жүйесі қай жылы алынып тасталды? 1947ж желтоқсан
1947 ж қай қорғасын - мырыш комбинаты өз өнімін алғаш рет берді Өскемен
ХХғ. 60 жылдары ғылыми техникалық прогрес негізінде электро- техникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі: Өскемен конденсатор зауыты
Республикада 40 жылдардың соңы 50ж басында қандай мақсатпен ұсақ колхоздар ірілендірілді Азық- түлік өндіруді арттыу мақсатында
50ж басындағы колхозшылардың орташа жалақысы 16,4 сом
1950 ж жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы қандай болды? 64 сом
Республикадағы білім беру жүйесінжетілдіру мақсаты мен халқы сирек қоныстанған аудандарда интернаттар желісі жасалды. Бұларда 1959 жылы қанша оқушы оқыды? 40 мың оқушы
1946-1954 жж Жұмабай Шаяхметов Қазақстандағы ең белгілі адам болды. Ол қандай қызмет атқарды? Қазақстан компартиясы ОК- ның бірінші хатшысы
ҚазақКСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Қ.Сатбаев
КСРО экономикасының бейбіт құрылысқа көшуі неден басталды? Әскери кәсіпорындарды бейбіт өнім шығаруға ауыстыру
1946ж қазандағы КСРО мемлекет қауіпсіздігі комитетінің 3- ші басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстандағы арнаулы қоныстарға қанша адам орналасты 900 мың шамасында
Соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуына үстем болған экономикалық саясаттағы принцип Ауыр өнеркәсіптің сәйкессіз жедел дамтылуы
1950 жылы Мойынты – Шу темір жолын салу аяқталды. Жолдың ұзындығы қанша болды? 483 шақырым
Алматы қаласын КСРО- ның 56 қаласымен байланыстыратын автоматты телефон станциясы қашан іске қосылды? 1949 жылы
Қазақстанда қай ғалым ғылымның қай саласында Лениндік сыйлыққа ие болды(1976ж) Айтқожин.М.Ә генетика мен микробиология саласында
Сәтбаев қандай еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық алды Жезқазған мыс кенін зерттегені үшін
1945ж Қазақстанда 6737 колхоз болса, 1952 ж олардың саны 2047 – ге тең болды. Неге колхоздар саны азайды ?Ұсақ колхоздар біріктіріліп олардың, орнына ірі ұжымдық шаруашылықтар құрылды
1960 ж таман Қазақстан Одақ бойынша өнім өндіруден нешінші орында болды? Үшінші
КОКП- ның қай пленумы ( Ұлы отан соғысы нан кейінгі кезендегі) ауыл шаруашылығының жағдайын терең сынап талдады және оны жою үшін шаралар белгіледі? 1953ж қыркүйек
ХХ ғ-ң 60 ж Қазақстан картасында ірі қалалардың пайда болуына ықпал етті? Пайдалы қазбалардың ірі орындарын игеру
Тың және тыңайған жерлерді игерудің көтерудегі мемлекеттік жоспарлардың орындалуы 1 жылда
1954-55 жж Жаңа жерлерде игеру есебінен қанша жер жырту жоспарланды? 13 млн га
1954ж оқиға Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды
«Тың» көтерілген аймақтар Оңтүстік Сібір , Қазақстан , Орал , Еділ бойы , Солтүстік Кавказ
Қазақстанда тың жерлер игерілген облыстар саны: 6 (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар )
Тыңды жаппай игеру дегеніміз ... Ауыл шаруашылығын экстенсивтік жолмен дамыту саясатын жалғастыру
Тың жерлер үшін егістіктін тиімді жүйесі , жаппай игеру басталғаннан кейін неше жылдан соң құрылды ?20 жыл өткенде
1954 жылдың тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерлерінің қанша мөлшері жыртылды ?605 млн га
Тың жерлерді игеру үшін 1954-55жж Солтүстік Қазақстанға 650 мың адам келді .Негізінен қанша адам қажет еді ?130 мың
Тың және тыңайған жерлерді игеру кімнің идеясы ?Өкімет билігінің жоғарғы деңгейіндегілердің
Тың игеру жылдары Қазақстанда қанша жер жыртылды ?25 млн га
Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам көшіп келді ?2 млн
Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көсетіңіз? Жер эрозиясы дамыды Экологиялық баланыс бұзылды, Мал жайылымын, шалғандық жерлерді қысқартты Жерлердің көп бөлігіне поселкелік пунктер салынды
Тың игеру жылдарында мал шаруашылығының артта қалу себептерін атаңыз? Материалдық – техникалық базасының жеткіліксіздігі, Өмірге қажетсіз экономикалық заңдарды пайдалану, Жайылымдық жерлердің қысқаруы Күштеп ұжымдастырудың зардаптары
1960ж Қазақстанда малдың саны қанша болды ? 36,4 млн бас
1950ж тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға мал шаруашылығының қанша мамандары келді ? 2 мың
1950ж Қазақстанда транспорттың қай түрі жедел дамыды ? Темір жол
1958ж үкіметтің әлеуметтік мәселелерге назар аудармауына қарсылық Қазақстанның қай қаласында болды?Теміртауда
1945-1965жж Қазақстанға қанша адам келді ? 0,5млн. адам
1954-65жж Республиканың өнеркәсібінде, құрылысы мен көлік түрлерінде жұмыс істеу үшін қанша адам келді?0,5 млн адам
ХХ ғ 50ж басында тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға мал шаруашылығының қанша жоғары білімді мамандары келді? 2 мың
Ауыл шаруашылығы тиімділігінің төмендеуінің басты себебі: Шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығында
1960ж-ң басында Қазақстанға қай елден отандастар қайтып оралды және қанша адам болды ?Қытайдан 200 мың
Отанына оралу дегеніміз бұл Репатриация
Халықты күштеп жер аудару... Депортация
Орталықтандыруды азайтып,одақтас республикалардың құқықтарын кеңейтуге арналған шаралар комплексі қашан жасалды? 1954-1956жж
Социалистік елдер Варшава шартын қашан құрды? 1955ж
Биология, медицина, геология саласында кейбір ғылымдарға тағылған айып? Космополит
1950ж шойынмен тек Қазақстанды ғана емес, Сібірді ,Оралды , Орта Азияны жабдықтаған металлургия комбинаты Қарағанды
1958ж Қазақстан Одақтас Республикалар арасында өнім шығарудан Үшінші орынға шықты
Ұлт саясатын жүргізуде әділетсіздікке жол білдіргендігіне наразылық білдірген орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Елікбаев Психологиялық ауруханалар жүйесі арқылы жазалауға ұшырады
«Ащы өзек», «Өшпенділік романдарының авторы? И.Шухов
1947 ж алғашқы өнімін шығарған қорғасын-мырыш комбинаты Өскеменде
1957ж салалық басқаруды жергілікті принцип бойынша қайта өзгерту барысында Халық шаруашылық кеңестері құрылды
Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ қай жылы өткізілді?1949ж
Семей полигонындағы бір ядролық жарылыстың бағасы қанша болды? 30 млн сом
1963ж 5 тамызда Мәскеуде болған КСРО мен АҚШ арасындағы атмосферада, космоста және су астында ядролық сынақтарды тоқтату туралы келісім Қазақстанға қандай әсерін тигізді? Семей полигонында жер асты сынағына көшті
1946-80жж Қазақстанның шет елдермен қандай байланыс түрі біршама жақсы дамыды?Мәдени
1958ж 1 тамызда металлургия комбинаты салынып жатқан Теміртау қаласы тұрғындарының наразылығы әрі әлеуметтік жарылысқа апарып соқты.Толқумен тәртіпсіздіктің себебі? Өмір сүру денгейінің төмендігі
П.К. Пономоренко қай жылдары Қазақстан компартиясы ОК-ның І хатшысы болды ?1954-55жж
Ол орыс тілі пәнінің мұғалімі майдангер болды. Жеке бас құқығының бұзылуы ұлт саясат жүргізудегі әділетсіздіктер туралы Н.С. Хрущевке хат жазды, сол үшін партиядан шығарылып тұтқындалды, жүйке ауруын емдейтін ауруханаға жатқызылды.Аштық жариялаған оны түтікпен зорлап тамақтандырды «Өзгеше ойлайтын» мұғалімнің аты-жөні кім? М.Елікбаев
50-ші жылдары өсірген қаракөл қойлары Делидегі, Нью-Йорктегі,Познаньдегі халықарлық аукциондарға қатысқан шопанды атаңыз? Ж.Қуанышбаев
Ж.Қуанышбаев қай облыстан шыққан? Жамбыл
Жамбыл облысы «Айдарлы» совхозының белгілі шопаны? Ж.Қуанышбаев
1953ж шілдеде КОКП ОК Пленумы Ок құрамынан және КОКП қатарынан кімді шығарды? Л.Берия
1954-58жж Қазақстанда қанша кәсіпорын салынып пайдалануға берілді?730
КОКП ХІХ- съезінде қандай тезис көтерілді және қолдау тапты? Тауар- ақша қатынасын тікелей өніммен алмастырылды
Сталиншілдіктің басты қылмысын атаңыз? Әміршіл- әкімшіл жүйені қолдау Лагерлер жүйесін құру, Халықтарды күштеп көшіру Азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын бұзу
Кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер: Еңбек адамын меншікпен билікке жақындатпау
1950ж Ембі мұнай бассейіндегі Мұнайлы кәсіпшілігін іске қосу нәтежесінде мұнай өндіру Ұлы отан соғысына дейінгі кезеңмен салыстырғанда қанша процентке артты?52%
ХХ ғ 50ж басында жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласына қанша кәсіпорын болды 65 кәсіпорын
Ұлы отан соғысынан кейінгі кезіңде қола және ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіші- Беғазы мәдениетін ашқан қай аса ірі тарихшының көзқарастары ғылымға жат тұжырымдарға толы деп жариялады? Марғұлан
Авторларының бірі Е.Бекмаханов болған «Қазақ ССР тарихы» атты күрделі еңбек қашан жарық көрді ? 1943ж
Қай жылы тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қазақ КСР жоғарғы сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық -ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды. 1952ж
Қай жылы Буржуазияшыл – ұлтшыл деп айып тағылған Е.Бекмаханов ісі қылмыстық құрамы жетіспеуі салдарынан қайта қаралып тоқталып ол Қазақстанға оралда? 1954ж
1950ж соңында Қазақ КСР Ғылым Академиясының жүйесінде қанша ғылыми - зерттеу мекемесі болды ?50
КОКП ХХ съезінің тарихи маңызы неде ? И.В.Сталлиннің жеке басына табынуды айыптады
Н.С.Хрущевтың ХХ съезінде сөйлеген « Сталлиннің жеке басқа табынуын айыптау» туралы баяндамасының толық мәтін қанша баспасөз бетінде жарық көрді? 33 жылдан кейін
ХХғ50-60жж КСРО Денсаулық сақтау министірлігі қызметкерлерінің мәліметтері бойынша жүйкені емдейтін ауруханалар жүйесі арқылы «өзгеше ойлайтын» кеңес азаматтары жазалау шараларына ұшыраған? 90 мың адам
КОКП-ның қай съезінде Н,С.Хрущев социализмнің толық жеңіске жеткені және комунистік қоғам құрлысына бет бұрыс кезеңінің басталғаны туралы сөз сөйледі?КОКП ХХІ съезінде
1958ж Қазақстан одақтас республикалар арасында өнім шығарудан нешінші орын алды?Үшінші
60-шы жылдары Хрущев партиялық ұйымдарды қандай белгілері бойынша бөлді? Өндірістік
Партия органдарын өндірістік принцип бойынша өзгерту қашан іске қосылды? 1962ж
1970ж фототелеграфтық байланыспен қамтылған Республика орталығының саны ?10
1965ж шаруашылық реформасы аясында 1966ж қанша кәсіпорын жоспарлаудың жаңа тәртібінекөшірілді? 11
7 жылдық (1959-65жж) жоспарда белгіленген жалпы өнімді 70% өсірудің орнына, шын мәнінде алған өнім мөлшері 25%
Хрущев қызметінен босатылған КОКП ОК пленумы ?1964ж Қаңтар
Қандай себеппен 1957-58жж шаруалардан ірі қараны ала бастады ? Колхоз-совхоз малының санын өсіру үшін
Соғыстың насихаттауға тыйым салған бейбітшілікті қорғау туралы заң қашан қабылданды ?1951ж
1951ж 12 наурыздағы бейбітшілік туралы заңға 118 млн совет азаматы қол қойды оның қаншасы Қазақстандық болды ? 4 млн
50 жылдары Шығыстың қай елдерімен Қазақстанның халықаралық байланысы дамыды?Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, ҚХР
Неліктен Хрущевтың жасаған реформалары тоқырауға ұшырады,сонымен қатар Қазақстанның территориясына да әсер етті? Реформады жүргізу саясатында ғылыми болжамның болмауы
Ғылым дамуындағы революциялық дүр сілкінудің символына айналған оқиға? Гагариннің 1961ж 12 сәуірде космосқа ұшуы
Ю.Гагарин космосқа қашан ұшты? 1961ж 12 сәуір
Қандай оқиға бұрын болды? О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабінің жарыққа шығуы, Қазақстан республикасының жаңа коститутциясы қабылдануы, Жалаңашкөлдегі шекаралық қақтығыс Целинограттағы оқиға, Ю.Гагариннің космосқа ұшуы
Қайсысы бұрын болды? Жалаңашкөлдегі Кеңес-Қытай қақтығысы 1969ж Целинограттағы толқу 1979ж, Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу 1979 Қазақ КСР-нің жаңа конститутциясы қабылданды 1978 КОКП-нің ХХVсъезі 1982
Қай жылдан бастап Қазақстанда Радиация зардабын тартқан адамдардың денсаулыгын медициналық тексеруден өткізе бастады ? 1962ж
1962ж Қазақстанда қазақ халқының үлес салмғы қанша болды? 29%
1962-89жж КСРО-дағы, Қазақстандағы реформалар неліктен өз жемісін бермеді?Реформалар Экономикалық қатнастарды түбегейлі өзгертуді қарастырмады
Қазақстан комсомодарының Х съезіндегі қаулысы бойынша қандай бағыт жарияланды? Мал шаруашылығын қамқорлыққа алу
Жұмысшының жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс істеген ең бұқаралық ұйымды атаңыз? Кәсіподақтар
Адамның ғарышты игеру жетістігі мемлекет экономикасын неге бағыттады ? Ғылыми индустриялық өндіріске
ХХғ 60 жылдары мемлекеттегіғылыми- техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірін атаңыз ? Өндірісті Электірлендіру
«Қарағандыуголь» комбинатында еңбек өнімділігін 6% көтеруге мүмкіндік берген ? Өндірісті автоматтандыру
Әлемдегі саяси ахуалдың, жұмсарып, халықаралық шиеленістің бәсеңдеген кезі? ХХғ 70ж
1970ж жұмыспен қамтылған барлық халықтың ішінде үлес салмағы азайған...Колхозшылар
Қашан Ащысай полиметалл комбинатының бір топ жұмысшыларымен ғалымдар прогрессивтік технологиялық процестерді жетілдірілгені үшін Лениндік сыйлықтың лауриаты болды ? 1965ж
1965ж Қай кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді Өзен
1967жЛ.И.Брежнев КСРО –да төмендегідейқоғам орнады деп мәлімдеді? Кемелденген социализм
Семей облысының Жалаңашкөлінде Кеңес және Қытай әскерлерінің қақтығысы болды? 1969ж
1969ж Қытаймен Кеңес одағы арасындағы қайшылықты кімдердің Пекин аэропортындағы кездесуі шешті? А.Косыгин менЧжоу Эньлайдың
1969ж қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасындағы болған кездесуден кейін КСРО мен КХР арасындағы жағдай? Ұзақ уқыт бірін-біріне қырғи қабақ қарап келді
1970ж қарай республика халық шаруашылығының қай салалары одақтық маңызға ие болды?Мұнай өндірумен химия
Қазақстан территориясының қай жерінде әлемде тұңғыш рет атом қуатымен су тұщытатын қондырғы орнатылды ? Кәспий теңізінің жағасында
Арал теңізін интенсивті түрде пайдалану неге әкеліп соқтырды? Теңіз түбі 27 мың кв.км-ге қысқарды, Тұзбен шаңның ұшуы көбейді, Теңіздің тұздылығы көбейді Арал балық кәсіпшілігі маңызын жойды
Алматы қаласын селден сақтау үшін 1966ж 21 қазанда кіші Алматы шатқалында су тоғаны қандай тәсілмен салына бастады?Бағытталған жарылыс тәсілі арқылы
1970ж қарай Қазақстанның қатты төсенішті автомобиль жолдарын ұзындығы қанша болды ? 40 000 шақырым
ХХғ 70ж Қазақстанда фермерлік шаруашылықты дамытуға тырысқан кім? И.Худенко
ХХғ 70 ж Қазақстан ауыл шаруашылық қызметкерлерінің қайсысы дамудың тиімді әдістерін үсынды, бірақ сотталып, тұрмеде қайтыс болды? И.Худенко
КОКП ОК-нің 1965ж нурыз пленумында тиымды аграрлық саясат талдамасын түзу үшін қандай шаралар жүйесін жүзеге асыру көзделді? Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын өсіру, Жоспардан тыс сатып алған өнім үшін үстеме ақы төлеу, Колохздан табыс салығын алу шарттарын өзгерту, Шаруашылықтардың материалдық техникалық базасын нығайту
1975ж Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы ? О.Сүлейменов
КСРО-ның жаңа конститутциясы қабылданған жыл? 1977ж
Кеңестік Қазақстанның соңғы Конститутциясы қабылданды?1978ж сәуір
Қазақстанда неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979ж көктем
1979ж «Неміс автономиясы» қандай облыстар аумағынан құрылмақ еді? Көкшетау, Қарағанды, Повладар, Ақмола
Қазақстан жерінде «неміс автономиясын» құру туралы ұсынысты жасаған? Ю.В. Андропов
1979ж Целиноград оқиғасының себебі? Неміс автономиясын құруға қарсылық
Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целинограт жастары қашан қарсы шықты ?1979ж маусым
1979-89жж Ауғаныстан соғысында қанша Қазақстандық жауынгер қайтыс болды ? 780 адам
1974-77жж екпінді құрлыстарға қанша комсомол жолдама алды? 25мыңнан асады
ХХғ 70жж Қазақстан территориясында қалыптасқан ірі территориалдық- өндірістік кәсіпорынды атаңыз? Маңғыстау
1970ж Қазақстан жеріндегі мұнай өндіру өркендеген өңір. Маңғыстау
1971-80жж рспубликаның ауыл шаруашылығына жасалған күрделі қаржының суммасы қанша?18млрд сом
ХХғ 70-жж Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуын не тежеді? Ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік жоспарлы сатып алу
1982ж қабылданған Азық- түлік бағдарламасы неліктен өз жемісін бермеді ? Аталғандардың бәрі
Қазақстанның қандай саласы 1980ж шетке өнім шығаруда үлкен роль атқарды? Шикізат
Қазақстанда 1980-90 жж шеттен әкелінетін қандай өнімдерге сұраныс болды?Темір кесетін станок және электровоз
Д.А Қонаев Қазақстанды қай жылдары басқарды ?1960ж қаңтар- 1986ж желтоқсан
1970-80жж Республикада ұлттық саясаттың шектелуі неден көрінді? Қазақ тілінде оқытатын 600 мектеп жабылды, Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды Қазақ жастары қазақ тілі мен ұлттық мәдениеттен алыстатылды, Тұрмыста ұлттық салт-дәстүрлер ығыстырылды
ХХғ 60ж КСРО-да енгізілетін ғылыми- техникалық жаңалықтардың қаншасы Қазақстанның үлесіне тиді? 3%
1970-80жж ғылыммен білімді қаржыландыру қандай принциппен жүргізілді? «Қалдықты » принцип бойынша
80жж КСРО басшыларының елдегі кез- келген проблеманы шешуге болады деп сенген әдіс?Ескі әміршіл- әкімшіл әдісі
ХХғ 70-80жж қазақ қоғамында қандай жағымсыз құбылыстар белең алды Протекционизм, Парақорлық Жеңілшілдік Әлеуметтік құлдырау
ХХғ 80ж аяғында экспорт бойынша Қазақстан КСРО дағы нешінші орынды алды Бесінші
ХХғ80жж құрылған Арал және Балқаш проблеммалары бойынша комитетті кім басқарды ? М. Шаханов
1986ж Қазақстан компартиясының желтоқсан пленумында қандай мәселе қаралды Республика басшылары ауысты
Қазақ КСР-інің Жоғарғы кеңесі Призидиумының 1990ж 24 қыркүйектегі қаулысында 1986ж желтоқсан оқиғаларының себебі не деп көрсетілді?Республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, олардың күрделі жағдайдан шыға алмауы
1986ж желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды? Саяси
Қайта құру бағыты қай жылы басталды ? 1985 ж
1989ж Жаңа Өзен оқиғасының себебі неде? Әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі
Жаңа Өзендегі әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне байланысты оқиғалар қай жылы болды ? 1989ж маусым
1989ж қазанда Қарағанды шахтерларының ереуілінде қандай талаптар қойылды? Саяси
1954-86жж аралығында республикада жабылған қазақ мектептерінің саны ?600-ден астам
ХХғ 70 жылдары республикада шағын комплектілі мектептердің жабылу себебі? «Болашағы жоқ» делінген ауыл – селолардың жойылып кетуінен
Уақиғаны хранологиялық ретімен көрсетіңіз? КСРО да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу Тың игеру ХХ съезд Теміртаудағы толқу Кариб дағдарысы
1979ж желтоқсанда болған оқиға ? Ауғанстанға кеңес әскерін енгізеу
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып шығу қашан аяқталды? 1989ж
Әлеуметтік- экономикалық дамуды жеделдету бағыты ? 1985ж КОКП ОК-ң сәуір пленумында қабылданды
Тарихтың «ақтандақтары »жаңаша қаралып, ұзақ жылдардан кейін сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды? М.С. Горбачевтың Қазан төңкерісінің 70 жылдығы мерекелік мәжілісіндегі баяндамасында
ХХғ 80ж оңала алмаған халық шаруашылығының құлдырауы қашан басталған еді? 1987ж
Уақыты жағынан бұрын болған: КОКП-ң ХХVІІ съезі Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығуы,
Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қонаевтың қызметтен кетуі,
Варшава келісімі ұйымының таратылуы
1946-1950жж аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылданған жыл: 1946ж
1946ж колхоздардың 76%-не техникалық қызмет көрсеткен құрылым түрі: МТС
ХХ ғ 40-50 жылдары кеңестік жүйенің жетекші күші Коммунистік партия
Кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер: Еңбек адамын меншік пен билікке жақындатпау.
Қазақстан КОКП-ның 1947ж. 21-қаңтардағы қаулысы бойынша тыйым салынған мәселе: ХІХғ. Рухани мұрасын зерттеуге
«ХХғ. 20-40жж. Қазақстан» деген монографиялық еңбектің авторы:Е.Бекмаханов
Тарихшы Е.Бекмахановтың ақталуына көмектескен Кеңес тарихшысы: Д.М.Панкратова
1950ж. Е.Бекмахановты, Е.Исмайловты,Б.Кенжебайевты қудалаудан барлық күш жігерін жұмсап қорғаған көрнекті қазақ ғалымы: Тәжібаев.
ХХғ 40-50жж Идеологиялық қудалаудың ауыртпалығын көрген ұлы педагог, ғалым- психолог: Т.Тәжібаев.
1952ж «КСРО-да социолизмнің эконмикалық проблемалар» еңбектің авторы: Сталин
«Ғасырдан да ұзақ күн» Романында жазықсыз жазаланғандардың қасіретті тағдыры туралы жазған қырғыз жазушысы: Ш.Айтматов.
Қазақстан Компартияның ҮІІ-ші съезі өткен жыл: 1954ж
1954ж. Орнынан босатылған Қазақстан Компартиясы орталық атқару комитетінің бірінші хатшысы: Ж.Шаяхметов.
1954 ж Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған адам: Пономаренко 1954-1955жж
1954 ж Қазақстан Орталық Комитетінің екінші хатшысы болып сайланған адам: Л.И.Брежнев 1955-1956жж
1964ж КОКПО орталық пленумында Хрушевты айыптайтын баяндама жасаған: М.А.Суслов
1964 ж КОКП ОК- ның бірінші хатшылығына сайланған: Л.И.Брежнев
Өнеркәсіп дамуына ықпал еткен 1950 ж қаланып аяқталған ұзындығы 483км темір жол төсемі: Мойынты – Шу.
1954-1958жж салынған Хром қоспалар зауыты: Ақтөбеде
1951-55жж. КСРО-да салынған темір жолдардың неше пайызы Қазақстанның үлесіне тиді:30%
Қазақстанда 1954-58жж. неше өнеркәсіп орындарымен цехтар іске қосылды: 730
Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құрылған жыл: 1965ж.
1965 жылы шаруашылық реформасының нәтижесінде: Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігі ұлғайды.
1950 ж Қазақстанның оқу орындарында жастары көп оқыған ел: Қытай.
ХХ ғ 50 жылдары ауыл шаруашылығы тиімділігінің төмендеуінің басты себебі: Шаруалардың өз еңбектерінің жемісін өздері көре алмайтындығында.
1950 ж Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің көптеп келуіне әсер еткен басты оқиға: Қазақстандағы тың игеру ісі.
1962ж. Тың жерлерді игеру нәтижесінде Қазақстандағы тұрғындардың құрамындағы Қазақтар қанша бөлігін құрады: үштен бір бөлігін.
Социалистік елдердің көпшілігі өздерінің әскери саяси одағы Варшава шартын құрған жыл: 1955 ж.
1958ж өнім өндіру жөнінен Қазақстан одақтық республикалар ішінде алған орны: 3
Қостанай облсында 1960ж ашылған жаңа қала: Рудный
1960ж Қазақстанның картасында жаңадан пайда болған қалалар: Рудный, Ақтау.
1988ж Республикадан сыртқа шығарылған өнім мөлшері: 6,7 млрд сом
1988ж Республикаға қанша сомның заты сырттан әкелінді: 13,8 млрд сомның
Орталық камитет шешімі бойынша неміс автономиясының әкімшілік орталығы болуға тиісті Ақмола облысындағы қала: Ерейментау
1969ж. 13 тамызда кеңес Қытай әскерінің қақтығысы болған жер: Жалаңашкөл
ХХғ 70-80жж Қазақстанға импортталған өнім: Металл кесетін станоктар мен электровоздар.
ХХғ. 80-ж. Аяғыда Республика экспортының шикізат, материалдармен жартылай дайын өнімдердің құраған мөлшері: 97%
20ғ 80ж аяғында экспортталған өнім: 97% шикізат, Жартылай фабрикаттар
1962ж Қазақстан ЛКЖО-ның Х-шы съезінде комсомолдар қамқорлыққа алған сала: Мал шаруашылығы.
20ғ 90-ншы жылдардың басында М.Әуезов сахынасында қойылған, осыған дейін тыйым салынып келген қойылым: Ж.Аймаутовтың «Ақ білек»
1974 ж КСРО Мемлекеттік сыйлығына кімдер ие болды? Режиссер мен басты рольдерді орындаушылар «Қан мен тер» драмасын қойғаны үшін
1986ж КОКП-ның 27-інші съезінде социализмді жетілдіру шарты деп есептелген қағида: Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардағы түпкілікті өзгерістер.
Төмендегі оқиғалардың бұрын болған: 1.карточка жүйесін жою-1947ж. 2.Тың және тыңайған жерлерді игеруі -1954ж. 3.Кариб дағдарысы-1962ж. 4.Семей полигонында 1 атом бомбасын сынау – 1949ж. 5.Қазақ КСР ғылым академиясының ашылуы – 1946ж.
Азық-түлік бағдарламасы қабылданған КОКП ОК-нің мамыр пленумы болған жыл: 1982ж. ХХҮ съезд.
Жаңаөзен оқиғасы болған мерзім: 1989 ж
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында түратын кавказ ұлттарының жергілікті халық арасындағы соқтығыс орын алған жыл: 1989ж.
1985-91ж.КСРО-да жүргізілген мемлкеттік іс-шаралар жүйесінің атауы:Қайта құру.
КСРО-ның өмір сүрген уақыты: 1922-1991 жж.
Оқиғаны хронологиялық ретімен көрсетіңіз: КСРО-да бірінші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру, XX съезд, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы.
1963ж Республика Жоғары Кеңес сайланған депутат саны: 473 – (158-і әйелдер)
КОКП ОК мен КСРО Министірлері кеңесінің совхоздар мен өзге мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы қаулы қашан қабылданды: 1967ж
Еңбеккерлердің әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелермен қай бұхаралық ұйым айналысты: Кәсіподақ.
Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізудің қателігі туралы Л.И.Брежневке ашық хат жолдап әскерлерді алып кетудің және проблемаларын БҰҰ-да шешуді талап еткен академик: Сахаров.
1985ж КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне сайланған адам: М.С.Горбачев.
1985 ж сәуір айында болған КОКП ОК- ның пленумы: Әлеуметтік- экономикалық дамуды жеделдету бағытын жариялады.
Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қысқа мерзім ішінде комсомол қатарынан шығарылған адамдар саны: 787 адам
Н.Ә.Назарбаевтың 1984-1989 жылдары атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989ж шілде.
Соғыс кезінде ұшақ жасайтын заводынан бейбіт тұрмыстық өнімдерін шығаруға көшкен завод: Ақтөбе-Рентген аппаратураларын жасайтын завод.
XXғ 40-50ж.ж. қудалауға іліккен көрнекті қазақ ғалымдары: Е.Ысмайлов, Б.Сүлейменов, С.Кеңесбаев.
Республика жазушылар арасында тұңғыш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған қаламгер? Ғ.Мүсірепов.
Қазақтың атақты кино режисері: Ш. Айманов.
Қазақ мәдениетінің аса көрнекті өкілдерінің әдеби мұраларын зерттеп халыққа қайтару ісінде өз үлестерін қосқан қоғамдық ұйым? «Әділет» (1989ж)
1980-1990жж Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарындағы басым бағытта болған ерікті экономикалық аймақтар: Жайрем- Атасу, Алакөл
