Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гик инс каз2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать

3 Лекциялардың қысқаша жазбасы

1-тақырып. Пән және оның мазмұны. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары, оптикалық бұйымдар.(2 сағат)

Лекция жоспары:

1.Сабақтың мақсаты мен пәні. Геодезиялық құралдар мен геодезиялық 2.құралтанудың даму тарихы.

3.Негізгі заңдарды құрастырайық; жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, жарық шоғының тәуелсіздік заңы, жарықтың шағылу заңы, жарықтың сыну заңы.

Пән және оның мазмұны.

Маркшейдрлік-геодезиялық құралдар дәл оптика-механикалық құралдарға жатады.Осыған байланысты Геодезиялық аспаптану сабағының пәні оптикалық жүйелердің теориясын, маркшейдірлік және геодезиялық құралдардың механикалық құрлымының, оларды зерттеу әдістерін және олардың қолдану ережелерін оқыту болып табылады.

Геометриялық оптаның негізгі заңдары.

Қазіргі геодезиялық және маркшейдірлік құралдардың оптикалық жүйелерін құру геометриялық жүйелерін құру геометриялық оптика принциптеріне негізднлген.

Оптикалық құралдарды бақылау кезінде туған оның негізгі заңдарын қарастырайық.

Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы.

Біртекті мөлдір ортада жарық түзу сызықты таралады. Тек ол кішкене саңылаудан өткен, сонымен қатар сәулелер шоғырының алдында аз мөлдір емес кедергі кездескен жағдайда бұл заң орындалмайды. Бұл жағдайларда дифракция құбылысы байқалады. Дифракция геометриялық оптикада қарастырылмайды.

2.Жарық шоғының тәуелсіздік заңы.

Күрделі жарықтық ағында жарық шоғырлары бір-бірімен тәуелсіз таралады. Бір нүктеде кездесетін шоғырлар қосылады. Тек интерференция құбылысы кезінде, яғни екі шоғыр ортақ сәуле шығару көзінен шығып, бірдей жол жүріп, белгілі бір нүктеге әр түрлі фазамен келгенде бұл заң орындалмайды.

3.Жарықтың шағылу заңы.

Екі ортаның шекарасының бетінен жарықтың шағылу заңы келесідей

тұжырымдалады:

Түскен А сәулесі, бетке тұрғызылған нормаль және шағылған В сәулесі бір жазықтықта жатады; түсу бұрымы і мен шағылу бұрымы і абсалют мәні бойынша тең, бірақ А мен В сәулелері нормальдің екі жағында жатқандықтан таңбасы жағынан қарама-қарсы,і=і

Оңы бұрыш болып нормальдан сәулеге қарай сағат тілінің бағытымен айналғанда пайда болған бұрыш есептеледі.Ал теріс – сағат тіліне қарсы бағытта айналғанда пайда болған бұрыш.(1.1 а сурет).

1.1сурет

4.Жарықтың сыну заңы.Егер А жарық сәулесі ортаның сыну көрсеткіші n және n болатын екі ортаның шекарасынан өтетін болса, түскен сәуле бетке тұрғызылған нормальмен і түсу бұрышын, ол сынған А сәулесі сол нопмальмен і сыну бұрышын береді.Жарықтын сыну заңы бойынша түскен А сәулесі, бетке тұрғызылған нормаль және сынған А сәулесі бір жазықтықта жатады және де ортаның тыну көрсеткішінің түсу бұрышының синусына көбейтіндісі екінші ортаның сыну көрсеткішінің сыну бұрышының синусына көбейткенге тең:

n sin i=n'sin i'.

Оптикалық прибор жасауда ортаның сыну көрсеткіші ауаға қатысты қабылдады. Себебі ауаның сыну көрсеткіші бірге тең.

Аз дисперсиясы бар шынының арнайы оптикалық маркалары крон деп аталса, үлкен дисперсиясы барлары-флинт деп аталады.

Оптикалық бұйымдар.Маркшейдрлік-геодезиялық құралдарда келесідей оптикалық бұйымдар қолданылады: жазық айналар, призмалар, оптикаллық жік, жазық параллель табақша. Жазық айна- бұл кеңестіктің кез-келген жерінде орналасқан нүктенің стигматикалық кескінін құра алатын оптикалық жүйе. Кескін беретін полирленген шыны, металл табақша.

NN2 айнасына (1.2-сурет) S нүктесінде центрі болатын гомоцентрлік сәулелер шоғы түсетін болсын.SN айна жазықтығына тұрғызылған нормальда жатқан s нүктесінде центрі болатын шағылған сәулелер жаңа гомоцентрлік сәулелер шоғын береді. Мұнда S'N=NS.Осында S' нүктенің

Стигматикалық көрінісі екені шығады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1) П.Н.Кузнецова, И.Ю. Васютинский, Х.К.Ямбаев «Геодезиялық аспаптар».

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1.2 такырыптар), (5,14,32)

1)Геодезиялық құралдар мен геодезиялық құралтанудың даму тарихы.

2)Физикалық оптикадан қысқаша мағлұматтар.

3)Айналар жүйесі, призмалар.