Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гик инс каз2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать

5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1 зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1.Кіру және шығу диаметрі арқылы көзаясы бойынша дүрбінің кеңейтуін анықтаймыз.

2.Дүрбінің ұлғаюын анықтап, тікелей өлшеумен объектив пен окулярдың фокустық арақашықтығын анықтаймыз.

3.Рейка арқылы дүрбінің ұлғаюын анықтаймыз.

4.Рейканың көмегімен дүрбінің ұлғаюын анықтаймыз.

Жұмыстың негізгі мақсаты: студенттерді түрлі деңгейлер құрылымдарын және деңгейлерді үйрену әдістер болады.

Жұмысты оынауда деңгейді қолданып қоймастан немесе оның құрамындағы апуласымен бірге аспаптың құрамындағы деңгейді пайдалану ды үйрену болады.

Зертхана сабағында орындалған жұмысты, студенттер керекті есептеулерді орындап, оны түсініктемеде дайындайды. Студенттер тарапынан орындалған зертхана жұмысы екі апта ішінде жеке тапсырады. Зертхана жұмысын тапсрығанда студенттер алған білім көлемінде ауызша сұрақтарға, орындалған жұмыс туралы жауап береді.

2. Деңгейлер құрылымы

Деңгейлер аса кіші мәндегі еңіс бұрыштарды өлшеуде және сызықтарды келтіруде тағы да жазықтардың жайласу жағдайларын (көлденең, вертикаль, еңіс) анықтауда қолданады. Деңгейлер, сұйықтық бар амплуада және жүйектемеден тұрады.

Деңгейлер пішіні жағынан цилиндр немесе түтікше және дөңгелекше немесе сфералық түрінде болады.

Цилиндр деңгейлер ішкі беті бөшкен пішіндегі, тегіс мөлдір тазартылған дөңгелек доға беті бар шыны түтікшеден тұрады. Дөңгелек деңгейдегі амплуа ішіндегі сфералық бет тегіс мөлдір тазаланған (жоғарғы беті) болады. Сондықтан да цилиндр деңгейімен көлденең сызықта, ал дөңгелек деңгейде болса жазықтық салыстырылады.

Дөңгелек деңгейлер жоғарғы дәлдікті қамтамасыздандырмайды, онымен аспапты тұрпайы орнатуға болады. Цилиндр деңгейлер көптеген орындарда қолданылады. Олар бір немесе екі тараптамалы болады. Кейінгі түрін реверсионды немесе қайта ауыспалы деп те атайды. Бір тараптама деңгейлерде бір жұмысшы беті (жоғарғы), ал екі екі тараптамада болса – екі бет болады. Бұл бір деңгейді екі жағдайда тура және аударылып ауыстырылған жағдайда өлшеп, маркшейдер-геодезиялық аспаптарда қолданылады.

Деңгей ампуласын жасағанда шыны түтікше іші аз жабысқақтыққа ие болған төмен температурада тоңдап қатушы күлгін түсті эитль спирт, сұйықтығымен толтырылад. Сұйықтық ампула түтікшесінің үлкен көлемін толтырып, түтікшеде толтырушы үлбіругінің аз ғана бөлігі қалдырылады. Деңгей үлбіреуігі әрқашан шеткі жоғарғы орынға қарай ұмтылады, ал ампуланың ішкі беті үлкен радиустағы дөңгелектің бөлігі болғандықтан, деңгей ампуласының еңіс бұрышын, деңгейдің жоғарғы бетіне пропорционал орын ауыстырумен келтіреді. Осы орын ауыстыру ампулаға салынған шкаламен өлшеніп бекітеді. Деңгейде өлшеу ампуладағы ортаңғы шкаладан екі тарапқа қарай орындалады, ампуладағы ортаңғы шкала – ноль орны делінеді. Ампула ішіндегі бет ноль-орны нүктесінен өтуші жанама деңгей осі делінеді. Деңгейді пайдалануда немесе аспапты көлденең тегістікке жайластыруда деңгей үлбіреуігін ортадағы ноль-орынға жайластыру керек. Егер, ноль-орында үлбіреуік жайластырылмаса, онда үлбіреуіктің ортадан ауысқан орнын ампула шкаласы мен өлшеп анықтайды. Еңіс бұрышын градус жүйесінде анықтау үшін, шкаланың бұрыштық мәнісін, деңгей бөлегі бағасына көбейтеміз. Деңгей бөлегі бағасы зерттеу жолымен анықталады. Деңгейдегі үлбіреуік шамасы жұмысқа айтарлықтай кедергі жасамайды. Үлбіреуіктің ұзындығы ампула ұзындығының 0,3 0,4 дей болады. Үлбіреуік шамасы кіші болса, оның сезгірлігі азаяды, үлкейсе ол шкаладан шығып кетіп, оның орнын өлшеу қиынға соғады. Қоршаған орталықтағы температураның өзгеруіне байланысты үлбіреуік шамасы тез жылдам өзгереді. Үлбіреуік шамасын оңтайлап сақтау үшін деңгей ампуласында камералық қоры бар немесе компенсациялайтұғын шыны таяқшаны қолданамыз. Бірінші кезекте деңгей үлбіреуігі екіге бөлінеді. Оңтайланған шаманың бір бөлігі деңгейдің негізгі камерасында жайласады, екінші бөлігі болса, қорда жайласады. Екінші камераның бар болуы себепті, үлбіреуіктің жұмыс істеуі әрқашанда негізгі камерада үлбіреуік кішірейеді немесе ұлғаяды. Оңтайланған деңгейлерді қолдану өте қолайлы. Бұл деңгейдің ампула ішіндегі шыны түтікше сұйықтық көлемін кішірейтеді. Сондықтан да сұйықтық көлемінің өзгерісіне температураның көбейіп немесе төмендеуі әсер етпейді, ал соған байланысты деңгей үлбіреуінің шамасы аз өзгеріске ұшырайды.

Ақырында жоғарғы дәлдікте деңгей үлбіреуігін ноль-орынға орнатуда арнайы призам жүйесін қолданады. Үлбіреуік ұштарының көрінісі окулярдың көру дүрбісіне үлкейтіп беріледі. Үлбіреуікті ноль-орынға келтіру үшін окуляр ішіндегі көріністегі ұштарды түйістіру жеткілікті болады.

Деңгейлер құрылымын таңдау, оның сипаты көптеген геодезиялық аспаптарды керекті дәреже дәлдігімен жұмысқа дайындау арқылы еріседі.

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі баға беруші микроскоптың мақсаты.

2.Верньердің негізгі мақсаты.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.П.Н.Кузнецов, И,Ю.Васютинский, Х.К.Ямбаев “ Геодезиялық аспаптану”.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1.Көру дүрбісінің ұлғаюын есептеп, анықтау.

2 Зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Құрылғының вертикальді және горизонталь осьтерін меңгеру.

2.Ең басты аспаптың меңгеруі және игеруі.

3.Элевационды винттер.

4.Қыл сызықты торға және көпіршікке түзету енгізу.

Теодолиттің вертикаль осі. Горизонталь дөңгелектегі микрометрлік – қысу құрылғылары. Тұғырықтар және көру дүрбісінің горизонталь осі. Нивелирдегі вертикаль осьтер және микрометрлік қысу құрылғылары. Элевацион винті. Нивелирдегі шексіз келтіруші винттер жүйесі. Деңгей және жіп торларын түзетулер жасаушы винттер штативтер, консольдер, орталыққа келтіруші құрылғылар және белгі берулер.

Оқулықтар: (1) 77-101 б.: (2) 68-88 б.

Бұл атамадағы тақырыбы студент оқып үйренуде, оптикалық есептердегі қолданылатын осьтер жүйесі. Оларды қолдану орны, оларға қойылған талаптар. Горизонталь және вертикаль дөңгелектері түйініндегі микрометр – қысу құрылғыларына айрықша көңіл бөліп, теодолит пен нивелирдің көтеруші винтері үйретілінеді.

Деңгей құрылғылары, қолдану орны. Деңгей типтері. Цилиндр және дөңгелек деңгейлер. Деңгейлердің геомеханикалық элементтері, ампула типтері. Призма жүйелі деңгейлер. Деңгей бөлігінің бағасын анықтау, емтихан алушылар. Деңгедің сезімталдығы. Деңгейлердің жиектемесі. Компенсаторлар.

Оқулықтар: (1) 102-117 б.; (2) 89-103 б.

Студент, тақырып оқып үйренгеннен соң, деңгейдің қолдану орнын, оның құрылғысын, пайдалану және мүмкіндігін, оны толық білу қажет. Ол практикалық тұрғыдан деңгейдің сезімталдығын анықтауды таба біліп, зерттеп біліп және әр типтегі аспап деңгейлерінің бөлігі бағасын анықтау қажет. Компенсатор түрлерін үйреніп, деңгейлерді ауыстырушылардың мүмкіндігін, олардың дамуын үйрену керек.

Өлшемдік тетіктердің жаңадан жасалған негізгі түрлерін үйрену.

Өлшемдік тетіктердің алғашқы дағдылы жұмысқа жарамдылығын қабылдап үйрену.

Бұрыш өлшейтін аспаптардың конструкциялы құрылымымен танысу.

Осы жұмыс негізінде өлшемдік тетіктердің төмендегі түрлерін үйрену қарастырылады: қарапайым бағалаушы (НТ нивелирі), верньер (ТГ-5, ТТ-5), бағалаушы-микроскоп (ТОМ, ТЗО, Тһео-120), шкалалы микроскоп (Т30м, Т10, Т5), бір тарапты оптикалық микрометр (ТТ4), екі тарапты оптикалық микрометр (ТБ-І, ОТС-62, Т2).

Зертхана жұмысын орындау әрбір студентің жеке орындауымен атқарылады. Өлшемдік тетіктердің түрлері бойынша төмендегі тәртіппен материалдар есептеліп орындалып көрсетіледі:

Өлшемдік тетік түрлеріндегі окуляр ішіндегі көріністері, лимбада орнатылған микроскоп, лупадағы еркін түрдегі өлшемдерді алу;

Суретте бейнеленген өлшемдерді жазу;

Өлшем тетіктерінен алынған өлшемдердің дәлдігі.

Жұмыс дайындалып және келесі зертхана сабағында тапсырылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Берілгені және орналасуы бойынша қандай өстік системалар болуы мүмкін.

2.Қыл сызықты торға және көпіршік құрылғысына винттер арқылы түзету енгізу.

1.Микрометр мен бекітпенің қызметі және құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.П.Н.Кузнецов, И,Ю.Васютинский, Х.К.Ямбаев “ Геодезиялық аспаптану”.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1.Теодолиттің өстік системасын сызу.

2.Құралдың негізгі түйіндерін анқтау.

3.зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1.Көпіршіктің бөлігін анықтау.

2.Теодолиттің вертикальды дөңгелегін арқылы анықтау.

3.Рейка арқылы анықтау.

Жұмыстың мақсаты болып:

  1. Өлшемдік тетіктердің жаңадан жасалған негізгі түрлерін үйрену.

  2. Өлшемдік тетіктердің алғашқы дағдылы жұмысқа жарамдылығын қабылдап үйрену.

  3. Бұрыш өлшейтін аспаптардың конструкциялы құрылымымен танысу.

Осы жұмыс негізінде өлшемдік тетіктердің төмендегі түрлерін үйрену қарастырылады: қарапайым бағалаушы (НТ нивелирі), верньер (ТГ-5, ТТ-5), бағалаушы-микроскоп (ТОМ, ТЗО, Тһео-120), шкалалы микроскоп (Т30м, Т10, Т5), бір тарапты оптикалық микрометр (ТТ4), екі тарапты оптикалық микрометр (ТБ-І, ОТС-62, Т2).

Зертхана жұмысын орындау әрбір студентің жеке орындауымен атқарылады. Өлшемдік тетіктердің түрлері бойынша төмендегі тәртіппен материалдар есептеліп орындалып көрсетіледі:

Өлшемдік тетік түрлеріндегі окуляр ішіндегі көріністері, лимбада орнатылған микроскоп, лупадағы еркін түрдегі өлшемдерді алу;

Суретте бейнеленген өлшемдерді жазу;

Өлшем тетіктерінен алынған өлшемдердің дәлдігі.

Жұмыс дайындалып және келесі зертхана сабағында тапсырылады.