Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27.11.09 book by Koshenova.B.A.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
558.08 Кб
Скачать

Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы

XX ғасырдың 90-шы жылдарының басында Қазақстанда қор биржасының құрылуы нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттардың бірі болды. Нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін өндіріс аясымен қатар айналыс аясын да түбегейлі қайта құру міндеті тұрды. Алайда, шаруашылықты жүргізудің нарықтық формаларына бірден өтудің мүмкіншілігі болған жоқ. Сондықтан ТМД елдерінің барлығындағы сияқты Қазақстанда да жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің жаңа экономикалық жүйесін құру қажет болды. Жұмыс істеп тұрған ұйымдық құрылымдарды жаңа жағдайға икемдеумен қатар олардың жаңалары да құрыла бастады. 90-шы жылдары құрылған тауар биржасы, Қазақстан қор биржасы солардың айғағы.

Атап кететін жәйт, биржалық сауданың Қазақстанда теория­лық және практикалық негізі болған жоқ. Дегенмен патшалық Ресейдің биржа ісі бойынша 1917 жылға дейінгі, оған қоса КСРО-ның 20-шы жылдардағы биржаларының, сондай-ақ биржалардың әлемдік тәжірибесі болған.

1991 жылы Қазақстанда үш, атап айтқанда Алматы, Қостанай және Қазақ қор биржалары құрылды. 1994 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақ қор биржалары бірігіп, Орталық Азия қор биржасы деп аталды. Ол 1995 жылдың 19 сәуірінде бірінші рет сауда ұйымдастырды. 1995 жылдың орта шенінде Қарағандыда, Ақмолада, Павлодарда және Шымкентте оның аймақтық бөлімшелері ашылып, жұмыс істей бастады. Кейіннен оның филиалдары барлық облыс орталықтарында ашылды.

Орталық Азия қор биржасынан басқа мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды Қазақстандық банкаралық валюта биржасы валюта мәмілелерімен қатар жүргізді. Алайда, көптеген мамандардың пікірінше бағалы қағаздар нарығының ақша-несие аясымен араласуының қажеті жоқ. Қор нарығының қалыптасуы кезінде көптеген биржалардың болуы нарықтың бөлшектенуіне, сұраныстың азаюына, бағаның төмендеуіне және т.б. келеңсіз жағдайға соқтыруы мүмкін.

Қор биржасы көбіне акционерлік меншік формасында ұйым­дастырылады. Оның жарғылық қоры құрылтайшылар арасында акцияларды орналастыру есебінен құрылады. Қазақстан заңдарында қор биржасының жарғылық қорының ең аз шегі көрсетіледі. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым, яғни оның мақсаты пайда табу емес, ол басқа да жұмыс түрлерімен айналыспайды. Оның мақсаты – бағалы қағаздармен сауда жасауға қолайлы және тиімді жағдай тудыру, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын салатын жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.

Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым

Қазақстан Заңында «Биржа – қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды аппараттық – техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған [28;1.].

Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531 жылы – Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы – Лион, Тулуза (Францияда), 1556 жылы – Лондон (Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І-Петрдің басшылығымен Санкт-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ-та (Чикагода) 1848 жылы пайда болды.

Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мыс., базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін және тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын алынған. Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әшейін саудадан биржалық сауданың ерекшеліктері бар:

· биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері не­месе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу-сатуға шарт жасалады;

биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен партияларын сататын және сатып алатын сатушы-делдалдар қатысады.

Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез-келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Биржа ұғымының элементтерін 9.1. Суретпен өрнектеуге болады.

Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде ХХ-ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюнктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. іс-шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фьючерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастырды. Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгерді. Нәтижесінде бір жағынан әртүрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешіліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұсқасы. Оларда сатылатын активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы және валюта биржасы бөлініп шықты.

Биржа дамуының болашағын айтатын болсақ, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың бүкіл процесі компьютерленген. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып, нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын және ұйымдастыратын бірегей электрондық нарық пайда болады. Сөйтіп, XVI ғасырда пайда болған ежелгі «биржа» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін. Сонда биржа ұғымының мәні қазіргіден мүлдем басқаша түсіндірілетін болады. Осы айтылғандарды 9.2. Cуретпен өрнектелік.

Тарихи мәліметтер биржа ұғымы үнемі өзгеріп отыратын түсінік екенін аңғартады. Егер 9.1. Cуретте сауда өтетін орынға және көтерме сауда нарығына көңіл бөлінсе, ал келесі 9.2. Cуретте электрондық сауда формасын падалануға байланысты сауданы қызмет орнында да өткізуге болатыны аңғарылады. Сондықтан қазіргі кезде саудаға арнаулы орын – сауда залын дайындаудың қажеттілігі жойылды. Ал биржаның көтерме сауда нарығы сияқты міндетті белгісі де өзгерді. Себебі, электрондық жүйе арқылы бұрынғыдай активтердің үлкен партиясы емес, кез-келген мөлшерін сатуға мүмкіндік туды. Айта кететін жәйт, биржаның клиенттерін, яғни сатып алушы мен сатушыны бір-бірімен өзара кездестіретін биржалық делдалдар нарықтық қатынастардың негізі ретінде қазіргі уақытта да өз маңызын жойған жоқ. Алайда автоматтық жүйе арқылы сатушы мен сатып алушыны іздестіру болашақта биржалық сауданың бұл негізін де керек қылмайтын сыңайы бар.

Келешекте жойылатынын болжауға болмайтын тек бір нәрсе ғана бар, ол биржаның мәні. Себебі биржа сауданы ұйымдасты­рушы, басқарушы және бақылаушы ұйым. Сайып келгенде, биржаның тарихи даму кезеңдерін төмендегідей қорытындылауға болады:

XVI ғасырда – биржа – импортталатын көтерме сауда орны.

XVII-XIX ғасырларда – биржа – тауарлармен, бағалы қағаз­дармен, валютамен көпшілік ірі сауда ұйымдастыратын ұйым;

XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысында – биржа – бағалы қағаздармен және тауарларға фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік сауда жүргізетін ұйым;

XX ғасырдың 70-80 жылдарында – биржа – бағалы қағаз­дармен және фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік және электрондық сауда жүргізетін ұйым;

XXI ғасырдың бас жағына болжам – биржа – бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен электрондық сауда жүргізетін ұйым;

XXI ғасырдың орта шеніне болжам – биржа компьютерлік жүйемен сауданы басқаратын ұйым.

Биржаның қызметіне тек биржаның өзі ғана айналысатын, басқа бірде-бір сауда ұйымдары жүргізбейтін істер жатады. Оны 9.3. Суретпен өрнектеуге болады.

Біріншіден, ашық көпшілік сауда жүргізу үшін биржа жиналысын ұйымдастыру керек. Ол үшін:

биржалық сауданы ұйымдастыру;

биржалық сауданың ережесін дайындау және бекіту;

сауданы материалдық, техникалық жабдықтау;

биржа қызметкерлерін оқыту және білімін жетілдіру;

саудаға қатысушыларға мамандық талаптарын дайын­дап,оны түсіндіру керек.

Сауданы ұйымдастыру үшін биржа ашық сауда жүргізетін көптеген сатушы мен сатып алушы сиятын жақсы жабдықталған нарық орнын (биржалық зал) дайындауы керек. Қазіргі электрондық байланыс құралдарын пайдалану сатушылардың бір жерде болуын қажет етпей-ақ, сауданы электрондық компьютерлік терминалмен жүргізуге мүмкіндік тудырады. Сондықтан биржалық сауда залы жоғары нәтижелі электрондық сауда жүйесімен жабдықталуы керек.

Сауданы ұйымдастыру биржадан сауда ережесін, яғни залдағы саудаға қатысушылардың жүріс-тұрыс ережелерін және нормасын дайындап, оның қатаң орындалуын қадағалауды қажет етеді.

Сауданы материалдық-техникалық қамтамасыз етуге биржа залын, саудаға қатысушылардың жұмыс орнын жаб­дық­тау, биржадағы бүкіл процестерді компьютермен қамтамасыз ету жатады.

Биржалық сауданы жүргізу үшін биржада жоғары маманданған, білім деңгейін қайта жетілдірген қызметкерлер штаты болуы қажет.

Биржалық саудаға қатысатын биржа мүшелерінің бир­жадағы жұмыс тәртібін білуі, биржалық саудаға байланысты қажетті білімі мен іс-тәжірибесі болуы керек.

Екіншіден, биржалық шарттарды дайындау қызметі:

биржалық тауардың сапалық сипаттамасына қойы­латын талаптарды стандарттауды (бір үлгіге салуды);

шартқа енгізілген активтер партиясының мөлшерін стандарттауды;

биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуға бірің­ғай талаптарды жасауды (шарт бойынша жүк жеткізу, өзара есептесу және биржамен есеп айырысу мерзімі мен жағдайларын қоса алғанда) біріктіреді.

Үшіншіден, биржаның арбитраждық қызметі, немесе биржалық сауда барысында жасалған биржалық мәміле бойынша туындаған дауды шешу. Биржаның бұл қызметінің маңызы аса зор. Бір жағынан алдау-арбаумен іс-әрекет жасағысы келген сатушыларды анықтау шарасы болса, екінші жағынан мәміледе жіберілген қате жазулардың, компьютер жүйесіндегі ақаулардың және техникалық қателердің әсерінен кеткен кемшіліктерді түзету тәсілі.

Төртіншіден, биржалық мәміленің орындалуына кепілдік беру қызметі биржалық клиринг және есеп айы­рысу жүйесін қолдану арқылы орындалады. Ол үшін биржа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және саудаға қатысушылардың өзара тараптары мен міндеттерін есептеу жүйелерін қолданады. Сонымен бірге олардың орындалуын ұйымдастырады.

Бесіншіден, биржаның баға құру қызметі – ол екі жақты жағдайды көрсетеді:

Біріншісі, биржаның мақсаты – нарықтық дәл бағаны анықтау болса, сонымен қатар бағаны заңсыз өзгертудің болмауын реттеу міндетін орындауы. Бұл қызметін таратып айтсақ, биржа биржалық тауарлардың барлық түрлеріне баға қалыптастыруға және оны реттеуге қатысатын бірден-бір ұйым. Биржада сұраныс пен ұсыныстың шоғырландырылуы, сондай-ақ көптеген мәмілелердің жасалуы бағаға нарықтан тыс факторлардың әсерін жойып, нақты бағаның сұраныс пен ұсынысқа сай белгіленуіне әсер етеді. Биржалық баға биржаның ең маңызды қызметі ретінде баға кесу (белгілеу) процесінде белгіленеді. Баға кесу деп биржаның күнбе-күнгі қызметінде валюта немесе бағалы қағаздардың, биржалық тауарлардың бағасын белгілеуді айтады.

Баға құру қызметінің екінші жағы – бағаны болжау. Биржада тауар сатушылар мен сатып алушылардың шоғыр­ландырылуы, биржалық мәміленің көптігі және олардың көлемділігі, саудаға тауарлардың ірі партияларының түсірілуі биржалық тауарлар бағасын өкілетті нарықтық бағаға айналдырып, ол көптеген басқа тауарларға баға кесудің негізі ретінде алынады. Нәтижесінде биржа баға құру қызметін атқарып, ол еңбек ақы ставкасы, амортизациялық аударым нормасы және тағы басқалармен қатар баға құрудың базасы болады. Биржада мәмілеге келген датадан соңғы бірнеше айдан кейін жөнелтілетін тауарлар шарттарымен сауда жасалынатындықтан тауар жөнелтілетін датаға (күнге) дейін күнбе-күн баға болжалып отырады.

Алтыншыдан, биржаның хеджирлеу немесе биржалық саудаға қатысушыларды бағаның қолайсыз ауытқуынан сақтандыру қызметін орындау үшін мәміленің арнаулы түрлерін және олардың жасалу механизмін қолданады. Биржа сатып алушы мен сатушыға нақты тауарды өздері таңдауға және бір уақытта тиісті биржалық саудаға не клиент, не қатысушы ретінде қатынасуға жағдай жасайды. Бұндай шаралар биржаға деген сенімді арттырады. Биржаның хеджирлеу қызметі фьючерстік шарт механизмін қолдануға негізделген. Бұл қызметтің мәні хеджир-сатушы (яғни, сақтанушы) бір мезгілде әрі тауар сатушы, әрі сатып алушы болуы тиіс. Бұл жағдайда тауар бағасының өзгеруі бейтараптанады. Себебі бір мезгілдегі сатушының ұтысы сол мезгілдегі сатып алушының ұтылысын көрсетеді, керісінше де болады. Мұндай жағдайға хеджир, мысалы, жай нарықта сатып алушы болып, ал фьючерстік шартпен биржалық нарықта қарама-қарсы жақта болып қол жеткізеді. Әдетте тауар өндірушілер өз өнімдеріне бағаның төмендеуінен сақтанса, ал сатып алушылар сатып алатын өніміне бағаның өсуінен сақтанады.

Жетіншіден, биржаның саудагерлік қызметі – ол биржадағы коммерциялық әрекет. Оның мақсаты – биржалық тауардың сату және сатып алу бағасының айырмасынан пайда табу. Биржаның алыпсатарлық (саудагерлік) қызметі оның хеджирлеу қызметімен тығыз байланысты. Биржадағы хеджирдің құтылған қауіпін алыпсатар өзіне қабылдайды. Алыпсатушы – ол биржадағы кәсіби қызметкер болуы шарт емес. Ол «арзан алып, қымбатқа сату» принципімен пайда табуды көздеген кез-келген компания болуы мүмкін.

Сегізіншіден, биржа ақпараттық қызметін орындау барысында биржадағы баға, биржада сауда жасайтын компаниялар, нарықтық конъюнктура, әртүрлі нарықтар бойынша болжам және тағы басқа іс-әрекеттері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайды. Қазіргі биржалардың ақпараттық қызметінің айтарлықтай жаңалықтары соншалықты мол, мысалы, дамыған мемлекеттерде биржалар өзінің 30%-ке дейінгі табысын биржалық ақпараттарды сатудан табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]