
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
Тауар, қор және валюта биржаларында жасалған мәмілелердің барлығына тән жалпы белгілері болуымен қатар, әрбір биржа мәмілелерінің өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Тауар биржасындағы мәмілелер алғашқыда нақты тауармен мәміле және нақты тауарсыз мәміле (яғни фьючерстік, опциондық) болып екіге бөлінеді (13.7. Сурет).
Өз кезегінде нақты тауармен мәміле дереу жеткізу мәмілесі және жеткізу мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Дереу жеткізу мәмілесі биржа қоймасындағы немесе жолдағы тауарға жасалады, сондықтан оны қолма-қол жасалатын мәміле деп те атайды. Мұндай мәмілелер сатып алу-сату шартымен рәсімделеді. Олардың мақсаты – физикалық тауардың сатушыдан сатып алушыға өтуі.
Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміленің дереу жеткізу мәмілесінен айырмашылығы:
Біріншіден, бұл қоймада бар тауарға да жасалатын, сондай-ақ жеткізу мерзіміне қарай болашақта өндірілетін тауарға да жасалатын мәміле.
Екіншіден, оны орындау мерзімі бекіту мерзіміне сай келмейді, әдетте бұндай мәмілелер бір жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі.
Үшіншіден, жеткізу шартымен рәсімделеді, яғни сатушы тауарды сатып алушыға бекітілген мерзімде жеткізіп беру үшін өзіне міндеттеме алады, ал сатып алушы шарт бойынша тауарға төлем төлеуге және тауарды қабылдап алуға міндеттенеді.
Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміле немесе форвардтық мәміле қауіпті, яғни тәуекелі жоғары деп саналады, себебі бір жақтың мәмілені орындауды кешіктіруінен немесе орындамауынан сатушы да сатып алушы да зиян шегуі, яғни шығынға ұшырауы мүмкін.
Осы мәмілеге байланысты тәуекелді төмендету үшін биржалық тәжірибеде форвардтық мәміленің басқа да түрлерін пайдалануға болады.
Алғашқыда мәміленің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдікпен мәміле пайда болды. Кепілдікті бір жақ екінші жақтың алдында міндеттемесін орындайтынын сендіруі үшін төлейді. Сондықтан сатып алуға кепілдікпен мәміледе ақы төлеуші – сатып алушы, ал сатуға кепілдікпен мәміледе төлеуші – сатушы.
Форвардтық мәміленің келесі түрі – сыйақымен мәміле. Сыйақы төлеушіге не мәмілені орындауды талап етуге, не мәміледен бас тартуға мүмкіндік береді. Сыйақыны сатушы да, сатып алушы да төлеуі мүмкін. Сыйақымен мәміле қосарланған мәміледе де болуы мүмкін. Онда төлеуші оны екі есе төлеп, сатушы не сатып алушы позициясын алуға құқылы. Бұндай мәмілелер дилерге тиімді деп есептеледі.
Сыйақымен мәміле күрделі де болуы мүмкін. Онда төлеуші қарсы екі мәмілені біріктіреді, яғни сыйақыны өзінің екі контрагенті төлейді. Ол біреумен сатып алу мәмілесін, ал екіншісімен сату мәмілесін жасасады.
Еселенетін сыйақымен мәміле – ол бір жақтың сыйақы төлеп мәміледегі тауардың санын бірнеше есе көбейтуге жасасқан шарты.
Қор биржасындағы мәміле бекіту тәртібі 13.8. Суретте өрнектелген.
Қор биржасына жеке корпорациялардың, мемлекеттік органдардың және шетелдердің бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналысқа түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағанда АҚШ-тың, ГФР-дың және Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі корпорациялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ-та егер корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі 1 млн. доллардан кем болмаса, сонда ғана ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы комиссиясында тіркеуден өткізу керек.
Қор биржасындағы мәмілелер орындау мерзіміне қарай кассалық және мерзімдік болып екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы, биржа залында дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін орындалса Т+3 формуласымен өрнектеледі, бұнда Т – мәмілені бекіткен уақыт. Мерзімдік мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уақытта жеткізіп береді, ал сатып алушы мәміле шарты бойынша ақша төлеуге және бағалы қағазды қабылдап алуға міндеттенеді.
Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып алу-сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.
Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша есептесу бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі нарықтық баға және орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу мерзіміне байланысты да бөлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін белгілі бір күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда 1 наурызда бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с.), сондай-ақ, мәміле белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның орындалу мерзімі я айдың ортасы, я соңы болуы керек (мысалы, наурыздың кез-келген жұлдызындағы мәміле сәуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі я сәуірдің 15, я сәуірдің соңғы жұлдызы).
13.9. Суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекешеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жәй көрінісіне тоқталып өтелік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта – әлбетте бір айдың ішінде – я айдың ортасында, я аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың бағамымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.
Қор биржаларының тәжірибесінде еңбір көп тараған мысал бойынша биржалық мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең тараған «өлтірілмеген аюдың терісін бөлу» деген мәтелден таралған деседі. Аюдың әдеті – табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты «бұқа» деп атау – жағымсыздың әдеті – қарсыласын мүйізіне ілуден шыққан.
Сонымен биржадағы ойыншылар – «аю» бағалы қағаз бағамының төмендеуіне, ал «бұқа» – оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды.
Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағамы, мөлшері және қандай мерзімге, қашан сатылатыны көрсетіледі. Мерзімдік мәмілелер бекіту механизміне қарай үш түрге, яғни: тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және пролонгациялық (мерзімі ұзартылған) болып бөлінеді.
Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар (бағалы қағаздардың түрі, мөлшері және сату мерзімі) өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағамы туралы өзара келісіледі.
Тұрақты мәмілені фьючерстік мәміле деп те атайды. Себебі мәміледе көрсетілген шарттар белгілі бір мерзімге дейін өзгермейді, сондықтан мәміле құжаты стандартты (өзгермейтін) түрде болады.
Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық ақы беріп, өз міндеттемесін орындаудан бас тартуына құқығы бар. Олардың мақсаты – биржа операциясы кезінде бағалы қағаздардың курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың әрқайсысы және мәміленің шартынан бас тарту құқығын қалай пайдалануы жөнінен де төрт түрге:
алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле,
қайтарылып алынатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле,
опциондық мәміле,
стеллаж болып бөлінеді.
Алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле бойынша сатып алушы сатушыға белгілі бір сома сыйлық ақы төлеп, бағалы қағаздарды алудан бас тартуға құқылы. Әрине, ол құқығын бағалы қағаздың курсы өсуіне күмәнданған жағдайда пайдаланады.
Мысалы, сатып алушы («бұқа») 1/II-да акцияны 300$ - дан сатып алады және оған қоса 17/II-да төлейтін келісілген сыйлық ақыны да (6$) береді. Ал 17/II-да акцияның бағамы төмендеп, бағалы қағаз 292$ құрайды. Бірақ осыны есептеген «бұқа» алдын ала 6$-ды төлеп қояды да, қағаз курсы бойынша айырмасын (8-6)=2 долларды өзіне қалдырады.
Қайтарылатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәмілеге ұқсас. Сыйлық ақы алмау құқығы сатушыда болады. Мысалы, егер 17/II-да акция бағасы 308$ болса, онда сатушы («аю») 6$ сыйлық ақы төлеуді тиімді санап, оны алмайды, бағалы қағаздың курсындағы 8$-ды алады.
Ал опцион – мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне мәміленің кейбір, қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау немесе оның алғашқы ережесін өзгерту құқығы беріледі. Мысалы, бағалы қағаздың курсының төмендеуіне ойнаушы («аю») 1/II-да курсы 300$ болатын акцияны сату құқығын өзіне сатып алады да, 17/II –ға дейін әр акция бойынша 4$-дан төлейді. Егер акция курсы 296$-дан төмен болса, онда «аю» өз құқығын пайдаланып, айырмасын өзі алады. Ал қағаз курсының жоғарылауына ойнаушы «бұқа» 4$ болатын құқықты өзіне алып, 17/II-дейін әр акция бойынша курсы 300$-дан акция сатып алады. Егер курс 304$ болса, ол өз құқығын пайдаланып жеңіп шығады.
Ал стеллаж, пролонгация, репорт, депорт мәмілелері де алыпсатушылардың бағалы қағаздардың курсын өзгерту арқылы пайда табу ойындары.
Стеллаж – бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.
Пролонгациялық мәміле – бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің түрі немесе бағалы қағаздардың нарқының өзгеруіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру. Бұл әдетте биржалық алыпсатарлар қолданатын мәміле. Егер нарық конъюнктурасы олардың жоспарына сай келмесе, онда кассалық мәміленің орындалу мерзімін ұзартады. Сондықтан бұл мәміле кассалық және биржалық мерзімдік мәмілелердің, оған қоса, биржадан тыс мәмілелердің қосындысы болып есептеледі.
Репорт – мерзімдік мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, коммерциялық банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағаммен (курспен) сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады. Сату бағамы мен сатып алу бағамының арасындағы айырма да репорт деп аталады.
Депорт – оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.
Сонымен, қор биржаларындағы алыпсатарлық мәмілелер – биржа нарығының өтімділігін күшейтетін қажетті талаптар немесе биржалардың өз міндеттемелерін дер кезінде орындау қабілетін арттыратын шаралар.
Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға (салым иесі – ол жеке тұлға, ұжым немесе мемлекет) бұл қоғамда істің мәз емес екендігін аңғартып, оған инвестиция салуды тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді. Ал бағалы қағаздың курсы жоғарыласа, ол керісінше жағдайды, яғни инвесторлардың осы қоғамның бағалы қағаздарын сатып алуына қызығушылығын арттырады. Акция курсының төмендеуі қоғамның банк несиесін алу мүмкіндігін, сонымен қатар жаңа акциялар эмиссиясын қиындатады, яғни бұл акцияларға сұраныс болмайды. Ал, керісінше жағдайда, егер биржада акция курсы жоғары болса, акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың жаңа серияларын шығару, оны сату және оның банк несиесін алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) – акционерлік қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған елдерде әр акционерлік қоғамның акция курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Бұндай мағлұматтар акционерлердің өз қолындағы акцияларының бағамын олардың қазіргі таңдағы курсымен салыстырып және акцияның жаңа бумасын сатып алу немесе бұрынғысын сату, я болмаса өзінде қалдыру туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Валюта биржасындағы мәмілелер кассалық (немесе «спот» мәмілесі) және мерзімдік («форвард» мәмілесі) болып бөлінеді (13.10. Сурет).
«Спот» мәмілесі бойынша мәмілені бекіту мен оны орындау мерзімдері сай келеді. Бұндай мәміледе валюта бірден, әдетте, мәмілені бекіткеннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді. Бұл мәміленің қызықтыратыны сатып алушы өзіне қажетті валютаны, ал сатушы ақшаны, яғни отандық валютаны қажет мерзімде ең аз тәуекелмен алады.
Валютамен мерзімдік мәміленің мәні бұндай мәміледе оны бекіту уақыты мен орындау мерзімі сай келмейді. Сондықтан сатушы сатып алушыға келісілген мерзімнен кейін (әдетте, бір жылда) валютаны беруге, ал сатып алушы ол үшін ақша төлеп және валютаны қабылдап алуға өзіне міндеттеме алады.
Валютамен мерзімдік мәміленің екі түрі бар: жай мерзімдік мәміле және «своп» мәмілесі. Жай мерзімдік мәміледе қатысушылар сатып алу (сату) бағамын алдын-ала белгілейді, оны форвард бағамы деп атайды. Оның негізін «спот» мәмілесінің бағамы құрайды. «Спот» бағамының репорт немесе ажио деп аталатын үстемесі немесе депорт немесе дизажио деп аталатын жеңілдігі бар. «Спот» мәмілесін жиі айырбастау мәмілесі деп те атайды. Себебі ол бір валютаны әрі сатып алу, әрі сатудың тәсілі. «Своп» мәмілесі әрі кассалық, әрі мерзімді мәмілелерді бірдей қамтуы мүмкін (яғни «своп» мәмілесінің негізінде сатып алу жүрсе, ал мерзімдік мәміле бойынша сату жүргізіледі) немесе әртүрлі уақытта орындалатын екі мерзімдік мәмілені бірдей қамтиды. Валюта биржасында мәмілеге келу жағдайын 13.11. Суреттегідей өрнектеуге болады.
Қорыта айтқанда, биржада бекітілген мәмілелер биржалық шартпен (құжатпен) рәсімделеді. Оны я биржа, я болмаса оған құқығы бар биржалық саудаға кәсіби қатысушы тіркеуден өткізеді.