Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27.11.09 book by Koshenova.B.A.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
558.08 Кб
Скачать

Биржадағы делдалдық қызмет

Биржалық сауданың ерекшілігі биржада сауданы сатушы мен сатып алушы жүргізбейді және олар бір-бірімен тікелей кездеспейді. Сауданы олардың өкілдері, яғни биржадағы делдалдар жүргізеді. Делдалдар брокер және дилер деп бөлінеді.

Брокерлік қызмет. Брокер – биржаның кәсіби делдалы. Ол биржалық саудада клиенттің (не сатушы, не сатып алушы) өкілі ретінде клиенттің атынан және клиент есебінен, немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен, өз атынан, бірақ клиент мүддесі үшін және клиент есебінен мәміле жасайды. Биржадағы делдалдық қызметі үшін клиент брокерге комиссиялық сыйақы төлейді.

Биржада ойдағыдай жұмыс істеу үшін брокер бірсыпыра жағдайларды білуі тиіс:

Біріншіден, сауда объектісін,яғни биржалық активті жан-жақты талдай білуі керек;

Екіншіден, өзі жұмыс істейтін биржаның ішкі тәртібін білуі керек;

Үшіншіден, биржалық сауда жүргізе білуі керек;

Төртіншіден, биржада өкілі болатын клиентімен дұрыс тіл таба білуі керек;

Бесіншіден, өзінің ұсынысы бойынша жасалған мәміленің табысын айыра білуі керек.

Брокер – биржалық саудаға кәсіби қатынасушы. Ол ұйым­дасқан нарықта клиентке сатып алу-сату процесінде қызмет көрсетеді. Клиентті саудаға брокерлік фирма ақпараттық хабарландыру арқылы тартады. Биржа мен биржаны реттеуші органдар брокерлік фирмаға:

қаржылық (яғни лицензия алған кездегі өз капиталы талаптарға сай болуы керек);

басшылары мен мамандары кәсіпкерлік талаптарға сай (маман) болуы қажет;

ұйымдық-техникалық;

арнаулы талаптар қояды.

Бағалы қағаздар нарығында брокер өз қызметін лицензия алғаннан кейін бастайды. Лицензияны Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу Агенттігі береді. Биржада қызмет ететін брокерлік фирма аккредитациядан өтеді, яғни фирманың көрсететін қызметі биржа талаптарына сай келуі тиіс. Аккредитациядан өткен брокерлік фирма биржаның реестріне енгізіліп, оған мәміле жасасқанда қажетті номер (код, шифр) беріледі. Кейбір биржаларда брокерлік фирманың сандық кодын әріптік кодпен алмастыруы немесе сандық кодқа әріпті қосып көрсетуі мүмкін. Әдетте, әріптік код төрттен алтыға дейінгі әріптермен белгіленеді.

Брокерлік фирма клиенттің тапсырысы бойынша және оның атынан мәмілеге келеді. Ереже бойынша брокерлік фирма екі жақтың есеп айырысу процесіне қатыспайды, оның есеп шотына тек делдалдық ақы ғана түседі. Егер брокерлік фирма бағалы қағаздарды өзі сатып алып, келешекте сататын болса, бұл жағдайда дилерлік операция жүргізіледі. Оның табысы сату және сатып алу бағаларының айырмасына тең болады.

Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен брокерлер биржалық сауда ережелеріне сай өзара мәміле жасасады; биржа сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат жинақтайды; белгіленген тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады; арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.

Дилерлік қызмет. Дилер – ол мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын биржалық саудаға кәсіби қатысушы. Дилер – ол заңды тұлға. Бағалы қағаздар нарығында дилер болу үшін лицензия алу керек.

Бағалы қағаздар нарығындағы дилердің міндеттері:

сату және сатып алу бағасын; сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін; сонымен қоса мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау;

дилердің өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасасу;

эмитенттің бағалы қағаздарымен операция жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе ондай ақпараттың өзінде жоқ екенін хабарлау;

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігіне өз қызметі туралы есеп беру;

бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.

Дилердің құқықтары:

бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасу;

эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін атқару;

бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;

бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;

клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қа­білеттігі туралы) мәлімет алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]