
- •Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
- •2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
- •3. Нарықтың пайда болуына қарай:
- •4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
- •Биржалық саудаеың даму кезеңдері
- •Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
- •Биржаның қызметтері және түрлері. Биржалық инфрақұрылым
- •Биржаның түрлері
- •Биржа және оның биржалық инфрақұрылым ұйымдары
- •Биржа ісін реттеу
- •Биржалық тауарлар Биржалық тауар ұғымы және оның құрамы
- •Тауар биржасының биржалық тауарларының сипаттамасы
- •Бағалы қағаздар – биржалық тауар
- •Xі тарау Базистік нарықтар Бағалы қағаздар нарығы
- •4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
- •Тауар нарығы
- •Валюта нарығы
- •Xіі тарау Биржаны және биржалық сауданы ұйымдастыру Биржаны құрушылар және оның мүшелері. Биржаның басқару органдары
- •Биржадағы делдалдық қызмет
- •Биржалық сауданы ұйымдастыру
- •Биржалық саудаға қатысушылар
- •Биржалық тауарды саудаға түсіру
- •Сауда тапсырмасы
- •Биржалық сауданы жүргізу механизмі
- •Xііі тарау Биржалық мәмілелер Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
- •Тауар, қор және валюта биржаларында мәліме жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
- •Xіv тарау Биржалық мәмілелер бойынша клиринг және есеп айырысу Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
- •Тәуекелдің негізгі түрлері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •Фьюсерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп айырысу
- •XV тарау Биржалық бағаны айқындау Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
- •Аукционда баға белгілеу
- •Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
- •Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
- •Xvі тарау Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
- •Xvіі тарау Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау Биржалық индекстер және олардың түрлері
- •17.1. Сурет. Негізгі талдау
- •Xvііі тарау Биржа ісін компьютерлеу Биржа қызметін автоматтандыру құралдарының ролі
Биржалық сауданың мәні және даму кезеңдері Биржалық сауда – ұйымдастырылған нарық. Оның ерекшеліктері
Биржалық сауда – ол әрқашан ұйымдастырылған нарықтың бір формасы, яғни ол нормативтік акттерде көрсетілген ережеге сай қызмет ететін нарық.
Жалпы нарық деген түсінік капиталға жеке меншік негізінде құрылған өндірістік қатынастардан туындайтын көптеген процестерді қамтиды. Алайда, биржалық іс-әрекет тұрғысынан қарағанда нарық деген ұғым сату, сатып алуға байланысты процестерден тұрады. Осы мағынада ұйымдастырылған нарық – ол белгілі бір тәртіппен кез-келген активтерді, яғни тауарларды, қызмет түрлерін, бағалы қағаздарды және т.б.активтерді сатып алу, сату қатынастарының жиынтығы.
Нарықта активтердің қай түрі айналысқа түсуіне байланысты оны ұйымдастыру ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Дегенмен ұйымдасқан нарыққа тән бірсыпыра ерекшеліктер бар. Олар:
· сауда жүргізу, есеп айырысу және активтерді нарыққа түсірудің бекітілген ережелері болуы;
· нарықтың жұмысын басқаратын ұйымның болуы шарт;
· уақыт және кеңістік бойынша сұраныс пен ұсынысты шоғырландыру;
· мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар тарапынан нарықтың жұмысын реттеу керек.
Ұйымдастырылған нарық – ол, басқаша айтқанда, реттелген нарық, бірақ бұл реттеу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Мыс., тауарлардың немесе басқа да активтердің сатып алу-сату процестері әртүрлі деңгейде реттеліп отырылуы мүмкін. Сауданы ұйымдастыратын ұйым болуы қажет. Ол ұйым сауда ережесін жазып, оны бекітіп, нарыққа қатысушыларға жеткізіп, оның орындалуын қадағалап отырады. Сауда ережесі көп жылғы жұмыс тәжірибесінен қалыптасады. Егер белгілі-бір нарықтың конъюнктурасының өзгерістерін қадағалап отыратын қатысушылар болмаса (сатып алушылар, сатушылар) жаңа ұйымдасқан нарық болсын, я бұрыннан қалыптасқан нарық болсын сауда жүрмей қалуы мүмкін.
Мемлекет нарықты реттейтін екі түрлі – бір жағынан фискальдық іс тұрғысынан, яғни нарық жұмысынан салық алу, екінші жағынан кейбір активтер нарығын дамытуды ынталандыру мақсатымен саясат жүргізеді.
Ұйымдастырылған нарық бірсыпыра белгілерге байланысты жіктеледі:
1. Сатылатын активтің түріне: Өз кезегінде ол –
· ұйымдастырылған тауар нарығы;
· бағалы қағаздар нарығы (ол әрқашан ұйымдастырылған нарық);
· банктік ссуда нарығы;
· валюта нарығы болып бөлінеді.
2. Ұйымдастыру деңгейіне қарай шартты түрде үшке бөлінеді:
· шағын ұйымдасқан, онда сауданың барлық процестері ережемен
реттелмейді;
· ұйымдасқан, онда сауда ережемен реттеледі;
· жоғары деңгейде ұйымдасқан, онда сауданың негізгі элементтері ережемен жан-жақты реттеледі.
3. Нарықтың пайда болуына қарай:
· өзара ұйымдасқан, яғни саудаға қатысушылар өздері ұйымдастырған;
· орталықтанған, яғни нарықты мемлекет ұйымдастырған болып бөлінуі мүмкін.
4. Сауданың жүргізілу формасына қарай:
· ұйымдасқан көтерме нарық;
· ұйымдасқан дара сауда;
· биржалық нарық деп бөлінеді.
Айта кететін жәйт, тарихи-ғылыми тұрғыдан алғанда нарықты ұйымдасқан және ұйымдаспаған деп екіге бөлу өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін маңызды болды. Ал дамыған елдерде соңғы 50 жылда нарық әрқашан ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын нарық. Дегенмен ұйымдаспаған, бақыланбайтын нарық жоқ деуге болмайды. Себебі, қазіргі кезде белгілі бір дәрежеде ұйымдастырылған нарық барлық нарықтық процесте маңызы айқындаушы роль атқарады.
Биржалық сауданың басқа сауда формаларынан ерекшеліктерін айтатын болсақ, ең алдымен, бұл атау осы сауданы іс-жүзіне асыратын ұйымның атауынан «биржа» сөзінен шыққан. Шын мәнінде биржалық сауда ұйымдастырылған сауда, себебі оны ұйымдастырған арнайы ұйым – биржа. Нарықтық қатынастар жүйесінде биржалық сауданың алатын ерекше орнын 8.1. Суретпен өрнектеп көрсетелік.
Биржалық сауда я капитал тобына (мыс., бағалы қағаздар, валюта), я тауарлар тобына (мыс., түсті металдар, ауыл шаруашылық тауарлары және т.б.) жататын активтермен жүргізіледі. Биржалық саудадағы негізгі операция – ол аталған активтерді сатып алу-сату. Биржалық саудаға қатысушылар биржа активтерін сатып алу-сатуда өзара кез-келген операцияларды жүргізеді, мыс., ссудаға ақша қаражатын, бағалы қағаздарды алады, сондай-ақ кепілге тауар және т.б. алады. Алайда, биржалық сауда – ол сәйкес активтерді тек сатып алу-сату процесі.
Биржалық саудаға кез-келген нарыққа қатысушылар, биржадағы активтерді сатып алу-сатуға қатыса алады, бірақ сатып алу-сату тек биржалық делдалдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл биржалық сауданың басқа сауда түрлері мен формаларынан өзгешелігін білдіреді.
Биржалық сауда басқа сауда формаларынан өзінің атауынан басқа да бірсыпыра белгілермен ерекшеленеді:
· биржалық сауда арнайы дайындалған орында және биржа белгілеген уақытта жүргізіледі;
· биржалық сауда биржаның өзі бекіткен ережеге сай жүргізіледі. Оған барлық қатысушылар ереже талаптарын орындауы міндетті. Олай болмаған кезде айыппұл төлейді, немесе биржа мүшелігінен шығарылады;
· биржалық сауданың жариялылығы, яғни биржалық сауда барлық биржа мүшелері қатысқанда ғана, я болмаса олардың келісімімен жүргізіледі;
· ашықтығы, яғни биржалық сауданың нәтижесі көпшілікке ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі;
· мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың сауданы реттеуі, яғни биржа мемлекеттік заңдар мен нормативтік актілер негізінде өзі бекіткен ережеге сай іс-әрекетін жүргізеді;
· биржада сатылатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс жинақталып, шоғырланады. Себебі биржа сатып алушы мен сатушы кездесетін орын.
Қорыта айтқанда, биржалық сауда сауданың басқа формаларымен ұқсастығы да және айырмашылығы да бар ұйымдастырылған нарық.