
- •14.Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері.
- •16.Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері.
- •17.Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету.
- •18.Аграрлық саясаттың іс-шаралары.
- •25) Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және оның дамуы
- •26) Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі
- •27) Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ыңталандырудың нормативті құқықтық аспектілері
- •29.Еңбек нарығы субъектілері, объектілері, механизмдері
- •36)Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс
- •Министрліктің негізгі міндеттері
27) Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ыңталандырудың нормативті құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: - жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; - жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі; - коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); - қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады; - өндіріс және тұтыну кооперативтері; - консорциумдар; - акционерлік қоғамдар.
28)Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидаларыЖұмысбастылық ұлттық экономиканың және ел халқының әл-аухатының негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.
Қоғам мүшелерінің қаншалықты толық еңбек процесіне тартылғандығына және олардың еңбегі қаншалықты тиімді пайдаланғандығына - экономикалық өсу қарқыны, ЖҰӨ көлемі және халық табысы, төлемқабілетті сұраныстың және қоғам қажеттілігіның қанағаттандырылу дәрежесі тәуелді.
Сондықтан толық және тиімді жұмысбастылыққа қол жеткізу кез келген мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Жұмысбастылық деп жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты және табыс әкелетін халықтың қоғамдық пайдалы қызметі түсініледі.
Ең көп және өнімді топ – бұл жұмыс істейтіндер тобы. Экономикалық процестерге қатысу сипаты бойынша үш маңызды топқа бөлінеді: Жалдамалы жұмысшылар. Оларға жұмысбастылығы өз жұмыс күшін сатудан болатын тұлғалар жатады;
Жұмыс берушілер. Бұл халықтың экономикалық неғұрлым белсенді бөлігі – жұмыс берішілер – меншік иелері, өз кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
Өзі жұмыс істейтіндер. Бұл категорияға өз есебінен жұмыс істейтін тұлғалар, тұрақты негізде жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын өндірістік кооператив мүшелері жатады.
29.Еңбек нарығы субъектілері, объектілері, механизмдері
Еңбек нарығының басқа нарықтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.
«Еңбек нарығы - жұмыс күшіне сүраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц).
Еңбек нарығы - бұл нарық экономикасы құрылымының құрамдас бөлігі.
Еңбек нарығында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) - жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.
Еңбек нарығы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады.
Еңбек нарығында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады.
Еңбек нарығы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.
Еңбек нарығында 3 түрлі міндетті шарт туындайды: өндірушінің жеке еркіндігі және еңбекке өз қабілеттілігін иемдену құқығы;
жұмысшылардың өндіріс құралдардан тура немесе сәйкес көлемде бөлінуі;
кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен еркін құқыққа ие болу.
Еңбек нарығының негізгі компонентері: сұраныс,
ұсыныс,
жұмыс күшінің бағасы.
Жұмыс күші тауар болып табылады және белгілі бір құны бар.
Жұмыс күші бағасы еңбекақы, әлеуметтік төлем және кәсіптік оқыту шығыны мөлшерінде есептелінеді.
Еңбек сұранысы осы немесе басқа салалардың қажеттілігі нысанында көрсетіледі.
Жұмыс күшінің ұсынысы еркін құқыққа ие кәсіпорынның қажеттіліктерге орай біліктілік пен кәсібіне байланысты белгілі бір құнға еңбек ұсыну.
30) Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге басқа тауарлардың нарығы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.
Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты:
Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек нарығында дербес субъект ретінде көрінеді.
Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) - жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мэселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
31. Белсенді және белсенді емес модельдер Барлык еңбек ресурстары, оның ішінде:
1. Экономикалық белсенді халық - жұмыс күші, халықтың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Оған халык шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
2. Экономикалық белсенді емес халық - халықтың дәл осы уақытта қоғамдык өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.
32. Әлеуметтік инфрақұрылым сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салаларды (денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамактандыру, демалысты ұйымдастыру, спорт, туризм және т.б.) біріктіреді.
Әлеуметтік саясат - бұл халықты әлеуметтік қорғау ғана емес, оған өндіріс саласының көптеген аспектілері де (жұмыс күнінің ұзақтығын, ең төмен еңбекақыны, еңбекті қорғауды белгілеу және т.б.) кіреді.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге көмектің қандай түрлері жатады:
халықтың жеке кірісі мен күнкөріс көзі жоқ не олардың мөлшері шектелген, жеткіліксіз жекелеген көбінесе еңбекке жарамсыз топтары мен санаттарына көрсетілетін материалдық қолдаудың,
ақшалай көмектің сан алуан түрлері енеді.
Бақытсыздыққа тап болған, табиғи және әлеуметтік апаттардан, зілзалалардан зардап шеккен адамдарға жәрдем көрсету әлеуметтік экономиканың ерекше саласын құрайды.
Қоршаған ортаның адамдардың тіршілік ету қабілеті мен өмір сүру сапасына әсер етуін сипаттайтын экологиялық экономика да әлеуметтік экономикаға жатқызылуға тиіс.
33. Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік басымдықтар
Әлеуметтік ортаның қаржылық ресурстардың шектеулік бойынша жағдайы және мемлекет функциясының өзгертуі халықты қолдау және әлеуметтік қорғау бойынша шараларды күшейту мақсатында әлеуметтік саясаттың басымдылықтарын дәліректеу және кезең бойынша мақсаттарды нақты анықтап алу қажет.
Ұзақ мерзімді кезеңде – қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін индустриалды жағдайындағы қоғамдық стандартқа жақындату
орта мерзімді кезеңде – тұтыну стандартына және дағдарысқа дейінгі өмір деңгейіне жету
ал қазіргі жағдайда – әлеуметтік жарылысты болдырмау, әлеуметтік қауіпсіздік жағдайларды қамтамасыз ету.
34)Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.
Бағдарлама –директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.
Бағдарламада анықталатындар;
реттеу мақсаты;
мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;
жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критерийі.
35)Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады.
Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді.
Толықтай алғанда фискалдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды.
Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу, көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады.