Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-24 аралығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.19 Mб
Скачать

16.Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері.

Мемлекеттік реттеу жүйесінің төмендегідей функцияларын атап кетуге болады. Олар мыналар: бағыт – мақсаттарды ғылыми негіздеу және оларға жетудің негізгі тактикалық жолдарын таңдау; аса – маңызды макропропорцияларды теңгеру және қоғамдық еңбек бөлінісінің қарама – қайшы өзара байланыстарын сәйкестендіру; өндірістік дамудың қозғаушы және ынталандырушы күштері мен тетіктерін жетілдіре пайдалану. Осылайша, экономиканың аграрлық секторын мемлекетік реттеу – нарықтық құрылымның экономикалық әдістердің басымдылығымен құрамдас бөлігі болып табылады.

Ауыл адамдарына әлеуметтік - әділеттілік кепілдігін бере алмайды. Сондықтан бұл кемшілікті жою үшін мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырып отыру керек. Оның негізгі бағыттары: біріншіден, барлық еңбекке қабілетті адамдарға табыс табуы және өзіне қажетті игіліктер мен қызмет түрлерін пайдалану ауыл үшін кәсіпкерлікпен айналысуға шексіз мүмкіндіктер мен жағдайлар туғызу керек. Табысты салық арқылы қайта бөлу, зейнетақы, жәрдемақы, медициналық көмек, т.б. арқылы еңбекке жарамсыз және табысы аз адамдарын әлеуметтік қорғау; екіншіден, мемлекеттік реттеу арқылы бюджеттік қорлар шетел инвестицияларын және басқа да мүмкіндіктерді келесі бағыттарды қаржыландыруға пайдалану аса қажет:

  • табиғатты қорғау шаралары;

  • жолдардың, электр куатын беру жүйелерінің, магистральды газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, канализация жүйелерінің құрылысы;

  • ауылдың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бала-бақша объектілерінің құрылысымен оларды қамтамасыз ету;

  • жоғары білімді мамандар дайындау және күрделі ғылыми зертеулер мен оның жетістіктерін, жаңа технологияны өндіріске енгізу.

17.Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдікті, ауылдың құрылымдық және әлеуметтік қайта құрылуын қолдауға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық және әкімшілік болып бөлінеді.

Экономикалық әдістерге ұсыныстың тұрақтылығын және тұрғындардың азық-түлік және басқа да тауарларға төлем төлеуге қабілетті сұранысын қамтамасыз ететін, сәйкесті баға деңгейі мен баға теңдігін қолдау жатады.

Бағаның мемлекеттік реттеу сызбасы, бағаның жоғарғы және төменгі шегін және мемлекет қолдауға тиісті, шартты бағаларды бекітуге саяды.

Қаржылық қолдау шараларының арасында демеу қаржы мен өтемақы, жеңілдетілген кредиттеу және салық салу, шетелдік бәсекелестердің жаппай басып кіруінен қорғау, кредиттерді мемлекеттік кепілдендіру, азық-түліктерді сатып алу болуы мүмкін.

Мемлекет өндіріс келемін жоспарлауды тікелей енгізу тәрізді бағалық тетіктер қызметін рыноктық емес тетіктермен түзетуді қолдануы мүмкін.

Тәжірибеде оның екі түрі қолданылады:

  • осы дақылдарды себуді шектеу және сәйкесті өтемақы төлеп, жерді себу айналымынан шығару;

  • өндіріс көлемінің тікелей үлестелуін енгізу және өнімдерді өткізу.

Жалпы сипаттағы шаралар ауыл шаруашылығының шектелген көлемін қамтиды. Тұтастай алғанда, саланы мемлекеттік қолдау деңгейі төмен. Қазақстандағы ауылшаруашылығын республикалық бюджеттен қолдау шығындары ЖІӨ-нің 0,7 пайызын құрайды, Ресейдің осындай көрсеткіші 1 пайызға, ал ЕО елдерінде ол 25 пайыздан 30 пайызға дейін тең. Республикалық бюджеттен бір ауылшаруашылығы нысанына бөлінетін мемлекеттік қолдаудың сомасын есептегенде, 1200 долларды, ал АҚШ-та - 45000 долларды құрайды. Салыстырмалы талдау Қазақстандағы 1 га егістік жерге демеу қаржы көлемі 7,5 доллар болса, Канадамен салыстырғанда 10 есе (83 долл.), ЕО елдерінен-115 есе (855 долл.), Швейцариямен салыстырғанда - 570 есе төмен екенін көрсетеді.

АҚШ-та ауыл шаруашылығының 30 пайызына, Германияда -50 пайызына, Жапонияда - 75 пайызына демеу қаржы бөлінеді.

Мемлекет өзінің жоспарлау, реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, экономикадағы кең көлемдегі теңгермешіліктің қалыптасуының, ұдайы өндірістік – технологиялық процестердің дамуын қамтамасыз етудің негізгі тетіктерін өз қолында ұстауы қажет.

Ауыл шаруашылығының кейбір ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік салық және қаржы – несие саясаты аграрлық секторға қатысты мынадай екі қағиданың негізінде құрылуы мүмкін:

а) ауыл шарушылығының басымды түрде дамуы;

ә) шаруашылық жүргізудің барлық ұйымдық – экономикалық түрлерінің теңдігі. Осылайша азық – түлік пен шикізаттың сатып алу бағасын едәуір төмендету арқылы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін де жүзеге асыруға болады.