
- •14.Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері.
- •16.Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері.
- •17.Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа әсер ету.
- •18.Аграрлық саясаттың іс-шаралары.
- •25) Кәсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау және оның дамуы
- •26) Мемлекет бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі
- •27) Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ыңталандырудың нормативті құқықтық аспектілері
- •29.Еңбек нарығы субъектілері, объектілері, механизмдері
- •36)Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс
- •Министрліктің негізгі міндеттері
1,
2,
3,
5
6
5
be
7
13. Ұлттық шаруашылық құрылымдық өзгертудің қажеттілігі – дамыған 50 елдің қатарына қосылу шарттары
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.
Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.
Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.
14.Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері.
Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер - өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестицияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі айырмашылық бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.
Дамыған елдерде, атап өтілгендей, аграрлық секторды рынок заңы бойынша емес, салықтық қолдау түріндегі тікелей және жанама қаржы бөлетін, қолдампаздық саясат жүргізетін және арнаулы әр түрлі тұтқаларды пайдаланатын мемлекет реттейді.
Рыноктық қатынастарға өтумен байланысты, өзгерістер үдерістері жағдайындағы ең кері көріністі өзгерістер аграрлық секторда өтті.
Бір жағынан, мемлекеттің өтпелі кезеңде саланы қажетті деңгейде қаржыландыру үшін жеткілікті ресурстары болмады. Екінші жағынан, заң базасының жетілдірілмегенінен, бар заңдар мен бағдарламалардың тиімсіздігінен, мемлекеттік шаралардың жүйелі болмауынан, реформалардың негізсіз асығыс тездетілуінен проблемалар туындады. Өтпелі кезеңдегі қиын жағдай бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы мен аграрлық секторды реформалаудың тиімді бағдарламасының болмауынан маңызды саланың нашарлауына және тұралауына әкелді.
14.Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөлі.
Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланысты қарастыру қажет.
АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:
I - ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.
II - ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы)
Ш-дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.
Агроөнеркәсіптік кешенде негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мәнді міндеттерді орындаумен байланысты.
Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан үшін, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету керекті деңгейде жауап бермейтін жағдайда, азық-түлік тәуелсіздігіне жету экономикалық қауіпсіздікті тұтастай қамтамасыз ету ең бір маңызды бағыт болып табылады.
Екіншіден, тұрғындарының 45 пайызы ауылды жерде тұратын ел үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту ауылдық жерде жұмыссыздық проблемасын шешеді. Жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылыққа көмектеседі. Сонымен бірге, мемлекетте ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мойнына алуға ресурстар жеткілікті емес, ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай туғызуы қажет.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласын дамыту нәтижесіндегі барлық экономика үшін елеулі мультипликативті әсерді есепке алу керек. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде астық пен ет өндіруші, ішкі сұраныстың қуат көзі болып табылады. «Жаңа өнеркәсіп саясатын» жүргізу барысын талдау, ауыл шаруашылығының құлдырауы мен төлеу қабілетінің жоқтығы өнеркәсіптік саланың тұрақтануын (машина құрылысы, химиялық, жеңіл, тамақ, мал азықтарының) және тұрақты өсуге көшуді тежейді. Ауыл шаруашылығының дамымаған жағдайында, онымен ілеспелі салалардың көтерілуі мүмкін болуы екіталай. Яғни, саланы мемлекеттік қолдау елдің үдемелі экономикалық дамуына тұтастай маңызды.
Төртіншіден, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімдерді сыртқы рынокқа шығару үшін, барлық қажетті табиғи ресурсы бар. Келешекте сала нақты валютаның шынайы және елеулі көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін көтеруге, республиканың ішкі және сыртқы рыногында көліктік байланыстар проблемасын шешуге барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Көріп отырғандай, ауыл шаруашылығы саласының дамуы елдің тұтастай экономикалық дамуы үшін маңызды. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің, елдің сауда және төлем балансының жақсаруына қосымша негіз бола алады.