
- •Қылмыстық құқық ерекше бөлім
- •Баспаға с. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі ұсынған
- •Бірінші тарау Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы
- •Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы және қылмысты дұрыс саралаудың әділ соттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
- •Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері.
- •Екінші тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстар
- •Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.
- •Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді.
- •Адам өлтіру (96-бап)
- •Бұзақылық ниет-барынша күрделі түсінік.
- •Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру
- •Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру (қк-тің 99-100-баптары)
- •Абайсызда адам өлтіру (қк-тің 101-бабы)
- •Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (қк-тің 102-бабы)
- •Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
- •Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап)
- •Азаптау (107-бап)
- •Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-бап)
- •Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап)
- •Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап)
- •Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап)
- •Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап)
- •Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап)
- •Соз ауруларын жұқтыру (115-бап)
- •Адамның иммун тапшылығы вирусын (жқтб-жұқтыруы) (116-бап)
- •Заңсыз аборт жасау (117-бап)
- •Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап)
- •Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап)
- •Адамды ұрлау (125-бап)
- •Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап)
- •Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап)
- •Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-бап)
- •Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру (128-бап)
- •Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар. Жала жабу (129-бап)
- •Қорлау (130-бап)
- •Жыныстық қылмыстар
- •Зорлау (120-бап)
- •Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттері (121-бап)
- •Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап)
- •Жас балаларды азғындату (124-бап)
- •Үшінші тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)
- •Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап)
- •Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап)
- •Баланы ауыстыру (134-бап)
- •Бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап)
- •Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап)
- •Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап)
- •Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап)
- •Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап)
- •Төртінші тарау. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
- •Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
- •Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап)
- •Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап)
- •Журналистік заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап)
- •Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап)
- •Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап)
- •Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (150-бап)
- •Адамның және азаматтың әлеуметтік экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар Еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап)
- •Еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап)
- •Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)
- •Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап)
- •Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап)
- •Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап)
- •Азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап)
- •Бесінші тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап)
- •Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап)
- •Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап)
- •Соғыс қылмыстары. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап)
- •Жалдамалылық (162-бап)
- •Адамзатқа қарсы қылмыстар. Геноцид (160-бап)
- •Экоцид (167-бап)
- •Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап)
- •Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап)
- •Алтыншы тарау. Қазақстан Республикасының сыртқықауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық (165-бап)
- •Шпиондық (166-бап)
- •Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап)
- •Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-бап)
- •Қарулы бүлік (169-бап)
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар (170-бап)
- •Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар. Диверсия (171-бап)
- •Жұмылдыруға шақырудан бас тарту (174-бап)
- •Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар. Мемлекеттік құпияларды жария ету (172-бап)
- •Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту
- •Жетінші тарау. Меншікке қарсы қылмыстар.
- •Алаяқтық (177-бап)
- •Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап)
- •Тонау (178-бап)
- •Қарақшылық (179-бап)
- •Талан-тараждың түрлері. Ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап)
- •Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар. Қорқытып алушылық (181-бап)
- •Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап)
- •Көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу (183-бап)
- •Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап)
- •Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап)
- •Жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап)
- •Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
- •Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе
- •Сегізінші тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)
- •Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
- •Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
- •Жалған кәсіпкерлік (192-бап)
- •Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)
- •Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап)
- •Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап)
- •Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу (196-бап)
- •Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап)
- •Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап)
- •Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап)
- •Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап)
- •Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)
- •Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап)
- •Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап)
- •Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін (205-бап)
- •Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу (206-бап)
- •Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап)
- •Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және қайталау (208-бап)
- •Экономикалық контрабанда (209-бап)
- •Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап)
- •Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап)
- •Банкроттық жағдайдағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап)
- •Әдейі банкроттық (216-бап)
- •Жалған банкроттық (217-бап)
- •Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап)
- •Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап)
- •Банктың ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап)
- •Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап)
- •Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (222-бап)
- •Тұтынушыларды алдау (223-бап)
- •Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап)
- •Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету 226-бап)
- •Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, эем үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (227-бап)
- •Тоғызыншы тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдарға қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар. Өкілеттіктерді асыра пайдалану (228-бап)
- •Жеке нотариустардың және аудиториялардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы (228-бап)
- •Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы (230-бап)
- •Коммерциялық сатып алу (231-бап)
- •Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)
- •Оныншы тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері. Терроризм (233-бап)
- •Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап)
- •Адамды кепілге алу (234-бап)
- •Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастық-қа қатысу (235-бап)
- •Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)
- •Бандитизм (237-бап)
- •Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап)
- •Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру (239-бап)
- •Теңіз қарақшылығы (240-бап)
- •Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап)
- •Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (244-бап)
- •Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-бап)
- •Радиоактивті материалдарымен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу (247бап)
- •Радиоактивті материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу (248 бап)
- •Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (249-бап)
- •Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап)
- •Айналысатын алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік.
- •Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап)
- •Қаруды заңсыз жасау (252-бап)
- •Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253-бап)
- •Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-бап)
- •Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу (255-бап)
- •Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256-бап)
- •Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу (260-бап)
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап)
- •Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап)
- •Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап)
- •Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап)
- •Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап)
- •Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап)
- •Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап)
- •Адамгершілікке қарсы қылмыстар. Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап)
- •Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-бап)
- •Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап)
- •Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап)
- •Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (274-бап)
- •Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-бап)
- •Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап)
- •Он екінші тарау. Экологиялық қылмыстар
- •Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап)
- •Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап)
- •Микробиологиялық немесе биологиялық агенттермен немесе улы заттар-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап)
- •Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап)
- •Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар. Суларды ластау, бітеу және сарқу (281-бап)
- •Атмосфераны ластау (282-бап)
- •Теңіз аясын ластау (293-бап)
- •Жерді бүлдіру ( 285- бап)
- •Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (олжалау) (287-бап)
- •Заңсыз аңшылық (288-бап)
- •Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап)
- •Ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап)
- •Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап)
- •Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу (290-бап)
- •Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап)
- •Он үшінші тарау. Көліктегі қылмыстар.Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама.
- •Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-бап)
- •Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)
- •Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-бап)
- •Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап)
- •Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қаматамасыз ететін ережелерді бұзу (300-бап)
- •Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату (301-бап)
- •Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу (302-бап)
- •Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-бап)
- •Труба құбырларын зақымдау немесе қирату (304-бап)
- •Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі (305-бап)
- •Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу (306-бап)
- •Он төртінші тарау.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері.
- •Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар:
- •Қызметтік өкілетті теріс пайдалу (307-бап)
- •Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану (308-бап)
- •Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (309-бап)
- •Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (310-бап)
- •Пара алу (311-бап)
- •Парақорлықтың ұғымы 3 қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-бап), пара беру (312-бап), парақорлыққа делдал болу.
- •Пара беру (312-бап)
- •Парақорлыққа делдал болу (313-бап)
- •Қызметтік жалғандық жасау (314-бап)
- •Қызметтегі әрекетсіздік (315-бап)
- •Салақтық (316-бап)
- •Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (319-бап)
- •Өкімет өкілін қорлау (320-бап)
- •Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-бап)
- •Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап)
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз ету (330-бап)
- •Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (330-1-бап)
- •Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (330-бап)
- •Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап)
- •Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу (323-бап)
- •Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-бап)
- •Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (325-бап)
- •Әскери қызметтен жалтару (326-бап)
- •Мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап)
- •Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар. Өзінше билік ету (327-бап)
- •Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену (328-бап)
- •Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану (332-бап)
- •Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу (333-бап)
- •Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру (335-бап)
- •Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы (336-бап)
- •Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу (337-бап)
- •Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап)
- •Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)
- •Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап)
- •Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау
- •Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)
- •Қинау (347-1-бап)
- •Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап)
- •Беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары. Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)
- •Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап)
- •Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)
- •Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап)
- •Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап)
- •Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап)
- •Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап)
- •Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап)
- •Қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына кәнігі түрде бағынбау (360-бап)
- •Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап)
- •Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары. Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап)
- •Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап)
- •Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап)
- •Сотты құрметтемеу (343-бап)
- •Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу (343-бап)
- •Айғақтарды бұрмалау (348-бап)
- •Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап)
- •Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап)
- •Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (362-бап)
- •Қылмысты жасыру (363-бап)
- •Қылмыс туралы хабарламау (364-бап)
- •Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап)
- •Он жетінші тарау. Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері
- •Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап)
- •Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету (368-бап)
- •Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап)
- •Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап)
- •Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап)
- •Қашқындық (373-бап)
- •Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-бап)
- •Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар. Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап)
- •Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу (376-бап)
- •Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап)
- •Ішкі қызмет атқарудың және горнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап)
- •Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (387-бап)
- •Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (388-бап)
- •Әскери мүлікті жоғалту (389-бап)
- •Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап)
- •Ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу (392-бап)
- •Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап)
- •Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (386-бап)
- •Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап)
- •Қызметке селқос қарау (381-бап)
- •Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап)
- •Тонаушылық (385-бап)
- •Пайдаланған әдебиеттер :
- •Мазмұны
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)
Қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыстардың бірі жаппай тәртіпсіздіктер болып табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің Қылмыстық кодексінде бұл тұрғыдағы қылмыс үшін қатаң жаза белгіленген. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жаппай тәртіпсіздіктің тікелей объектісі- қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болады. Объективтік жағынан бұл қылмыс жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру арқылы сипатталады. Жаппай тәртіпсіздік деп қоғамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Күш қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазым адамдарына, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдірулері жатады. Қирату деп-мүлікті, объектілерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз. Өртеуге мүліктерді, құрылыстарды, автокөліктерді, өсімдіктерді, қондырғыларды, басқа да заттарды отқа жандырып құрту әрекеттері жатады. Мүлікті жоюға-әр түрлі тәсілдермен оларды мүлдем жарамсыз күйге келтірулер жатады. Соғыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс қондырғыларын қолдану деп-осыларды адам өлтіруге, жарақаттау үшін, мүлікті бүлдіру немесе қорқыныш сезімін тудыру үшін мақсатты пайдалануды айтамыз. Өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуге қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз еткен өкіметтің заңды өкілдеріне тікелей қиянат жасап, олардың өздеріне жүктелген функцияларын атқаруға кедергі келтіру, оларды қуғынға ұшырату сияқты әрекеттер жатады. Жаппай тәртіпсіздіктер-формальдық қылмыс құрамына жатады. Қылмыс Кодекстің 241-бабының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыратынын, оның заңда көрсетілген әрекеттермен жалғасатынын сезеді және соңы істеуді тілейді. Қылмыс субъектісі-16-ға толған, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған немесе басқарған адам.
Бұзақылық (257-бап)
Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық-тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден-бір жауы. Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық тәртіп, ал қосымша объектісі-адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады. Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп- өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз. Қоғамдық тәртіп дегеніміз-қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады. Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады. Бұзақылық үшін заңда көрсетілгендей қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық орын алуы керек. Осы белгі арқылы қылмыстық жолмен жасалынатын бұзақылық ұсақ бұзақылықтан ерекшеленеді. Кінәлының күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады. Күш қолдануға денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе еңбек ету қабілетінің болмашы ғана жоғалуына ұласқан денеге жеңіл жарақат салу жатады. Қорқытуға жәбірленушінің сана-сезімі мен еркіне әсер ететін түрде күш қолданамын деген әрекеттер жатады. Қорқытудың мазмұны сан алуан, ол сабаймын, өлтіремін, өртеймін деген айбат жасаулар арқылы көрініс табуы мүмкін. Бұзақылықта бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін. Залалдың мөлшерін анықтау нақты фактілерге байланысты болады. Ерекше арсыздықпен жасалған бұзақылық деп-адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару; мысалы, ұятсыздық, ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағы адамдарды, т.б. қорлау арқылы көрінетін бұзақылық әрекет. Бұл қылмыс құрамының объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі істелген іс-әрекеттерде қоғамды анық, көрінеу құрметтемеуін білдіретін белгілер болуы керек. Қоғамдық көрінеу, анық құрметтемеу деп кінәлының көпе-көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне ашық қарсы қоятын мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтемеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағының қажетті белгілері болып табылады. Бұзақылық формальдық-материалдық қылмыс құрамына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық, көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер бұзақылық әрекеттерімен бөтеннің мүлкі жойылса, бүлдірілсе онда қылмыс материалдық құрамға жатады. Мұндай ретте іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, әдетте, қоғамдық орындардан (көшеде, мекемелерде, көліктерде, қоғамдық тамақтандыру немесе көпшілік орындарда) басқа, байланыс адамдарға, жас балаларға, келіп-кетушілерге қарсы жария түрде жасалады. Адам өз әрекеттері арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды көрінеу құрметтемегендігін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке-қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдіретін әр түрлі дөрекіліктер, өктемдіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады. Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады. Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат түсіру және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген Қылмыстық кодекстің баптарымен саралануы тиіс. Егер мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен ұласса және қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдірсе, онда кінәлының әрекеті бұзақылық ретінде сараланады. Қылмыстың субъектісі-жалпы, 16-ға (254-баптың 1-тармағы) және 14-ке (257-баптың 2,3-тармақтары) толған есі дұрыс адам.
Тағылық (258-бап)
Осы бапта: «тағылық, яғни үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру» деп оған анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекеттер бұзақылық деп бағаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының әрекеттері қоғамдық адамгершілік және эстетикалық нормаларды бұзу арқылы жүзеге асырылады, тағылық қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштасады. Бұзақылықтың заты-бөтеннің мүлкі болса, тағылықтың заты-үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады. Тағылықтың объектісі-қоғамдық тәртіп, қосымша тікелей объектісі адамгершілік нормалары болады. Объективтік жағынан бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен, қоғамды көрінеу қадірлемейтін әрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік жағы үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс-әрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады. Үйлерді, өзге де ғимараттарды (кітапхана, музей, кинотеатр, театр ж.т.б.) қорлау олардың қабырғаларына қоғамдық адамгершілікке жат жазуларды жазумен, суреттерді салумен жүзеге асырылады. Әдетте бұлар порнографиялық суреттер салу, әдепсіз,ұятсыз сөздер жазу арқылы жасалады. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе толарды еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу әрекеттері үшін жауаптылық көзделген. Көлікте немесе өзге де қоғамдық орындардағы заттарды-жарық беру құралдарын, орындықтарды, төсеніш құралдарын, олардың жамылғыларын, сондай-ақ таксофон аппараттарын, әр түрлі қоршаулар мен есік-терезе құрылғыларына едәуір емес мөлшерде залал келтіруді мүлікті қасақана бүлдіру деп айтамыз. Тағылық қылмысы формальдық-материалдық құрамға жатады. Қылмыс кейбір реттерде заңда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған уақыттан бастап, ал басқа жағдайларда істелген іс-әрекеттер материалдық залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан тағылық қылмысы тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын, мүлікті бүлдіргенін сезеді және солай әрекет жасауды тілейді. Қылмыстың субъектісі жалпы-14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.
Он бірінші тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-бап)
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын ж.т.б. заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізімі бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. жатады. Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек. Кінәлының арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады. Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі-өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет. Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсетілген қылмыс құрамы болмайды. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.