Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру (қк-тің 99-100-баптары)

Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлының әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.

Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жайттар да кездеседі. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді. Ұсталған адамның жасаған қылмысы ұсталу жағдайының сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілік дәрежесіне анық түрде сәйкес келмегенде, тұлғаға ешбір қажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай тудырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады (ҚК-тің 100-бабы). Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы-жәбірленуші оны өлтірген кезде қоғамға қауіпті қастандық жасамайды. Ұсталған тұлғаға ол қылмыс жасағаннан кейін зиян келтіріледі. Бұл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. Ұсталу жағдайына келетін болсақ, мұның да белгілі бір рөлі бар, бірақ бірінші дәрежелі емес немесе кез келген ұстау жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы шағын немесе орта ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаны өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге болмайды. Әйелдерге анық мүгедектік белгісі бар адамдарға және өте жас балаларға немесе милиция қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға (егер олар қаруды қарсылық көрсеткен, қарулы не топ болып шабуыл жасаған, адамдардың өміріне қауіп төндіретін, бұдан бөгде адамдар зардап шегуі мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар шоғырланған жағдайдан басқа жағдайларда) оқпен атылатын қаруды қолдануға тыйым салынады. Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полиция қызметкерлері ұстайтын адамдардың, оларға көрсетілген ара қашықтықты қысқарта жақындауға, немесе оның қаруына жанасуға әрекет етуі полиция қызметкерінің оқпен атылатын қаруды қолдануына құқық береді.

Абайсызда адам өлтіру (қк-тің 101-бабы)

1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешілігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу ұшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкін. Ұшқалақтық салдарынан адам өлтіріп алу кінәлы өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірақ өзіне-өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді. Егер тұлға өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамаламаса, бірақ оған қажетті деңгейде көңіл бөлген немесе шамалаған кезде өлімнің болатындығын алдын ала болжауға тиіс болған жағдай ұқыпсыздықтың салдарынан адам өлтіріп алу деп танылады. Абайсыздықта адам өлтіріп алудың субъектісі-16 жасқа толған адам болады.

Қылмыстық кодекстің 101-бабының 2-тармағы осы қылмыстың неғұрлым қауіпті түрін қарастырады: екі немесе одан көп адамды абайсыздықта өлтіріп алуы.