Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап)

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке қылмыстық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі- қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыс заты терроризмді насихаттайтын әр түрлі материалдар. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы: терроризмді насихаттау; терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру; соларға байланысты материалдарды тарату арқылы жүзеге асырылады.Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз. Жария дұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз. Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және терроризм актісін жасау немесе оны насихаттау мақсатымен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған есі дұрыс адам.

Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, телерадио хабар т.б. жатады.

Адамды кепілге алу (234-бап)

Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық Конвенция қабылдаған. Қылмыстың тікелей объектісі-кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. Кепілге алу- кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады. Кепілдік ретінде ұстау-адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.Адамды кепілге алу-формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді. Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол-мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлының мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады. Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты істі тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады. Қылмыстың субъектісі-14-ке толған, есі дұрыс адам. Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру; адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.