Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-міндеттеріне адал қарамау деп танылып, жауапқа тартылады.Қылмыстың тікелей объектісі-коммерциялық немесе өзге ұйымның бірқалыпты басқару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады.

1)басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы;

2)бұл әрекетсіздік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

  1. өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы әрекетсіздігі мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы. Заң міндеттеріне адал қарамаудың екі бірдей нысанын көрсетіп отыр:

1) өз міндеттерін атқармауы;

2) өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармауы.

Өз міндеттерін атқармау деп коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын адамның заңмен, жарғымен өзіне жүктелген басқару қызметі функциясын мүлдем атқармауы болып табылады. Міндеттеріне адал қарамау қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі-қылмыстың зардабы. Заңда ол адам өлімі немесе өзге де ауыр зардаптар деп көрсетілген. Өзге де ауыр зардаптарға-жәбірленушіге ауыр дене жарақаттың келтірілуі, коммерциялық немесе өзге ұйымның ірі материалдық шығынға ұшырауы, банкрот болуы немесе ірі көлемдегі айып төлеуі және т.б. Кінәлы адамның міндеттеріне адал қарамауы әрекетсіздігі мен одан туындайтын зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Себепті байланыстың болмауы қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана кінәнің абайсыздық нысанында жасалады. Заңның өзінде басқару қызметін атқаратын адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндетін адал атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы деп тура көрсетіліп отыр. Мұның өзі абайсыздықтан міндеттеріне адал қарамау әрекетінен, сондай-ақ одан туындайтын зардап жөнінде де орын алатынын көрсетеді. Қылмыстың субъектісі арнаулы-коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқарушы адамдар.

Оныншы тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері. Терроризм (233-бап)

Терроризм-қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар.Оның бірінші терроризм-мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі-терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі- қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады. Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан:

  1. адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау;

  2. аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған.

Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады. Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі-осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң-қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен. Қылмыстың субъектісі-14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам. Өзге де ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады). Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәлының екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлының істеген әрекеті-қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасауі осы қылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған, болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Мемлекет қайраткері деп-еліміздің тікелей басқару, экономикалық, саяси, әлеуметтік саясатымен тікелей айналысатын жауапты мемлекеттік өкімет билігінің лауазымды адамдарын айтамыз. Оған жататындар: Парламент депутаттары, Премьер-Министрі, Вице-премьерлер, Министрлер, Вице-министрлер, Жоғары Сот төрағасы, Жоғары Сот мүшелері, Конституциялық кеңестің төрағасы, оның мүшелері, Бас Прокуратураның, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жауапты қызметкерлері, облыстың әкімдері және т.б. Қоғамдық қайраткерлердің қатарына әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері немесе көрнекті мүшелері жатады. Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады. Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан бостатылады.