Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу (196-бап)

Нарықтық экономиканының басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі, яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің және дамуының басты шарттарының бірі болып бәсекеге негізделген заңдардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бірақ-та нарықтың өзін-өзі ретке келтіру процесінде сан қилы бәсекені әдейі шектейтін нысандарды туындатады. Мұндай ретте мемлекет құқық нормаларын ретке келтіру және қорғау мақсатымен экономикалық қызмет субъектілерінің қызметіне араласуға міндетті. Экономика саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы заңсыз үстемдікке жол бермеу, әр түрлі қиянаттарын тойтару мақсатымен мемлекет антимонополиялық реттеу арқылы экономикаға мемлекеттік ықпал етеді. Қылмыстың тікелей объектісі-адал бәсекеге негізделіп, нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектілерінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

  1. монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру;

  2. бәсекені шектеу монополиялық іс-әрекеттер және бәсекені анықтау заңдарына сәйкес монополистік іс-әрекеттер бәсекені шектеуге, тежеуге немесе жоюға жол бермеуі қажет. Осыған байланысты монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру заңға қайшы әрекет болып табылады. Монополиялық жоғары баға белгілеу деп тауар нарығында үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектісінің, сапасы төмен тауарына көтеріңкі, жоғары баға қойып оған жұмсалған шығынын өндіріп алумен бірге одан пайда табуын айтамыз. Бәсекені шектеу-рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру әрекеттері арқылы көрініс табады.

Рынокты бөліп алу дегеніміз-тауар өндірушілердің өзара келісіп сауда алаңын өзара бөліске салып, басқа тауар өндірушілерді сол жерге кіргізбеу амалын жасауы болып табылады. Кәсіпкерлер өзара келісіп басқа субъектілерді ығыстыру мақсатымен тауарларға бірыңғай жоғары немесе төмен баға белгілеп белгілі бір уақытқа ұстап тұруы мүмкін, сөйтіп олар рынокта өздерінің үстемдігін орнату арқылы басқа кәсіпкерлерді сол орыннан ығыстырып шығарады. Осы көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Осы қылмыс құрамы материалдық құрамға жататындықтан қоғамға қауіпті іс-әрекет пен оның зардабының арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-кәсіпкерлер немесе коммерциялық ұйым жетекшілері.

Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап)

Қылмыстық кодекстің 197-бабы бойынша «Көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірсе»-қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың объектісі болып көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің заңда белгіленген тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі болып-мүлік иесі, сауда-саттықты, аукциондарды ұйымдастырушылар, сатып алушылар мен өзге шаруашылық субъектілері танылады. Объективтік жағынан қылмыс құрамы мына әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады:

  1. көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу;

  2. осының салдарынан мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірілсе;

  3. қоғамға қауіпті іс-әрекет пен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыс.

Көпшілік сауда-саттық немесе аукциондар өткізу тәртібі арнаулы нормативтік актілермен белгіленеді. Осы белгіленген ережелерді өрескел бұзу осы көрсетілген қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды.

Өрескел бұзу деп- сауда-саттық немесе аукцион өткізу тәртібін көрінеу бұзу, бұрмалау, теріс қолдану болып табылады. Егер осы әрекеттен жәбірленушіге ірі зиян келтірілсе қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен келтірілген ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс орын алуы қажет. Себепті байланыс жоқ болса қылмыс құрамы да болмайды.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей және жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-сауда-саттық пен аукцион өткізуге жауапты жасы 16-ға келген, есі дұрыс адам.