Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе

бүлдіру (188-бап)

Заңға сәйкес бөтен адамның мүлкін ірі зиян келтіріп абайсызда жою немесе бүлдіру ғана қылмыс болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерден мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана абайсыздықпен жүзеге асырылады. Қылмысты менмендікте адам өз іс-әрекетімен қоғамға қауіпті зардап-бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңіл ойлылықпен болғызбау мүмкіндігіне сеніп, қылмысқа жол береді. Қылмысты немқұрайдылықта адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда заңда көзделген зардапты болжап білуге тиіс және болжай алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмей қылмысқа жол береді. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады. Осы қылмыс құрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген:

а) отпен немесе өзге де аса қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу арқылы жасалған;

б) не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер арқылы бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.

Аса қауіпті көздерге-көлік құралдары, жанар, жағар майлар, атылатын, жарылатын заттар, электр жабдықтары т.б. жатады.

Ауыр зардаптарға-адамның денсаулығына орта, ауыр зиян келтіру, оларды уландыру, ауруға шалдықтыру, сондай-ақ кәсіпорын қызметін тоқтатуға немесе доғаруға, міндеттемелік шарттарын орындамауға, әкеліп соғатын экономикалық зардаптар жатады.

Сегізінші тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)

Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Заңға сәйкес әрбір азамат лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқылы. Шаруа (фермер) қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ, шаруа қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады.

Лицензия-жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілейтін ресми құжат болып табылады. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады.

Объективтік жағынан қылмыс мына төмендігі бірнеше балама әрекеттер арқылы сипатталады:

а) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;

б) жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу;

в) сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы қылмыс;

г) немесе үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.

Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге-заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалық, ғылыми-техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуға-өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін, қаржысын келісім-шарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады. Заңды күшіне енеген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға-жеке немесе коммерциялық ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалуына байланысты (Мысалы, мемлекеттік тіркеуден өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әр түрлі кедергілер анықталып, сот құжатында көрсетілген, заңды күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.