Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап)

Бұл қылмыс Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген құрамға объектісі, жәбірленушісі бойынша ұқсас. Бұл екі құрамның айырмашылығы әділсоттылықты жүзеге асыруға кедергі келтіру тәсіліне ғана байланысты. Қылмыс құрамының объективтік жағының құрылысы формальдық, ол Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1 және 2-тармақтарының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін (өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту) істеген немесе күш қолдану әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық кодекстің 341-бабының 1 және 2-тармағында алдын ала тергеу жүргізілуіне, істің немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкімнің орындалуына, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, қорғаушыға, сараптаушыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты өлтіремін, денсаулыққа зиян келтіремін, мүлкін бүлдіремін немесе жоямын деп қорқытқаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай қорқыту нақты жүзеге асырылатындай негіз болуы шарт. Қорқытудың нақты орын алатындығы істің нақты жағдайларына, қорқыту тәсілі, жәбірленуші мен кінәлының ара қатынасы, кінәлының бұдан бұрыңғы мінез-құлқы, оның мінездерімен байланысты анықталады. Қылмыс қорқыту әрекеттері орын алған уақыттан бастап (заңда көзделген адамдарға оның әсер еткеніне немесе әсер етпегеніне қарамастан) аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам баптың диспозициясында тізбектеліп көрсетілген жәбірленушілерге арнайы қорқыту білдіргенін сезеді және соны жүзеге асыруды тілеп әрекет істейді. Осы қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі-қылмыстың мақсаты заңда көрсетілген жәбірленушілерді кінәлының беттеген әрекеттерін істеуге мәжбүр етуі болып табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.

Сотты құрметтемеу (343-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі соттың дұрыс қызметі және беделі, қосымша тікелей объектісі сот процесіне қатысушылардың ар-намысы және адамгершілігі. Сот талқылауына қатысушыларға прокурор, қорғаушы, жәбірленуші, сотталушы, кәмелетке жасы толмаған сотталушының немесе жәбірленушінің заңды өкілі, азаматтық талаптар және жауапкер, сарапшы, аудармашы, маман, сот мәжілісінің хатшысы, азаматтық кодекстің жақтары, азаматтық іс бойынша үшінші жақ т.с.с. жатады. Қылмыс объективтік жағынан алғанда формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген жәбірленушілердің кез келгенін әділсоттылықты жүзеге асыру қызметіне байланысты қорлаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Қорлаудың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 130-бабында берілген. Яғни кінәлы адам сотты құрметтемеушілікте де сот талқылауына қатысушыларды, судьяны олардың қызметіне байланысты қасақана ар-намысын, адамгершілігін, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді жүзеге асырады. Қорлау тәсілдері (ауызша, жазбаша, ым, теріс дене қимылдарын көрсету т.б.) қылмыстық саралауға әсер етпейді. Судьяны немесе сот талқылауына басқа да қатысушыларды жеке өзара қатынастан пайда болған қақтығыстарға байланысты және әділсоттылық жүзеге асырылып жатқан жерден басқа орында қорлау, жеке адамға қарсы қылмыс ретінде қарастырылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзі қорлап отырған жәбірленушілердің сот талқылауына қатысушылар екенін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың объектісі-16-ға толған кез келген адам.