Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап)

Қылмыстың объектісі-қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы Қылмыс объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлы кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырған жағдайларда көрінеу көмексіз қалдыруы арқылы көрініс табады. Бұл қылмыс әрекетсіздік арқылы екі түрлі жағдайда көрініс табады:

  1. кінәлы адам өмірі мен денсаулығына қауіп туған адамға қамқорлық жасауға міндетті болса және ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса;

  2. кінәлы адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті күйге өзі қалдырса.

Бірінші жағдайда көрсетілген әркетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:

  1. заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына; балалары-кәрі ата-аналарына;

  2. көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға міндетті адамдар: мектеп мұғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелерінің жетекшілері, балабақшасының тәрбиешілері және басқалар;

  3. көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға міндетті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері;

Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса (объективтік белгі) және оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана (субъективтік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

Қауіпті жағдайда қалдырудың себептері әр түрлі болуы мүмкін:: жас мөлшеріне байланысты (сәби, қарттық) адам ағзасында орын алатын патологиялық немесе физиологиялық процестерге байланысты (науқастың күнге күйіп денесінің жансыздануы, басы айналып құлап қалу, көпшілік жүретін немесе басқа да жерде адамның ескілікті дертіне байланысты уақытша есі ауысып зардап шегуі), табиғи апаттарға байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар көшкіні салдарынан үйінді астында қалған адамдар) т.б. Кінәлы адам адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті жағдайға өзі қалдырып, көмек бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді тастап кету; көз көрмейтін адамды көшеден өткізуге міндетті адамның оны жолға тастап кетуі т.б. осы сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген әрекетсіздіктерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңдағы қауіпті жағдайда көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қылмыстың субъективтік жағының дәл мәнін айқындап тұр. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда еске алынады.

Адамды ұрлау (125-бап)

Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстаудың адам ұрлау деп айтамыз.

Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі. Қылмыстың жәбірленушісі-жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына қарамастан ұрланған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алып кету бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру, оны тұрғылықты мекен-жайынан немесе уақытша тұрып жатқан жерінен басқа жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады, қылмыс формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.