Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына кәнігі түрде бағынбау (360-бап)

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық-атқару мекемесі-түзеу мекемелерінің режимі белгіленген талаптарды қатаң сақтаулары қажет. Қылмыстық-атқару мекемесінің әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау қылмыс болып табылады. Қылмыстың объектісі-түзеу мекемелерінің бірқалыпты дұрыс қызметі. Объективтік жағынан қылмыс бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына кәнігі түрде бағынбауы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігіне көтермелеу немесе жазалау шараларын қолдануға құқылы осы мекеменің лауазымды адамдары жатады, олар мекеме, отряд бастығы, олардың көмекшілері, бақылау немесе қадағалау функциясын атқаратын адамдар т.с.с. болып табылады. Сотталған адамның әкімшіліктің өкілінің заңды талаптарын орындамауы бағынбау деп танылады. Мысалы: әкімшілік өкілінің сотталған адамнан құмар ойындар ойнауды тыю туралы қолдануға, пайдалануға тыйым салынған затты дереу ерікті түрде беру туралы талаптарын, сондай-ақ өндірістік жұмыстарды тоқтатуға бағытталған әрекеттерін тыю туралы, басқадай өткізілетін шараларды жүзеге асыру жөніндегі (мәдени-бұқаралық, сауықтыру, спорт) талаптарын қасақана орындамауы сияқты әрекеттер. Кәнігі түрде бағынбаушылық деген сөздің мәні сотталған адам бұрын тәртіптік, басқадай ескерту алғанына қарамастан, іс-әрекетті тағы да жандандырып, заң талабын өрескел бұзып әкімшілік талабына бағынбағандығын білдіреді. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына кәнігі түрде бағынбайтынын сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъектісі бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан 16-ға толған адам. Тәрбие колониясында жазасын өтеп жатқан кәмелетке жасы толмағандар, сондай-ақ қоныс колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарда бұл қылмыс құрамының субъектісі болып табылады.

Қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің заңды қызметі. Қосымша тікелей объект-бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкерлерінің, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталған адамның қауіпсіздігі. Көрсетілген адамдар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс бас бостандығынан айыру орнының немесе ұстау орнының қызметкеріне қатысты, сондай-ақ сотталған адамның түзетілуіне кедергі жасау немесе оның қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолдану мен қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі заңда көрсетілген адамдарды күш қолданамын деп қорқыту болып табылады. Заңда қорқытудың мазмұны ашып айтылмаған, сондықтан да қорқытудың аумағы кең. Кінәлы адам кез келген күш қолдану арқылы жарақат саламын, өртеймін, өлтіремін деп қорқытуы мүмкін және бұл қорқытулардың нақты жүзеге асырылатынына жәбірленушінің жеткілікті негіздері болуы шарт. Қылмыс құрамы формальдық ал қорқыту орын алған сәттен аяқталған деп танылады. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі-қылмыс істелу орны-қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме болып табылады.

Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметкеріне, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталған адамға күш қолданумен қорқытқанын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам. Олар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жүрген адам немесе қамаудағы адам немесе басқа адам болуы мүмкін.