Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады.(205-баптың 2-тармағы). Заң бойынша алдын ала тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар егер бұл тергеу мүшелеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 205-бабының 2-тармағы)Заңның осы көрсетілген талаптарын бұзу әділсоттылықтың мүддесіне орасан зиян келтіруі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі. Қылмыстың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтау жүргізуші адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады. Тергеу әрекеттері (мысалы тінту) жөніндегі мәліметтерді, сарапшылық тағайындап, куәларды шақыру, заттай немесе әр түрлі құжаттық дәлелдемелер жөніндегі деректерді тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, прокурордың келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады. Жария етудің тәсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы) болуы мүмкін.Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға қатысы жоқ. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол алдын ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Жария ету қылмыстық іс жүргізу процесінің алдын ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске аксырылады.Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалғанына қарамастан оны жариялаудың қоғамға қауіпті екенін сезеді, бірақ-та соны жариялауды тілейді. Қылмыстың субъектісі-қылмыстық іске қатысушы 16-ға толған арнаулы адамдар-куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы, қалыс адам, қорғаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ж.т.б. Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария етсе, онда олар лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылады.

Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап)

Қазақстан Республикасында соттардың және қылмыстық процеске басқа қатысушылардың тәуелсіздігін нақты жүзеге асыру мақсатымен Қылмыстық кодекске енгізілген бұл баптың басты мақсаты-қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-соттардың әділсоттылықты жүзеге асырудағы бірқалыпты қызметі, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың, олардың туыстарының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі-судья, сот приставы, сот атқарушысы, жәбірленуші, куә, присяжной заседателі, қылмыстық процеске басқа да қатысушылар (мысалы азаматтық талапкер, сарапшы, прокурор, азаматтық жауапкер, қорғаушы) және олардың туыстары. жәбірленушілердің жеке күзеті туралы, олардың тұрғын Қылмыстың затына-жайын, мүлкін күзету жөніндегі, оларға берілген қару мен жеке қорғану құралдары, уақытша орын ауыстырып тұрып жатқан мекен-жайы, жұмыс, оқу орнының өзгеруі, басқа жерге көшіп кетуі, құжаттарын, бет әлпетін өзгертуі жөніндегі мәліметтер жатады. Қылмыс объективтік жағынан судьяға, сот приставына, сот атқарушысына, жәбірленушіге, куәгерге, қылмыстық процеске басқа да қатысушыларға қатысты, сол сияқты олардың туыстарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл әрекетті аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік жұмысына байланысты белгілі болған адамның жасауы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрылысы жөнінде формальдық құрамға жатады және ол қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мәліметтерді жария етудің тәсілі сан алуан, әңгіме барысында, қауіпсіздік мәліметтері бар тиісті құжаттарды бөтенге беру, жоғалту, оларды сақтау тәртібін бұзу т.с.с. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам заңда көрсетілген адамдар жөніндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария етуге болмайтынын сезеді, бірақ-та соны тілеп немесе оған саналы түрде жол бере отырып әрекет істейді. Қылмыстық ниеттің қылмыс құрамына әсері жоқ.Қылмыстың субъектісі арнаулы. Олар аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік жұмысына байланысты белгілі болған, 16-ға толған адам (полиция қызметкерлері, жеке күзет қызметкерлері, жәбірленушінің көлігін жүргізуші, МАИ қызметкерлері, жеке дәрігерлер т.с.с.)