Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап)

Бұл норма Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жеке құрам ретінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрыңғы кодекс бойынша мұндай әрекеттер қызмет бабына қиянат жасау ретінде сараланатын еді. Бұл тұрғыдағы қылмыстың қоғамға қауіптілігі орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезімін туғызумен бірге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесірін тигізеді, құқық қорғау органы қызметкерлеріне іріткі салып, олардың беделін аяққа басады. Қылмыстың тікелей объектісі-прокуратура, тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің мүддесі. Қылмыс объективтік жағынан алғанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізетін адамның сезікті немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатуы арқылы сипатталады.Бұл қылмыс тек әрекет арқылы-қылмыстық істі қорғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы тиісті құжат қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс осы уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Сезік деп-қылмыс жасады деп күмән келтіріліп, соған байланысты қылмыстық іс қозғалған немесе ұсталған не айып тағылғанға дейін бұлтарпау шарасы қолданылған адамды айтамыз, ал айыпталған адам деп-Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен өзіне қатысты айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтаушы органның бастығы айыптау хаттамасын жасап, бекіткен адамды айтамыз. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінде көрсетілген заң нормаларының шарттарын бұзып, қылмыстық жауаптылықтан негізсіз босатуды заңсыз босату деп айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар тұжырымдалған (37-бап). Осы көрсетілген жағдайлардан басқа негізде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту заңсыз деп танылады. Бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңсыз босату туралы қаулы шығару орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат сан алуан болуы мүмкін: танысына жәрдем ету, туыстарының өтінішін орындау, аяушылық бүлдіру т.с.с. Егер қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату заңсыз сыйақы алуға байланысты болса, онда кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы (311, 345-баптар) бойынша сараланады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы. Ол заңда тізбектеліп көрсетілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін (прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам).

Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау

(346-бап)

Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс:

  1. көрінеу заңсыз ұстау;

  2. көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық белгіленген. Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сол Қазақстан Республикасының конституциясында көзделген әркімнің жеке басының бостандығына құқығын өрескел аяққа басады. Азаматты ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге асырылуы тиіс. Қылмыстың тікелей объектісі-әділсоттылықтың мүддесі, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің жеке бостандығы, азаматтардың басқадай (мүліктік, тұрғын үй, ар-намысы) мүдделері. Қылмыстың объективтік жағы көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Заңсыз ұстау деп-Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша адамды еркінен айырып, шара қолдануды айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына көрінеу қайшы түрде бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды заңсыз қамау деп түсінген жөн. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаса да, оны босатудың орнына оны одан әрі тұтқында ұстауды заңсыз тұтқында ұстау деп түсінеміз. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс заңсыз ұстау, қамау немесе тұтқында ұстау әрекеттері орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңда көрсетілген көрінеу деген сөздің өзі осы іс-әрекеттің тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалатынын білдіреді. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыстың субъектісі-адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқында ұстауға құзыреті бар адамдар. Олар-прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам, сондай-ақ босатылуға жататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын орнының бастығы. Қылмыстық Кодекстің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар болуы, өлуі немесе өзін-өзі өлтіруі, т.с.с.) әкеліәп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.