Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
С. Т. Иксатова -ылмысты- ---Ы- ерекше б-лім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

Заңсыз аборт жасау (117-бап)

Аборт дегеніміз - заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынш а- 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі ҚР бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

Қылмыстың объектісі-әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (117-баптың 1-тармағы) сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмыстың істелгені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды.

Субъективтік жағы қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Кінәлы адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі-жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар. Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа) аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрыңғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.

Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с.

Қылмыстың субъектісі-16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар заңсыз аборт жасаған адам хирург-гинеколог, акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі –Қылмыстық кодекстің 117-бабының 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталанғаны үшін жауаптылығы көзделген.Жауаптылықтың шарты-мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет.

Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі-ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыс объективтік жағынан:

  1. заңға сәйкес немесе арнайы Ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі;

  2. бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі;

  3. әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады.

Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға, ұландарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандарға тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекемелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қарамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетпеуге міндетті.

Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлы қылмыстық кодекстің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

Дәлелді себептерге-тойтарылмайтын күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мәжбүрлік жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады.

Дәлелді себептермен науқасқа көмек көрсетпеу қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайға жатады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап-науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардап кінәлы адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек. Қылмыстың субъективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы, 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам.