Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
765 Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.13 Кб
Скачать

2.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі

Жаңа саяси режимді 1799 жылғы Конституция бекітті. Бұл Конституцияға өте қызық сайлау енгізілді. Ол келесі тәртіппен өтетін: округ өзінің сайлаушыларының 10-нан 1-ін ғана Коммунаға жіберетін, Коммуна 10-нан 1-ін Департаментке, ал Департамент 10нан 1-ін ұлттық тізімге кіргізетін. Сол тізімге мемлекеттің негізгі маңызды орындарына сайланатын адамдар кіретін. Ценздердің арасында тек тұрақтылық цензі сақталды. Сайлауға қатысу үшін бір жерде кемінде 1 жыл тұру шарт.

Сенат 25 адамнан тұратын. Олар өмір бойы қызмет істейді. Сенатор болып 40 жасқа толған еркек адам тағайындалады. Сенатқа кандидаттарды үш мемлекеттік орган: Заң шығаратын Корпус, Трибунат, бірінші консул беретін.

Сенат Заң шығару корпусының мүшелерін, трибунат пен консулдарды сайлады және алынған заңдарды бекітті6.

Заң шығару корпусы. 300 адамнан тұратын, олардың бестен бірі жыл сайын қайтадан сайланып отырды. Заң шығару процесі өте шиеленіскен және күрделі жолмен жүргізілетін. Алдымен заңның жобасын мемлекеттік Кеңес жазады, содан кейін заң жобасын трибунат талқылайды, ең соңында заңды Заң шығаратын корпус қабылдайды.

Атқару билігі 3 консулдың қолына жиналған: 1 консул заңдарды жариялайды, мемлекеттік Кеңестің мүшелерін тағайындайды, министрлерді, өкілдерді, әскер мен флоттың жоғарғы офицерлерін, жергілікті әкімшілік мүшелерін, соттағы іс комиссарларын, қылмыстық және азаматтық сот қызметкерлерін, бітістіруші сот және кассациялық сот қызметкерлерін тағайындайды.

Бірінші консул болып Наполеон тағайындалды, 1802 жылы Францияда өткен плебисцитге халық оны өмір бойлы консул етіп сайлады. Ал 1804 жылдан бастап ол Францияның императоры ретінде таққа отырды. Наполеонның абыройы Францияда өте жоғары еді. Ол халықтың революциядан бастап он жыл бойы көрген өзгерістерден шаршағанын түсінді.

Халық төңкеріс кезінде алған жерлерін, ақшаларын, байлықтың басқа түрлерін феодалдар қайтадан тартып ала ма деген қауіпте еді. Төңкерістен шаруалар жер алып, енді оны жоғалтқысы келген жоқ. Наполеон қалыптасқан жағдайды терең түсініп жер кадастрлерін енгізді де, жер иеленушілерге сертификаттар берді.

Наполеон құрған мемлекеттік аппарат Францияда бір ғасыр бойы сақталды. Бұл аппараттың негізгі принципі мемлекеттік аппаратты бір орталыққа бағындыру. Наполеон Францияның әскеріне де көп ықыласын салды. Тәртіп тірегі император ең жақсы көретін гвардиясы ветерандардан тұратын. Жарты миллион қызметкер, жарты миллион солдат осы қорқынышты организм, бүкіл Франция қоғамының денесін құшақтан, оны буындырып, оның бүкіл саңылауын бітеп тастады. Әскерге тек дворяндар ғана емес, басқа топтардың өкілдері де алынды, Наполеон солдаттарға жақсы жалақы төлегені үшін шаруалардың да әскерге барғысы келді. Басқарудың бәрі бір орталыққа бағынды, департаменттер округтерге және коммуналарға бөлінетін. Оларды префект, супрефект және мэр басқарды. Наполеон төңкеріс табыстарының бәрін сақтағандай болды. Бірақ бұл көзқарас Францияны терең танысқанда басқаша екені анық көрініп тұрды. Наполеонның басқару әдістері сыртынан демократиялық сияқты көрінеді, ал негізінде ол мықты диктатура режимі. Француздар Он алтыншы Людовикті, оның Мария Антуанетта деген әйелін гильотинаға жіберіп, өмірінен айырса, Наполеон өзін император деп жариялады да, Мария Антуанеттаның Мария Луиза деген жиеніне үйленді.

Наполеон Бонапарттың ішкі саясат саласындағы шаралары Наполеон үкіметінің буржуазия үстемдігін нығайтқанын толық айқындап берді.

Наполеон кезінде кіргізілген мемлекет басқару ісіндегі жаңалықтар күні бүгінге дейін сақталып қалды. Сол кезеңнен бастап орта мектептер жүйесі – лицейлер мен жоғарғы оқу орындары – Нормальдық және Политехникалық мектептер (университеттер деуге болады) құрылды, олар бүгінгі таңдағы Францияда ең көрнекті оқу орындары болып қалып отыр. Наполеон кезінде өте қуатты полицияның және көп тармақты құпия қызметтің негізі қаланды7.

Төңкерістен кейін көп ұзамай-ақ генерал Бонапарт жаңа конституцияның мәтінін өзі айтып жаздырды. Бұл конституция бойынша өкілдік мекемелер іс жүзінде барлық мағынасын жойды.