Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
765 Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.13 Кб
Скачать

ЖОСПАР

Кіріспе 2

1-тарау. Еуропа және Термидорлық Конвент 3

1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары 3

1.2 Бонапарттың Италияға жорығы 5

1.3 Египет пен Сирияға жорық 6

2-тарау. Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі 8

2.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс 8

2.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі 9

2.3 Императорлық Францияның Еуропа картасын қайта пішуі 12

2.4 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада 14

2.5 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі 14

Қорытынды 15

Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалады да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді.

Ал біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар аңсап еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп айтуымызға болатын кезең. Бұл кезеңде тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Еуропаны өз солдаттарының табанына таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.

1793 жылғы төңкерісте өзін таныта алған Бонапарт халықтың алдында беделі күшейіп өзі генерал атағын алды. Ал 1799 жылы буржуазияның көмегіне арқа сүйей отырып сыбайлас жемқорлықтан іріп-шіріген Директорияны қуып шығып өзі билік басына келді.

Бонапарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған кезінде өзіне біткен турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: «Мен революция мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді сақтап қалып және теорияны аластаттым».

Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жырлар жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізілген.

Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В. Тарленің, А.3.Манфредтің, Н.А. Левицкийдің атақты француз жазушысы Стендальдің Наполеон Бонапарттың өмірі туралы жазған кітаптарын қарап шықтым1. Сонымен қатар бұрын өзім оқыған Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясындағы Наполеонның суреттелуіне де назар аудардым2. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының әсері көршілес жатқан Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл жайындағы кітаптар ұшан теңіз десе де болады. Әрине, көбінесе Наполоенды бір жақты етіп көрсетуге тырысқан әдебиеттер де аз емес, дегенмен жоғарыда біз атаған класикалық туындылардың өзі де Наполеон бейнесінің сонау кеңес кезінде де дұрыс сомдалғанын байқаймыз.

1-тарау. Еуропа және Термидорлық Конвент

1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары

1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы француз әскерлері басып алған жерлер Францияның қарамағында қалды. Солай болғанымен Пруссиямен бітім шарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс тоқталған жоқ. Бұл соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.

Наполеон Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон туардан үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын.

Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын Франция­да оқытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай Наполеонға жолдастарының назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жасқа келгенде ол Париждегі әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу заңдары жөнінде арнаулы еңбек жазды.

1785 ж. октябрьде ар­тиллерия кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына жіберілді. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген Наполеон I Ұлы француз революциясын қызу қарсы алды. 1792 ж. Якобиншілдер клубына енді.

1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монархист бүлікшілер мен ағылшын интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан Бонапартқа Конвент бригада генералы атағын берді. 1795 жылы Бонапарт артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді талқандады. 1795 ж. Париждегі монархистер бүлігін басуда тапқырлық көрсетіп, көп ұзамай Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалды. Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның бас қолбасшысы болып тағайындалып 1796 ж. Солтүстік Италияға жіберілді.

1.2 Бонапарттың Италияға жорығы

Бонапарт аса зор, алысқа сілтейтін жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл Еуропа мен Шығысты француз буржуазиясына жаулап алып беру үшін Италияны плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске асыруды қолға алды3.

Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға Италияны сендердің тонауыңа берем деп уәде етті. «Солдаттар! — деп жаз­ды Бонапарт езінің бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын». Сонымен бірге Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын австриялықтардан азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен құтқару үшін бара жатырмын деп жалған айтты.

Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей баса-көктеп кірді. Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бо­напарт Италия жеріне аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген Бонапарт халыққа әрқашан өшпенділікпен қарады, оны жек көрді. Наполеон Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық қозғалысын аяусыз талқандады.

Бұған мысал ретінде мынаны айтуға болады: қаһарына мінген Бонапарт бір қаланың бүкіл халқын бағынбағаны үшін қырып тастауға бұйрық берді, ал оның солдаттары тұрғындарды найзасымен түйреп шықты да қаланы өртеп жіберді. Ал Бонапарт өзінің солдаттарына Италияның басқа бір қаласын 24 сағат бойы талауға берді. Жергілікті тұрғындар өлтірген француз солдаттарының өлігі қай деревняға жақын табылса, сол деревняны Наполеон өртеуге бұйрық берді. Италияда Наполеон Бонапарттың армиясы зеңбіректер мен қару-жарақтарды және толып жатқан азық-түлік пен ат жемін басып алды. Жаулап алынған жерлерінде ақшалай миллиондаған контрибуция төлеуге мәжбүр етті. Бонапарт музейлердегі қымбат мүсіндер мен картиналарды, шіркеу мүліктерін, бриллиант пен алтынды тонап алып, мұның бәрін Парижге жөнелтіп жатты.

Бонапарт Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол өзіне қарсы жіберілген Австрия әскерлерін талқандап, Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ жағалауы Францияда қалды. Италия «кішігірім» деп аталған бірнеше республикаларға бөлінгенімен, іс жүзінде олар Францияға тәуелді болды. Швейцария мен Голландия да Францияға тәуелді республикалар болып саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі батпады.

Қалай дегенмен де 1796—97 жылдардағы Италиядағы науқан, Кампоформия бітімі (1797) Наполеон Бонапарттың әскери дарындылығымен қатар оның соғыстың әлеуметтік мәнін жете білетіндігін, дипломаттық алғырлығын танытты.