Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.74 Кб
Скачать

Жобаның тақырыбы: Студенттердің бойында көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мен дамытудың ерекшеліктері.

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Теориялық бөлім

1.1. Жастардың  белсенділіктері жөнінде жалпы түсінік

1.2. Белсенділікті дамыту жолдары

1.3. Белсенділікті арттыру жолында қызмет ететін студенттік ұйымдарға жалпы сипаттама

ІІІ.Университет жастарының белсенділігін арттыру жолдары бойынша эксперименталды - тәжірибелік жұмыс.

2.1. Белсенділік сапаны қалыптастыру бойынша тренингтік бағдарлама.

2.2. Университет студенттерінің белсенділіктерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін талдау

ІV.Қорытынды

V.Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда, білім беру үдерістерінің ықпалдастығы заманында, кәсіби білім беру сапасын жетілдіру және қоғам сұранысына жауап беретін мамандарды дайындау мәселесі бара-бара маңызды болып отыр. Осы күнгі маманның жеке тұлға ретінде қалыптасуында мейлінше талап етіліп отырғаны кәсіби сипаттамалары ішінен шындықты, сондай-ақ өзін-өзін түбегейлі өзгертетін субъектілердің мақсатты белсенділігі дәрежесін бейнелейтін қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылып отырған көсбасшылық қасиет алдыңғы орынға шығып отыр.

Зерттеу мақсаты: Ел ертеңі болып саналатын қоғамда ерекше орын алатын парасатты жастардың мемлекет, қоғамда белсенділіктерін арттыру жолдарын анықтау және жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Белсенді жастардың қоғамдағы орнын айқындап,  студенттердің белсенділік деңгейінің көрсеткішін анықтау;

  • студенттік қоғам ұйымдарының қызметін үйлестіру;

  • Жастарға соның ішінде университет студенттеріне белсенділік әлеуетті қалыптастыруға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;

  • қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру, кәсіби тәжірибелік білімін жинақтау;

  • белсенділікті оңтайландыру, жеке тұлғаны қоғамдық жұмыстарға бейімдеу;

  • талантты және белсенді жастарды мемлекеттiк қолдау;

  • интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздерін диалогтық талқылау (дөңгелек үстел, конференция).

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер болашақ мамандардың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру біртұтас педагогикалық үдеріс, барлық құрамдас бөліктердің бірлігі мен өзара байланысы және жұмыс істеу заңдылығы талаптарында жүзеге асырылатын болса; өзінің бойында көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі тани отырып, ұйымдастыруға құрылса, ал ізделіп жатқан ерен қабілеттікті дамыту үдерісінің тұжырымдылық негізі жорамалдан келіп шығатын машықтанушы (тәжірибелі) ілім болып табылса, қызмет тәсілі жалпы кейіннен оны ұғына отырып, тәжірибе жинақтау барысында, практика жүзінде қолданып, тексере отырып тиімді қалыптасқан жағдайда ғана, аталған жұмыс тиімді сипатқа ие болады, өйткені ізделіп жатқан қасиетті қалыптастыру оның мазмұны мен процессуальдық аспектілерінің бірлігінде жүзеге асырылады.

Зерттеу жұмысының пәні: Студенттердің көшбасшылық қабілет теориясы мен тәжірибесі

Зерттеу жетекші идеясы: Студенттердің бойында көсбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болашақ маманның көшбасшылыққа даярлық үлгісіне бағытталған мақсатты педагогикалық үдеріс бірлігі, оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы және қатар бағыныштылығы ретінде жүзеге асырылуы тиіс

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Жеке тұлға туралы, қызмет барысында жеке тұлғаның қалыптасуы туралы философиялық ережелер, ортаны түбегейлі өзгертуде оның белсенді рөлі; жеке тұлғалық, жүйелі-мақсатты, қызметтік, аксеологиялық, жеке дара және контекстік көзқарас, әлеуметтендіру теориясы, көшбасшылық теориясы, ынтымақтастық теориясы, әлеуметтік белсенділік теориясы, өзін-өзі тану теориясы, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы.

Зерттеу әдістері: зерттеліп жатқан мәселе бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау, құжаттамаларды оқып білу, студенттердің шығармашылық жұмыстарын талдау; қадағалау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, саралау, іскерлік ойындар, педагогикалық жәйттерді құру, бағалау, өзін-өзі бағалау, үлгілеу, статистикалық деректерді математикалық өңдеу, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар.

І.Кіріспе

Жас­тар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бо­ла оты­рып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Ке­нет­тен емес, БҰҰ Мыңжылдық да­му бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде – жас­тар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған. Қазақстанда жас­тар жал­пы халықтың 30 пай­ы­зын құрайды. Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң бой­ын­ша жас­тар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жас­тар са­я­са­ты­на берілген анықтама -мем­ле­кет жүзеге асы­ра­тын және жас­тар­ды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, са­я­си, ұйымдастырушылық және құқықтық ша­ра­лар жүйесi қызметінің ая­сы. Жас­тар ұйымдарының ор­ны. Жас­тар саясатындағы ба­с­ты орын­ды алушылардың бірі бо­ла оты­рып, жас­тар та­ра­пы­нан көтерілген мәселелердің қыр-сы­рын білетін тікелей со­лар. Әлемдік тәжірбиеде олардың жас­тар са­я­са­тын орын­да­у­шы аса маңызды субъекті ор­нын ала­ды. Қазақстанда жас­тар ұйымдары тар­пы­нан мәселелер көтеріледі. Оларға тиісті құқықтар беріп тең ретінде қарастыру, пікірімен сана­су, жұмыстары көлеңкеде қалып кой­мауы бол­са бұл олар еңбегінің жемісі бо­лар еді. Яғни егерде біздің университетіміздің студенттерге еркін жұмыстана алатын кабинеттер болса мүмкін бұдан да көп жетістіктерге жетер едік. Және де қаржыландырылса нұр үстіне нұр болар еді. Билік құрылымдары жас­тар мәселесін оларға тең түрде қарау арқылы және олар­ды заң жо­ба­ла­рын тең түрде қатыстыру арқылы ше­ше ала­ды. Жас­тар –мем­ле­кет дамуының са­па­лы кепілі болғандықтан, олардың жай­ын бүгін қам же­ме­сек, ертең кеш бо­ла­ды. Еш­тен кеш жақсы демекші, жас­тар са­я­са­тын күн тәртібіне қойсақ, оған жас­тар­ды тең мүше ретінде қарастырсақ, бұл жұмысқа өз септігін тигізер. Жас­тар қоғам қарым-қатынасындағы келелі фак­тор. Қазіргі таңда Қазақстанда 300-ден астам жастар ұйымдары мен қозғалыстары жұмыс істейді. Елімізде 4 миллионға жуық 29 жасқа дейінгі жастар барын ескерсек, әрбір 13000 бозбала мен бойжеткенге 1 жастар ұйымынан келеді екен. Бірақ бұл жастар ұйымдары қарапайым студенттер мен доп теуіп жүрген аула балаларына, арман жетелеп қалаға келген ауыл жастарына не беріп жатыр? Бұл қозғалыстар саяси топтардың қолшоқпары ма, әлде саясат сахнасына өз күшімен шыққан белсенді топ па? Осы мәселе төңірегінде біз өзіндік зерттеу жүргізуге тырыстық. Қазір Қазақстанда не көп, партия көп. Әрбір партияның жанында жастар қанаты да жұмыс істейді. Қазірше партиялық жастар қозғалыстарының басты атқарған істері – майда-шүйде дөңгелек үстөлдер мен үлкенді-кішілі дискотекалар. Сайлау алдында ақпарат құралдарынан: «Біздің үміткерді қолдаңдар» – деген сыңайда ұран тастап, төбесі көрініп қалған партиялық қозғалыстардың жастар арасындағы PR акцияларын еске алсақ, жастар қанаттарының не үшін құрылғандығы аңғарылады.  Бірақ елімізде дербес жастар қозғалыстары ретінде жұмыс істеп келе жатқан ұйымдар да баршылық. Олар өздерінің дербестігі мен ешкімге де тәуелді еместігін алға тартуға құмар. Дегенмен, қазіргі Қазақстанның саяси жағдайында биліктегі не оппозициядағы аға-апалардың мүддесін емес, өскелең жас ұрпақтың мүддесін ойлап құрылған қозғалыстар некен-саяқ. Тіптен, Қазақстанда жұмыс істейтін 300-ден астам жастар қозғалыстарының не бары 5-6-уы ғана еріксіз ауызға ілігеді. Қалғандарының не тындырып жатқаны бір Аллаға аян. Ауызға еріксіз ілігетін сол 5-6 ұйымды талдау арқылы жастар қозғалыстарының мақсат-мүдделерін аңғаруға болады. Жал­пы алғанда, Қазақстан Республикасының жас­тар са­я­са­ты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты бо­лып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы кон­цеп­ци­я­сы» 1999 жы­лы 28 та­мыз­да қабылданған, оның мағынасын кең түрде аша­тын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жы­лы 7 шілдедегі «Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң» бар. Алай­да, оның бап­та­ры не себепті толық орын­дал­май­ды ? Оның толық орын­дал­мауы эффективті норамативті-құқықтық ба­за­сы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар. Ел­ба­сы ай­ту­ын­ша, төрт базалық эле­мент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сы құруға арналған жеке үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы жас­тар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан жас­тар саясатының жеткілікті дәрежеде да­мы­мау себептері не­де екенін анықтау бұл мәселенің ба­ры­сын қарастыруға мүмкіндік береді. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жастар мемлекеттің проблемаларын өткір сезінетін және қабылдайтын топтардың бірі екенін біле отырып елемеу немесе оны жеткілікті деңгейде зерделемеу жастардың саяси жоғары бағалауларды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде жастардың бүтіндей әлеуметтік топ және жеке алғанда индивид ретінде билік институттарының: биліктен, оның практикасынан, нақты бір тұлғалардан және мекемелерден, билікті көрсететін рәсімдерден жатсыну механизмін тудырады және қоғамның көңіл-күйі мен саяси жүйеге сенім деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады. Жастардың белсенділіктерін арттыру бағытында көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан болатын соның бірегейі (Карпенко О.М., Ламанов И.А., Щенина О.Г. , Кебина Н.А. Л.Леонтьев, М.Г. Ярошевского) ғалымдар қарастырған болатын.   

ІІ.Теориялық бөлім