Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалы СРС и экзаменационные вопросы по физи...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

I Механиканың физикалық негіздері

1. Қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы. Радиус – вектор. Орын ауыстыру. Жол. Жылдамдық және үдеу. Нормаль және жанама үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Бұрыштық және сызықтық сипаттамлардың арасындағы байланыс.

2. Динамиканың негізгі есебі. Классикалық физикадағы күй түсінігі. Қозғалыс теңдеуі.

3. Масса, импульс, күш. Механикадағы күштер.

4. Ньютон заңдары.

5.Қатты дене механикасы элементтері. Механикалық жүйенің инерция центрі және оның қозғалыс заңы.

6. Нүктеге және қозғалмайтын оське қатысты күш моменті және дененің импульс моменті.

7. Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі. Дененің инерция моменті. Штейнер теоремасы.

8. Импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары - табиғаттың іргелі заңдары. Бұл заңдардың механика есептерін шешуге қолданысы.

9. Энергия – материя қозғалысының әр түрлі формаларының бірегей өлшемі. Жұмыс.Айнымалы күштің жұмысын есептеу. Қуат. Кинетикалық энергия.

10. Кинетикалық энергия және айналмалы қозғалыс кезіндегі жұмыс.

11. Консерватив және консерватив емес күштер. Күштердің потенциалық өрісі. Потенциалық энергия және материялық нүктеге әсер етуші күшпен байланысы.

12. Механикалық энергияның сақталу және айналу заңы.

13. Инерциалық санақ жүйелері және Галилейдің салыстырмалылық принципі.

14. Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары. Лоренц түрлендірулері,олардың салдарлары.

15. Релятивтік динамика. Релятивтік импульс. Релятивтік динамиканың қозғалыс теңдеуі.

16. Энергия үшін релятивтік өрнек. Масса мен энергияның өзара байланыс заңы.

II Статистикалық физика және термодинамика

17.Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері. Термодинамикалық жүйелер,күй параметрлері, процестер.

18. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы (МКТ). Қысым үшін МКТ негізгі теңдеуі. Температураның МКТ тұрғысынан түсіндірілуі.

19. Молекулалардың еркіндік дәрежесі бойынша энергияның біркелкі үлестірілу заңы.Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы. Ішкі энергия.

20. Жылдамдық және энергия бойынша молекулалардың үлестірілуіне арналған Максвелл заңы.

21.Барометрлік формула. Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектердің үлестірілуіне арналған Больцман заңы.

22. Жүйенің ішкі энергиясы, жұмыс және жылу мөлшері.

23.Термодинамиканың бірінші бастамасы және оны идеал газдағы изопроцестерге қолдану. Адиабаттық процесс.

24. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Цикл. Жылулық машиналар. Карно циклі және оның П.Ә.К. – і.

25. Энтропия, оның статистикалық түсіндірмесі және оның термодинамикалық ықтималдылықпен байланысы.

26. Термодинамиканың екінші бастамасы.

27. Термодинамикалық тепе-теңсіз жүйедедегі тасымалдау құбылыстары(Түсінік және жалпы сипаттамасы).

III Электрстатика. Тұрақты ток

28. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Нүктелік және жайылған зарядтардың өзара әрекеттесу күштерін есептеу үшін Кулон заңын қолдану.

29. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Нүктелік зарядтың кернеулігі.

30. Электр диполі. Дипольдің электр моменті. Диполь өрісі.

31.Потенциал. Электр өрісінің зарядтың орын ауыстыруындағы жұмысы. Электр өрісі кернеулігінің циркуляциясы.

32. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.

33.Күш сызықтары және эквипотенциал беттер.

34.Электрстатиканың негізгі есебі. Оны шешу жолдары.

35. Вектор ағыны түсінігі. Гаусстың электрстатикалық теоремасы.

36.Диэлектриктер. Диэлектриктер молекулаларының дипольдік моменттері.Үйектелу.

37. Ортадағы электр өрісі үшін Гаусс теоремасы. Электр ығысуы. Диэлектриктертердегі өрісін есептеу.

38. Өткізгіштегі зарядтың таралуы. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіш. Электрстатикалық қалқан.

39.Оңашаланған өткізгіштің сыйымдылығы. Сфераның сыйымдылығының формуласын қорыту. Конденсаторлар.

40. Электр зарядтары жүйесінің өзараәрекеттесу энергиясы.

41. Зарядталған өткізгіш пен конденсатордың энергиясы.

42. Электр өрісінің энергиясы және энергиясының тығыздығы.

43. Электр тогы. Ток күші және токтың тығыздығы. Тұрақты токтың болу шарттары.

44. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық және интегралдық түрлері.

45. Бөгде күштер. Э.Қ.К. Жалпылама Ом заңы.

46. Токтың жұмысы және қуаты.