Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
332.11 Кб
Скачать

9 Тақырып Меншікті капиталдың есебі.

Мақсаты: Капиталдың құрамын меңгеріп, олардың қозғалысын есепте бейнелеуді үйрену.

  1. Жарғылық капитал туралы түсінік.

  2. Айналымнан алынған капитал

  3. Эмиссиялық табыс.

  4. Бөлінбейтін пайда есебі

1 –СҰРАҚ.

Кәсіпорындардың жарғылық капиталының құралуы олардың, ұйымдастыру құқықтық нысандарына байланысты. Акциянерлік қоғамның капиталы шығарылған акцияларды наминалдық құндары бойынша есептейді және оның мөлшері «Акциянерлік қоғамдары туралы» заңға сәйкес 50000 есе айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс және қоғамның заңды тұлға ретінде тіркелген күнінен бастап 30 күн ішінде толығымен қалыптастырылуы тиіс.

Жарғылық капиталдың есебін жүргізу үшін 5-ші шоттар бөлімі арналған.

Шығарылған капитал қалыптасқан кезде келесідей бухгалтерлік жазба беріледі:

Дт 5020

Кт 5010

Акциялардың құндарын құрылтайшылар төлеген кезде:

Дт 1010, 1020, 1310, 1320,2710, 2711, 2410

Кт 5020

Төленбеген капитал шотында құрылтайшылардың акциялары бойынша акциянерлік қоғамға қарыздары есепке алнады. 5020 шотта қалдық қалатын болса, акциянерлік қоғамның акциясының ақшасын төлемеген деген сөз.

2 –СҰРАҚ.

Акционерлік қоғамда акциянерлер жиналысының шешімі бойынша айналымда жүрген акциялардың санын қысқарту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін қайта сатып алу мүмкін. Бірақ, сатып алынғаннан кейін жарғылық капиталдың мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болмауы керек. Айналымда жүрген акцияларды келесідей мақсаттарда қайта сатып алуға болады:

  1. Айналымда жүрген акциялардың санын азайта отырып бір акцияға келетін пайданы көтеру мақсатында;

  2. айналымда жүрген акцияларды сатып алып, қымбат бағамен сату мақсатында.

Қайта сатып алу кезінде акцияның құны наминалды құнға тең болуы мүмкін. Одан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Қайта сатып алынған акциялардың есебін жүргізу үшін 5210 реттеуші пассивті шот арналған.

3 –СҰРАҚ.

Акционерлік қоғамдарда акциялар өзіндік құны бойынша да немесе өзіндік құннан жоғары баға бойынша да шығарылуы мүмкін.

Акция шығарылған кездегі наминалды құнымен олардың сатылу құндарының арасындағы айырмашылықтан алынатын табыс эмиссиондық табыс деп аталады.

4 –СҰРАҚ.

Бөлінбейтін пайда кәсіпорынның барлық салықтары мен шығындарын төлегеннен кейін қалатын таза пайдасы.

Дивиденттер акциянерлер арасында бөлінуге тиісті таза табыстың бір бөлігі. Дивидент көп жағдай да есепті жылғы бөлінбейтін пайданың есебінен есептелінеді.

Дивидент төлеумен байланысты келесідей даталары маңызды:

  1. дивидендті жариялаған күн

  2. акция иелерін тіркеу датасы

  3. дивидендтерді төлеу датасы

Дивиденттер бойынша міндеттемелер 3030 шотта есепке алынады.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  • Меншікті капитал ұғымы;

  • Жарғылық капиталдың қалыптасу ерекшеліктері;

  • Кері сатып алынған акциялар есебі;

  • Эмиссиялық табысты есепке алу;

  • Бөлінбейтін пайданы анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

2. С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005

3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң»

4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары М. Аскери, 1999ж.