Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

6 Тақырып Материалдық емес активтер есебі

Мақсаты: Материалдық емес активтерді тануды, бағалауды, оларға амортизация есептеуді меңгеру.

  1. Материалды емес активтердің түрлері

  2. Материалдық емес активтердің есепке алу принциптері

  3. Іскерлік репутация (Гудвилл)

  4. Ғылыми зерттеулермен жаңалықтарға арналған шығындар

  5. Бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары

1 . Материалдық емес активтерге физикалық формасы болмайтын, бірақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорынға кіріс әкелетін активтерге. Оларға жататындар:

  • Айырбастауға болатын материалдық емес активтер

  • Айырбасқа жатпайтын материалдық емес активтер

Айырбастауға жататын материалдық емес активтерге келесілер жатады:

    • Патент

    • Өнеркәсіптік дизайндік тіркеу.

    • Авторлық құқық

    • Сауда маркалары

    • Франшиза

Айырбастауға жатпайтын материалдық емес активке: ұйымдастыру шығындары жатады.

2 .Материалдық емес активтерді бағалау.

Материалдық емес активтер оларды сатып алу сәтінде сатып алу құны бойынша бағаланады.Сатып алу құнына активті сатып алуға байланысты жұмсалған ибарлық шығындар қосылады.

Материалдық емес активтерді есепке алған кезде олардың қызмет ету мерзімін дұрыс анықұтап алу керек.

Материалдық емес активтерді есептен шығару.

Материалдық емес активтердің құндары олардың қызмет ету мерзімінің ішінде жүйелі түрде есептен шығарылады. Материалдық емес активтерге амортизация есептеуде жүйелеп қолданылатын әдіс тікелей сызықтық материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарап отыру керек. Бірақ, сатып алу күнінен бастап жиырма жылдан аспауы керек. (авторлық құқықтан басқасы)

Материалдық емес активтерді құнсыздануы

Материалдық емес активтердің есебін жүргізу үшін келесідей шоттар қолданылады. 2730 «Басқа да материалдық емес активтер»

2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы».

3 . Фирмалардың іскерлік репутациясы ең көп таралған және маңызды материалдық емес актив болып саналады.

Гудвилл ыирмаларды сатқан кезде ғана пайда болады. Бұл активтерден алынатын болашақтағы экономикалық пайда. Гудвилл сомасы кәсіпорынды сатып алу құнымен олардың таза активтерінің арасындағы айырмасы ретінде анықталады. Таза активтер (баланс бойынша анықтаймыз)

Таза активтер = активтердің жалпы сомасы – міндеттемелер

4 . Ғылыми зерттеу жұмыстарына және жаңалықтарға (разработка) жұмсалатын шығындар. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша № 38 зереттеулермен дайындамаларға келесідей анықтамалар берілген.

Зерттеулер дегеніміз – жаңадан ғылыми техникалық білімдерді алу мақсатында қабылданған жоспарланған зерттеу жұмыстары. Мұндай зерттеулер белгілі бір мақсаттар бойынша жүргізіледі.

Дайындамалар дегеніміз – жаңадан материалдар приборлар, өнімдер , жүйелер, жасап шығару үшін немесе оларды жетілдіру үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдану.

5.Сатуға немесе жалға беруге арналған компьютерлік қамтамасыз ету бағдарламаларын дамыту ғылыми зеттеу жұмыстарының маңызды бөлігін құрайды. Мұндай шығындарды есепке алған кезде бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін жетілдіру үшін жұмсалған шығындардың қайсысы есептен шығарлатыны, қайсысы капитализацияланатын көңіл аудару керек. Негізгі ерекшеліктері:

  1. компьютерлік бағдарламаларды дайындауға жұмсалған барлық шығындар есептен шығарылады. (сату және жалға беру)

  2. өнімдердің түп нұсқасын жасауға жұсауға арналған шығындар капиталзацияланады.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  • Материалды емес активтердің түрлері

  • МЕА-ді тану, бағалау;

  • Гудвиллді анықтау;

  • Материалды емес активтерге тозу есептеу;

  • Бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

2.Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

3.В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» Алматы, Экономиа 2005;Оқулық

4.В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003