
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары(жалғасы)
- •10. Дәрістік, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •Соөж жүргізу жоспары
- •12. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •13. Курстық жұмыс тақырыптары
- •14. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •16. Студенттің білімін бағалау жүйесі
- •16.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •16.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •16.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •16.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1. Ақша қаражаттарының есебі
- •2. Ақша қаражаттары
- •2 Тақырып Ақшаның уақыттық құн есебі Мақсаты:Ақшаның дисконттық және болашақ құндарын анықтауды меңгеру
- •2. Күрделі пайыз немесе болашақ құн
- •Күрделі пайыз немесе ағымдағы құн
- •Ануитеттер
- •3. Дебиторлық берешектер есебі
- •4 Тақырып Қорлардың және басқа активтердің есебі (тмқ)
- •4 Тақырып Негізгі құралдардың есебі
- •6 Тақырып Материалдық емес активтер есебі
- •7 Тақырып Активтердің құнсыздануының есебі
- •8 Тақырып Ұйымның міндеттемелерінің есебі
- •2 Қаржылық міндеттемелер
- •3 Салық міндеттемелері
- •4. Міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
- •5. Кредиторлық қарыздардың есебі
- •6. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
- •8 Тақырып Түсімдер, табыстар мен шығыстардың есебі
- •9 Тақырып Меншікті капиталдың есебі.
- •10 Тақырып Қаржыесептілігін ұсыну
- •Тақырып: Дебиторлық берешектер есебі
- •1 Есеп тмқ - есебі
- •Тақырып:Міндеттемелер есебі
- •2 Есеп Дивидендтер бойынша есеп айырысу
- •3 Есеп. Салықтар бойынша есеп айырысу
- •4 Есеп Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Тиісті сомаларды анықтап, шоттар корреспонденциясын беріңіз:
- •1 Есеп.
- •Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Оқытушының басқарумен студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •1.2 Курстық жұмыс орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1.Жалпы ережелер
- •Курстық жұмыс құрылымы.
- •Курс жұмысының құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар
- •Титулдық парақ
- •Курс жұмысының жоспары
- •Қорытынды (2-3 бет)
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •А қосымшасы
- •Курстық жұмыс
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы қе 3301 «Қаржылық есеп 1» пәні бойынша
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
8 Тақырып Түсімдер, табыстар мен шығыстардың есебі
Мақсаты: Кәсіпорынның табыстары мен шығыстарын тану, оларды есепте бейнелеу, қаржылық нәтижені анықтау.
1. Табыстар мен шығыстарды тану.
Табыстардың есебі
Шығыстардың есебі
Жабылушы проводкалар
1 –СҰРАҚ.
Табыс – ақша ағымының немесе активтердің өсуінің нәтижесінде экономикалық ресурстардың артуы немесе міндеттеменің кемуі. Мысалы: тауарларды сату, қызмет көрсету немесе пайыз, арендалық төлем, девиденттер түріндегі табыстар.
Шығыстар – тауарларды жеткізу, қызмет көрсету нәтижесінде қарыздардың пайда болуы немесе активтердің азаюы.
Пайда дегеніміз – кәсіпорындардың негізгі және негізгі емес қызметтердің нәтижесіндегі капиталдың өсуі. (акциянерлік капиталға жарна ретінде қосылғандардан басқа)
Зияндар дегеніміз – кәсіпорынға әсер ететін жағдайлар мен мәмілелердің негізінде капиталдың азаюы.
2 –СҰРАҚ.
Тауарларды сатудан түскен табыс № 18 шы халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес келесідей жағдайлар орындалған кезде танылады:
Компания тауарларға иелік етуге қатысты тәуекелдермен сыйақыларды сатып алушыға аударса.
Компания сатылған тауарларды бақыламайтын болса.
Түсім сомасы сенімді бағаланатын болса
Операция мен байланысты экономикалық тиімділіктердің компанияға түсу мүмкіндігі болса.
Есепті күнгі жағдай бойынша операциялардың аяқталу кезеңі анықталатын болса.
Операияларды жүргізуге жұмсалған шығыстар сенімді өлшенетін болса.
Түсіммен байланысты мәмілелердің төрт түрі осы шарттарға байланысты танылады:
тауарларды сатудан түскен түсім сатып алушыларға тауарды жеткізуді білдіретін тауарларды сату кезінде танылады.
қызмет көрсетуден алынатын түсім қызметтер көрсетіліп, шот жазылған кезде.
пайыз, авторлық гонорар түріндегі компанияның активтерін пайдалану құқығын басқаларға беруден алынатын түсім уақыттың өтуі бойынша немесе активті қолдану бойынша. Мұндай табыстар алынған кезде алдағы кезең табыстары ретінде танылады және уақыт өткен сайын тиісті есепті кезеңнің табыстарына жатқызлады.
қорлар болып табылмайтын активтерді сатудан түскен түсім сату сәтінде танылады. (шикізат, материал, негізгі құралдар, басқа да материалдар).
3 –СҰРАҚ.
Шығыстар активтердің жұмсалуы немесе қысқаруы нәтижесіндегі экономикалық ресурстардың азаюы немесе табыс табуға байланысты кәсіпорынның қызмет нәтижесіндегі міндеттемелердің пайда болуы. Есептеу принципіне сәйкес есепті кезеңнің табыстары танылғаннан кейін сәйкестік принципіне сай осы кезеңге қатысты шығыстар өлшеніп танылады. Бұл табыстағы тану процесіндегі екінші кезең.
Шығыстарды келесідей түрлерге жіктеуге болады:
Тікелей шығыстар – сатып өткізілген тауардың өзіндік құндары. Мұндай шығындар табыстарды таныған сәтте, яғни операциялар орындалған кезде танылады.
Кезең шығыстары - өнімдерді сатып өткізумен байланысты шығындар, әкімшілік шығындары, сыйақылар бойынша шығындар жатады. Бұл шығыстар шоттар тізбегінің 7110 «Өнімдерді сату бойынша өткізу», 7210 «Әкімшілік шығындар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстарында» шоттарында жүзеге асырлады. Бұл шығындар олар пайда болған кезде танылады.
Үстеме шығыстар – орындалған сәтінде белгілі бір өнім түріне тікелей апаруға мүмкіндік болмайтын шығыстар, мысалы, амортизация, страховка тағы басқалар жатқызлады.
4 –СҰРАҚ
Шоттарды жабу дегеніміз – проводкаларды құрастыру жолымен уақытша шоттардағы қалдықты басқа шотқа көшіру. Барлық «Табыстар мен шығыстарды жинақтау» үшін 5410- есепті жылдың пайдасы қолданылады. Шығыстар бізде активті болып келеді. Есепті кезеңнің соңында табыстар мен шығыстар шоты жабылады, яғни олардың қалдықтары есепті жылдың пайдасына көшірледі.
Анықталған қаржылық нәтиже бөлінбейтін пайда ретінде балансқа көшірледі. Осылайша бөлінбейтін пайда меншікті капиталдың сомасын өсіреді. Егер де жылдық пайда шотының қалдығы дебеттік болса, онда кәсіпорынның зиян алғанын білдіреді. Бұл сомада баланста көрініс табады. Зиян баланста жақша ішінде көрсетіледі.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
Табыстардың түрлері, оларды тану;
Шығыстардың түрлері, оларды тану;
Жабылушы өткізбелер;
Қорытынды нәтижені анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.
2. С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005
3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң»
4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары М. Аскери, 1999ж.