Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
332.11 Кб
Скачать

4 Тақырып Негізгі құралдардың есебі

Мақсаты:Негізгі құралдарды анықтап, бағалауды, олардың қозғалысын есепке алуды, құжаттауды, амортизация есептеу мен кейінгі бағалауды меңгеру.

  1. Негізгі құралдардың түсінігі

  2. Негізгі құралдарды тану және бастапқы бағалау

  3. Негізгі құралдардың кіріс етілуі.

  4. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау

  5. Негізгі құралдардың шығыс етілуі

  6. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері

  7. Негізгі құралдар жөніндегі ақпараттарды ашып көрсету.

1 .Негізгі құралдар бұл –

  1. компаниялар тауар өндіру немесе жеткізу және қызмет көрсету үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін

  2. бір жылдан астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын материалдық активтер

Баланстық құн - Негізгі құралдардың өзіндік құндардан жинақталған тозуды немесе құндардың төмендеуінен алынған жинақталған зияндарды алып тастағаннан анықталатын және бухгалтерлік баланста көрініс табатын сомалар.

Өзіндік құн – активтерді сатып алған кезде немесе оларды салған кезде төленген ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері.

Шығарылу құны – активтерді есептен шығару мен тікелей байланысты, қаржыландыруға кеткен шығындарды қоспағандағы қосымша шығыстар.

Тозу құны – жою құнын алып тастағанда қалатын активтердің өзіндік құны немесе өзіндік құнды ауыстыратын басқа сома.

Тозу – активтердің экономикалық қызмет ету мерзімінің ішіндегі тозу құнын жүйелі түрде бөліп тарату.

Айырбас – кәсіпорындар арсында жүргізлетін басқа активтерді немесе қызметтерді беру арқылы активтерге ие болу немесе міндеттемелерді.

Әділетті құн – осындай мәмілені жүзеге асыруға ықыласты және бірін бірі жақсы білетін тәуелсіз жақты арасындағы жүргізілген операцияларды кезде активті айырбастауға болатын сома.

Құнның төмендеуінен алынған зиян – активтің баланстық құнның оның орны толтырлатын сомасынан асып кетуі.

Орны толытрлатын сома – Активті таза сату құнымен оны қолданудың үлкені.

Таза сатып өткізу құны – тәуелсіз жақтар арасындағы мәміледен алынатын активті шығару бойынша шығындарды есептен алып тастағандағы актвиті сатып өткізуден алынатын сома.

Жою құны – активтің пайдалы қызмет мерзімі біткен кездегі шығару бойынша орын алатын шығындарды алып тастағандағы қалатын сома.

Пайдалы қызмет ету мерзімі – активті пайдалану күтіліп оытрған кезең.

2.Негізгі құралдар актив ретінде танылу үшін келесідей екі шарт оырндалуы керек:

  1. кәсіпорын болашақта активпен байланысты экономикалық пайда алуны мүмкіндігі болуы керек.

  2. активтердің өзіндік құндары сенімді бағалану керек.

3 .Негізгі құралдар келесідей әдістер бойынша сатып алынуы мүмкін:

  1. ақша қаражаттарына сатып алу

  2. несиеге сатып алу

  3. ақшалай емес операциялар арқылы айырбастау

  4. тегін келуі немесе басқа субъектілерден сый ретінде алынуы мүмкін

  5. негізгі құралдарды салу арқылы

Шоттардың жұмыс жоспарында негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін 2410 «негізгі құралдар активті шот арналған». Негізгі құралдардың түрлері бойынша 2410 шотқа қосымша шоттар ашылуы мүмкін.Мысалы:

2411 «Жер, ғимарат»

2412 «Машиналар»

Бұл шот құрылымы жағынан активті, негізгі құралдардың келіп түсуі. Дебетінде, ал шығыс етілуі кредитінде көрініс табады.

Негізгі құралдар бойынша келесідей проводкалар беріледі:

  1. негізгі құралдарды ақшаға сатып алған кезде

Дт 2410

Кт 1010, 1040, 1050

  1. негізгі құралдарды несиеге сатып алу

Дт 2410

Кт 3310

Ал егерде негізгі құралдарды сатып алуға банктен несие алынатын болса, онда төленген пайыздық сыйақылар негізгі құралдардың құнына қосылмайды бұл шығындар кезең шығындарына жатқызамыз.

Кіріске алынған әрбір негізгі құрал объектісі кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссияның тексерілуі мен, қабылдау актісін толтыру арқылы кіріске алынады.

4.Негізгі құралдар бастапқы бағалаудан кейін әр түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы, Үкімет тағайындаған коэффциенттерді пайдалана отырып қайта бағалау немесе негізгі құралдардың молальдық тозуға ұшырауын болдырмау үшін оларды модернизациялау немесе реконструкциялау деп аталады.

Негізгі құралдарды модернизациялау келесідей мысалмен көрініс табады:

  1. Қуаттылығын жоғарылатумен қоса оның пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартатын негізгі құралдар түрін түрлендіру.

  2. Шығарылатын өнімнің сапасын едәуір жақсартуға қол жеткізу үшін машинаның бөлшектері мен торабтарын жетілдіру.

  3. Бұрын есептелген өндірістік шығындарды едәуір азайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік процестерді ендіру болып табылады.

5 . Негізгі құралдар келесідей әдістер бойынша еесптен шығарылады:

  1. Жойылу нәтижесінде

  2. сатып өткізілу нәтижесінде

  3. айырбас нәтижесінде

Негізгі құралдарды есептен шығарылған кезде оның баланстық құны және осы кезге дейін жинақталған тозу құндары есептен шығарылады.

Негізгі құралдар есептен шығарылған кезде 7410 «Активтерді ессптен шығару бойынша шығыстар» шоты дебеттеледі және олардың жинақталған тозу құны 2420 шоты дебеттеледі.

Негізгі құралдарды сатып өткізген кезде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін:

  1. негізгі құралдар баланстық құны бойынша сатылса

  2. негізгі құралдар баланстық құннан төмен бағамен сатылған кезде

  3. негізгі құралдар баланстық құннан артық бағаға сатылса. Онда пайданы танимыз.

6 .Тозу есептеу әдістері :

  1. Тозу есептеудің тікелей әдісі

  2. Тозу есептеудің кумулятивті немесе сандардың қосындысы әдісі

  3. Азаюшы қалдықтар әдісі

  4. Өндірістік әдіс

Жылдық тозу сомасы келесідей формула арқылы анықталады:

Жылдық тозу сомасы = (Өзіндік құн – жойылу құны) / пайдалы қызмет ету мерзіміне

Айлық тозу сомасы = Жылдық тозу сомасы / 12

Сандардың қосындысы әдісін (кумулятивті әдісі) қолданған кезде жылдардың сандарының қосындысы яғни кумулятивті сан анықталады.

5жыл = 1+2+3+4+5 = 15

S=N x (N+1) \ 2

N – жылдар саны

S – кумулятивті сан

Бұл әдіс бойынша әр жылға коэф.т анықталады, яғни коэф.т бөлшек түрінде анықталады. Осы коэф.ді пайдаланып әр жылдың тозу сомасын табу үшін коэф.ді тозатын құнға көбейіп отырамыз.

Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл, өзіндік құны 10000, жою құны 1000. Осы станоктың 5жыл бойына тозу құнын анықтаймыз.

Жылдар

Өзіндік құны

Жылдың тозу сомасы

Айдың тозу сомасы

Жинақ тозу құны

Баланстық құн

1 – Жыл

2 – Жыл

3 – Жыл

4 – Жыл

5 – Жыл

10000

10000

10000

10000

10000

3000

2400

1800

1200

6000

250

200

150

100

50

3000

5400

7200

8400

8900

7000

4600

2800

1600

1000

Азаюшы қалдықтар әдісінде – тікелей әдісте қолданылатын тозу нормасының екі еселенген мөлшері қолданылады және бұл әдісте жою құны соңғы жылы ғана ескерледі. Жылдың тозу сомасын анықтау үшін белгіленген ставка бірінші жылы өзіндік құнғы соңғы жылдары баланстық құнға көбейіп анықталады. Мысалы, жүк автокөлігі пайдалану мерзімі 5жыл өзіндік құны 10000, жою құны 1000тг.

Жылдар

Өзіндік құны

Жылдың тозу сомасы

Айдың тозу сомасы

Жинақ тозу құны

Баланстық құн

1 – Жыл

2 – Жыл

3 – Жыл

4 – Жыл

5 – Жыл

10000

10000

10000

10000

10000

4000

2400

1440

864

296

333

200

120

72

25

4000

6400

7840

8700

9000

6000

3600

2160

1296

1000

Өндірістік әдіс - бұл әдіс активті нақты қолдануға негізделген әдіс. Тозу өндірілген өнімдердің санына байланысты анықталады. Тозуды есептеу үшін өндірілген өнімдердің санын және бір өнім бірлігіне кететін тозу құнын анықтап алу керек. Бір өнім бірлігіне кететін тозу құнын анықтау үшін тозатын құнды бөлеміз. Техникалық құжаттарда анықталған қызмет ету мерзімінде күтіліп отырған өнімдердің жалпы санына. Мысалы, жоғары да аталған жүк машинасы 10000, жою құны 1000, 90000 км жол жүруге арналған.

Бұл машина 1-ші жылы 20000, 2-ші жылы 30000, 3-ші жылы 10000, 4-ші жылы 20000, 5 -ші жылы 10000 км жол жүрді. Осы автокөліктің тозу құнын 5 жылға таратып бөліңіз.

Жылдар

Өзіндік құны

Жылдың тозу сомасы

Айдың тозу сомасы

Жинақ тозу құны

Баланстық құн

1 – Жыл

2 – Жыл

3 – Жыл

4 – Жыл

5 – Жыл

10000

10000

10000

10000

10000

2000

3000

1000

2000

1000

167

250

8,3

167

8,3

2000

5000

6000

8000

9000

8000

5000

4000

2000

1000

1 км-ге келетін тозу құны = (10000 – 1000)| 90000 = 0,1 тг

Егер де актив айдың 15 жұлдызында дейін сатып алынатын болса, онда сол айдың 1- ші жұлдызынан болса, тозу есептеледі. Ал егер де актви ағымдағы айдың 15 жұлдызынан кейін сатып алынса, онда тозу ағымдағы айдан кейінгі айдың 1 –ші жұлдызынан есептеледі.

Амортизация есептеу үшін шоттардың жұмыс жоспарында 2420 шот арналған.

7 . Негізгі құралдарға қатысты келесідей мәліметтер ашылып көрсетілуі қажет:

  1. Өзіндік құнды бағалау әдістері

  2. Тозу есептеуде қолданылатын әдістер

  3. Қолданып жүрген пайдалы қызмет ету мерзімдері және тозу ставкалар

  4. Жалпы баланстық құн және кезеңнің басымен аяғындағы есептелген тозу

  5. Төмендегілерді көрсете отырып, кезеңнің басы мен аяғындағы баланстық құндарын салыстыру.

    1. Түсуі

    2. Шығыс етілуі

    3. Кәсіпорындарды біріктіру арқылы ие болғандары

    4. Қайта бағалау нәтижесінде пайда болған құндардың артуы немесе азаюы

    5. Тозу

    6. Тағы басқалар

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  • Негізгі құралдардың құндарына анықтама беру;

  • Негізгі құралдарды кіріске алу есебі;

  • Негізгі құралдарды есептен шығару есебі;

  • Негізгі құралдарға тозу есептеу;

  • Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау;

  • Негізгі құралдарды қайта бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

2.Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

3.В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» Алматы, Экономиа 2005;Оқулық

4.В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003